СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жапсыру. "Қара торғайдың ұясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортаңғы топқа арналған жапсыру пәнінен конспект.  Тақырыбы:Қара торғайдың ұясы.

Просмотр содержимого документа
«Жапсыру. "Қара торғайдың ұясы"»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсырма

Өтпелі тақырып: Қыстайтын құстар

Тақырыбы: Қара торғайдың ұясы.

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Құстарды аялау және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлышық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

3.Оқыту: Балаларды құс түрлерімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, төртбұрыш) «Қараторғайдың ұясын» құрастыруды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әнгімелесу,үлгі көрсету, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері,үлестірмелі материалдар, түрлі пішіндер, ойыншық қараторғай

Билингвальді компанент: қараторғайдың ұясы-скворечник

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

-Балалар ,біреу терезені тықыл-

датқан сияқты.

-Терезені ашқанда , екі қартор-ғай ұшып кіреді.(қараторғай мултьфильмінен үзінді көрсе-тіп,дыбыс жазылған )

Қараторғайлар:

-Сәлеметсіздер ме, балалар !Сендерді көргеніме қуаныштымын.Қазір күн суытып келеді,

менің балапандарым көбейіп, ұясына сыймай жатыр,сендер маған ұя жасап беруге көмек-

тесесіңдер ме,сендерден көмек күтемін.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

- Құстарымыз қайда ұшып кетеді?

-Жарайсыңдар балалар! Қараторғайымыз суық жаққа ұшып кетпес үшін , біз бүгін қараторғайға ұя жасап берейік.

Торғай,торғай, торғайсың

Таяу келіп, қонғайсың

Жем шашайын келе гой

Енді суыққа тоңбайсың.

Қараторғайлар: .Біз сендер көрсін деп достарымыздың суреттерін алып келдік.

Көрнекілікпен жұмыс: «Құстар»

Балалар құстардың түрлерімен танысайық:қараторғайлар, торғай, қарға

көгершін,қарлығаш.

Олай болса ,балалар қараторғайларға ұя жасап берсек қайтеді?

2.Үлгі көрсету

Қайшымен,желіммен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы айту.

-Мынау қараторғайдың үйі.

Ортасындағы дөңгелек - ұяға кіретін есігі болады, ұяның үстінде шатыры бар.Балаларға геометрия-лық пішіндерді көрсетіп, таныстыру.

3.Сергіту сәті:

Құс ұясын жасадым,

Талға апарып байладым,

Жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын.

Сол ұяны талғады.

Қараторғай мекендеп.

Күні бойы сайрады,

Жайлы пәтер екен деп.

4.Жұмыс барысы

Қараторғайдың ұясын жапсыру жолдары:

Кеңістікті бағдарлап, көз мөл шермен белгілеу. Жоғарыдан төмен және оңнан солға қарай пішіндерді желімдеп орналастыру, Ортасына дөңгелек пішінді жапсырамыз, 

-Бұл ұяға кіретін есік болады.Үстіне үшбұрыш пішінін жапсырамыз.

-Бұл ұяға кіретін есік болады.

Үстіне үшбұрыш пішінін жап

сырамыз.

-Бұл қараторғайдың ұясының шатыры болады.

-міне қараторғайдың ұясы дайын болды. -(балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. )

-Қараторғайлар қуанып, әрі-бері ұшады, балалардың жасаған ұясына рақметін айтады.

-Мұнда балапандарға да орын бар.

-Бізге қамқорлық жасағандарың үшін сендерге көп рақмет

5.Дидактиклық ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Қарға қарқылдайды?

Торғай шырылдайды.

Көгершіш гуілдейді.

Қарлығаш шықылықтайды.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

-Балалар сендерге рақмет, бізге жасап берген ұяларыңды хатпен салып жіберіңдер!

-Балалар , жасаған ұямызды қаратороғайларға сыйлаймыз ба?