СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жапсырма пәнінен конспект. Тақырыбы:"Ұзын құлақ сұр қоян"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортаңғы топқа арналған  жапсыру пәнінен конспект.

Просмотр содержимого документа
«Жапсырма пәнінен конспект. Тақырыбы:"Ұзын құлақ сұр қоян"»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсырма

Өтпелі тақырып: Мен және қоршаған орта

Тақырыбы: «Ұзын құлақ,сұр қоян»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен - кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру.

3.Оқыту: Берілген қоян суретін жапсыра білуге үйрету

Педагогикалық технологиялар: көрсету,түсіндіру,ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:желім, қағаз

Билингвальды компонент: қоян-заяц,ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый  Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Жұмбақ

Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?
ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

 Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Қоянның суреті.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл қоянның суреті екен.
- Қоян нені жақсы көреді?
- Ал енді қоян неше бөліктен тұрады, соны санап жіберейік
- Қоян неше бөлік екен?
- Басы қандай балалар?
- Басында несі бар?
- Ал енді денесіне қараңдаршы, денесі қандай пішінде?
- Денесінде несі бар?
- Балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер, біз бұл қоянды бұрыннан білеміз, қояндар орманда болады, ал үйде де асырауға болады екен.
Қоян өте сақ, елеңдеп жан - жағындағы дыбыстарды тыңдап, және өзі өте қорқақ, үркіп отырады екен.
- Сендер осы қоян туралы өлең білесіңдер ма?

Үркек қоян, сақ қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

- Жарайсыңдар балалар, енді біз осы өлеңдегі қоянды жапсырамыз.

2.Үлгі көрсету

Қоянды жапсыруға ынталарын білдіреді.

Үлестірмелі материалдарды қарайды.

Балалар берілген түсінік бойынша үлестірмелі материалдағы жұмыстың орындалу барысын қарай отырып, жапсыру жұмысын жасау.

3.Сергіту сәті

Қояным,қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Орныңда секірші!

Секір,секір,секір.

4.Жұмыс барысы

Берілген тапсырманыз бастаймыз. Түсіндіріп өткендей асықпай, ұқыпты, таза жұмыс жасаймыз.

5.Ойын: ««Сәбізді тап»

Үстел үстіндегі көкөністердің ішінен сәбізді тауып алу қажет.Тапқан сәбізді қоянның алдына қою керек. 

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балаларға сұрақтар қою.

Көрме ұйымдастырады.

Балаларды мақтап-мадақтау.