СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жануарлар дүниесін қорғау

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жануарлар дүниесін қорғау" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды жер бетінен жоғалып бара жатқан жан-жануарларды қорғау, оларды  қамқорлыққа алу.

Просмотр содержимого документа
«Жануарлар дүниесін қорғау»

5. Жануарлар дүниесін қорғау

(Тәрбие сағаты)

Мақсаты: Жер бетінде жойылып бара жатқан жануарлар әлемі туралы түсінік беру.Адам өміріндегі табиғаттың маңызы, ондағы байлық жан – жануарларды қадірлеп – қастерлеп қорғауға және кейінгі ұрпаққа ата – бабамыздың ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін кетірмей қорғағанын ұқтыру және өз үлесін қосуына ықпал ету.

Сахнаның безендірілуі: «Қызыл кітапқа» енген жан – жануарлардың суреттері, тыйым сөздер.

І жүргізуші: Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін өте көп нәрселерінен байқауға болады.Табиғатқа адам әрекетінің әсері ерекше. Адам табиғатта шаруашылықтың қай түрімен айналысса да өсімдіктер мен жануарларға әсер етпей қоймайды.

ІІ жүргізуші: Жол салу, үй тұрғызу, мұнай – газ құбырларын салғанда да жерді қазып, ормандарды кеседі. Мұндай жағдайда өсімдіктер ғана емес, аң, құс, жәндіктер де өз тіршілік ортасынан ажырайды.

І жүргізуші: Бүгінгі күні жануарлардың белгілі бір түрлерін заңсыз атудың, аулаудың салдарынан құрып кету қаупі туындап отыр. Мысалы, қазақ жерінде ерте заманда жосып жүретін жабайы түйелер, құлан, тарпаң, ну қамыстарда мекен ететін жолбарыстардан қазір тұқым да қалмаған.

ІІ жүргіуші: Даламызда, тауларымызда топ – тобымен, үйірімен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, орман сусары, ақ тырна, құндыз, дуадақ, т.б. жануарларды оңайлықпен іздеп табу қиынға соғады.

Оқушылар:

Жылан

Соншалықты алаңдар

Болмаса да зор тіпті

Ерте кезде адамдар

Жыландардан қорқыпты.

Аса қымбат ол дейтін

Уымен – ақ шамалы.

Көп кеселді емдейтін

Дәрі алынар бағалы.

Қоян

Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Сауысқаннан сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға,

«Қорқағым» деп ат қоям.

Өсімдіктер әлемі

Жануарлар әлемі


І жүргізуші: Табиғат – адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген ортасы және мәңгілік мекені. Еліміздің табиғат байлығын өз қалпында сақтау, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балық уылдырық шашатын өзен – көлдерді қорғау-бүкілхалықтық іс.

Жұмбақ әжей: Менің кішкентай достарым, құрметті оқушылар,кім тапқыр, кімнің ойы жүйрік, қиялымызды ұштап жұмбақтар сайысын бастаймыз. Шешуін жылдам тапқан қатысушыларға сыйлығым бар.

Жұмбақтар шешу

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан

Үп - үлкен боп жасқанар

Кіп-кішкентай арадан (...)


Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат,

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді? (...)


Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар? (...)


Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар.

Бір шыбыртқысы бар. (...)

(Жұмбақ әжей жеңімпаздарға «Қызыл кітап» сыйға тартты).


ІІ жүргізуші: Табиғатты қорғау мақсатында құрылған Алматы, Ақсу – Жабағылы, Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, т.б. мемлекеттік қорықтары бар.

Туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы.

І жүргізуші: Сондықтан оны аялап қорғауға, оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу, бәріміздің азаматтық борышымыз.

1996 жыл Қазақстанда жойылып кету қаупіндегі жануарлар тіркелген «Қызыл кітап» шықты.

ІІ жүргізуші: «Жер Ананың, өсімдігі – гүлі бар.

Құмырсқасы, арыстаны, пілі бар.

Бәрі – бәрі өз алдына бір әлем,

Әр әлемнің патшалығы, тілі бар.

Соларды біліп ұғып ал!»

1 оқушы: Екінің бірі қолына мылтық алып, құстар мен аңдардың көптеген түрін құртып, өзен-көлді, тау-тасты меңіреу далаға айналдырды. Бір кезде Қазақстан даласында қойша өріп жүрген арқар, киік, таутеке, қарақұйрық, құлан, қабандар бүгінде «Қызыл кітапқа» тіркелген аңдар қатарына ілікті. Оның кейбіреуін тек хайуанаттар бағынан көруге болады.

2 оқушы: Апаттың үлкені адамдар бойындағы эгоистік көзқарастан туындап отыр. «Өз жеріме өзім қожамын. Не істесем де өз еркім: өзен, көлін суалтам ба, даласын жыртып, ақ татыр шөлге айналдырам ба, әлде орман, тоғайын құртам ба, тіпті өртеп жіберем бе - ешкім қолымды қақпайды. Әлем кеңістігін еркін билеймін, табиғатты табындырамын» деген менмен саясат тіршіліктің тынысын тарылтып бітті.

3 оқушы: Адам үшін тыныс алуға таза ауа, ішуге мөлдір су тіпті өмір сүру үшін бүкіл Табиғат қажет . Табиғат – әрқашан да адамнан күшті және солай бола бермек те , өйткені адам – оның бір ғана сәті, шынашақтай бөлшегі. Табиғат – мәңгілік және шексіз. Табиғатпен ойнауға болмайды. Жер –ананы, табиғатты өз анасындай құрметтей білген адам өз өмірінің мәнін түсіне алады.


Көрініс: «Орман патшасы»

Қатысушылар:

Аю

Қоян

Арыстан

Түлкі

Қасқыр

Борсық


СОҢЫ

( Сахна сыртындағы гүрс етіп атылған мылтық дауысы, шошыған құс, үріккен аңдардың дауыстары естіледі. Сахна ашылады жан – жануарлардың рөлдерін сомдаған оқушылар жылдамдатып қолдан жасалған аңдардың бейнелерін «Қызыл кітапқа» жапсырады).

(Сахна жабылады)