СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жапсыру пәнінен техкарта. Тақырыбы: "Көңілді поезд" (ұжымдық жапсыру)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек тобына арналған жапсыру пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметі.

Просмотр содержимого документа
«Жапсыру пәнінен техкарта. Тақырыбы: "Көңілді поезд" (ұжымдық жапсыру)»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 31.01.2018

Тәрбиеші: Ержанова А.Ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсыру

Өтпелі тақырып: «Көліктер»

Тақырыбы: Көңілді пойыз (ұжымдық жапсыру).

Мақсаттары: Тәрбиелік: Қоғамдық көліктерде өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қол шеберліктерін дамыту.

Оқытушылық: Коллаж, жапсыру, бүктеу өнері жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жапсыру түрлерімен таныстыру. Түрлі-түсті қағаздардан геометриялық пішіндерді (төртбұрыш, шаршы, дөңгелек) қиып, қағаз бетіне ұқыптап жапсырып, дұрыс орналастыруға үйрету.

Педегогикалық технологиялар: ТРИЗ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түрлі-түсті екі пішіндегі (үлкен, кіші) төртбұрыш қағаздар, ұзын, үлкен форматты қағаз ( обой), қайшы, желім, қылқалам, фломастер ( түрлі-тұсті қарындаш).

Көптілділік: поезд- поезд- a train, көлік- транспорт- transport

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

Педагог балаларға өткен сабақтың көрнекілігін көрсетіп, қандай өнер түрімен жұмыс жасағандары жайлы сұрап, білімдерін бекітіп өтеді.

-Коллаж, оригами, жапсыру өнерімен танысқандарын айтады.

2.Негізгі бөлім: Осы өнерлердің ішінде жапсырудың үш түрі болатыны (заттық, мазмұнды, сәндік) және бүгін заттық жапсырумен танысып, «Көңілді пойыз» жапсыратындықтан айтады. Балаларға пойыздың қандай болатынын естеріне түсірулерін сұрайды. Соңынан тақтаға сурет іліп және ойыншық пойызды көрсетіп, олардың құрылысын, пішінін, өзара сәйкестігін, жүретін жолын анықтайды (төртбұрыш, шаршы, дөңгелек)

Сұрақ-жауап:

- Сендер көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

- Пойыз түрлерін атаңдар? - Жолаушылар мен жүк тасымалдаушы пойыздардың айырмашалығы неде?

- Суретіне қарап әңгіме жүргізген жөн.


Әліппе – дәптеріндегі үлгіге қарап, жұмыс барысымен танысады.

Сергіту сәті.

Жұмыс барысы:

-үлкен көлемді қағазды екіге бүктеу арқылы төртбұрыш қиып алу (вагон);

-кіші көлемді қағазды екіге бүктеп екі шаршыны қию (терезе);

-дайын шаршылардың бұрыштарын қиып, дөңгелектер қию (дөңгелектері);

-ұзынша қағаздан жіңішкелеп жолақтар қиып алу (жол);

-ыдыстағы желімге қылқаламды батырып, керекті қағаздың екінші жағына арнайы қағаздың үстіне жатқызып жағады.

Көптілділік: поезд- поезд- a train, көлік- транспорт- transport

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Балалар төрт топқа бөлініп бірінші топ вагондарды, екінші топ терезелерін, үшінші топ дөңгелектерін, төртінші топ жолдарын қияды.

Жапсыру мазмұнын қосымша бөліктермен толықтырады.

3.Қорытынды бөлім:

Сабақ соңында, балалар өздерінің жұмыстары жайлы әңгіме құрастырып, «Көңілді пойыз» тіркемесін құрап, топқа іліп қояды.

Дидактикалық ойын. «Вагондарға дөңгелек таңдау»