Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Шығармашылық»Тәрбиеші:
Кіші сала: Жапсыру.
Тақырыбы: «Жапырақтар түсіп жатыр»
Мақсаты: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерді жапсыру. Қылқаламға желімді ұқыпты жағып алып, кленканын үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамыту.
Билингвалдық компонент:Ағаш-дерево,Жапырақ-листь
Сөздік жұмыс:Ағаш,жапырақтар
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар жылдың қандай мезгілі? Мынау не?(жапырақтарды көрсету) | Балалар бір-біріне жапырақтарды сыйлайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалардың назарын тақтаға аудару. Балалар мынау қандай жыл мезгілі? Күзде қандай өзгерістер болады? Ауа райы, табиғаты қандай? Ендеше біз қазір дайын ағашқа жапырақтарды түсіп жатқанын жабыстырамыз. Өзім жабыстыру жолын, қалай желімді пайдалануды көрсетемін Сергіту сәтін орындату. | -Күз. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Күн жазға қарағанда салқындау болады. Жапырақтарды жапсыруға тырысады. Сергіту сәтін орындайды. Бала, бала, балақан Кәне қайсы алақан Саусақтарын әйбат Былай,былай ойнат |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалардың жұмысын көрсетіп мадақтаймын. | Жапсырған жұмыстары өте ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Түстерді ажыратуды ұғынады
Күзде болатын өзгерістерді түсінеді
Желімді дұрыс пайдалануды қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні:26.12.2016 жТәрбиеші:Асылбекова Ж.Ж.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Шығармашылық», Жапсыру
Тақырыбы: «Шырша шамдары»
Мақсаты: Дайын шыршаға үлкен, кішкентай геометриялық пішіндерді жапсыру, түстерді бекіту.
Билингвалдық компонент: шамдары
Сөздік жұмыс: Шырша-ёлка,шамдары-огонки.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Қонаққа қуыршақ келеді,амандасады. Қуыршаққа шыршадағы шамдарын жасап ұсынайық. | Балалар амандасады,шамдарды жапсыруға келіседі. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Жаңа жылда біз шыршаны әр түрлі-түсті ойыншықтарымен безендіреміз. Ендеше біз қазір әр түрлі-түсті жарқыраған оттардың бейнесін орналастырып, желімді алып геометриялық пішіндерді жапсыруға үйренеміз. Тәрбиешінің жұмыс ретін түсіндіруі - көрсетуі. Балалардың жеке жұмыстары. Сергіту сәтін орындату. Енді шыршаға жапсырамыз. Жеке көмек көрсету. | Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Әр түрлі-түсті геометриялық пішіндерді алып шыршаға орналастырады. Тәрбиешінің жұмыс ретін түсініп - қарайды. Балалар жеке жұмыстар жасайды. Сергіту сәтін орындайды. Бас бармақ-әкем Балан үйрек- шешем Ортан терек- ағам Шылдыр шүмек-әпкем Кішкентай бөбек-мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Әр түрлі-түсті геометриялық пішіндерді алып шыршаға жапсырады. Қиналған балалар көмек сұрайды. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.Балаларды мақтап – мадақтау. | Жасалған жұмыстарын талдап,тамашалайды. Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Шырша қандай ағаш екенін ұғынады
Жаңа жыл туралы түсінеді
Ұқыпты, таза жапсыруды қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні:23.12.2017 жТәрбиеші:Асылбекова Ж.Ж.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Шығармашылық», Жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Үлкендер әзірлеген ірі және ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып,содан соң оларды
желімдеу), желімдеуге көмектесу.
Сөздік жұмыс: мүсіндер
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызыметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыста далада не болады? | -Қыс. -Қар болады |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Біз далаға шыққанда қардан қандай мүсіндер жасаймыз? балалар біз қардан аққала жасаймыз, сондықтан біз бүгін аққала жапсырып үйренеміз. Билингвалдық компонент: аққала-снеговик, қар-снег Аққаланың пішіндері қандай? Аққаланың түсі қандай? Мұрнының түсі қандай? Тәрбиешінің жұмыс ретін түсіндіруі - көрсетуі. Балаларға дайын үш түрлі дөңгелектен аққаланы жапсырып көрсетемін. Балалардың жеке жұмыстары Сергіту сәтін орындату. Қиналған балаларға көмек ұсыну. Ұқыпты, таза жапсыруын қадағалау. | Балалар қардан жасалатын мүсіндерді атайды. -Аққала жасаймыз. Балалар сөздердің аудармаларын қайталайды Дөңгелек., сопақша, тіктөртбұрыш Ақ. Қына сары. Үш түрлі дөңгелектер. Тәрбиешінің жұмыс ретін түсініп - қарайды. Балалар жеке жұмыстар жасайды Сергіту сәтін орындайды. Ал балалар, тұрайық Алақанды ұрайық, Жоғары-төмен қарайық Оңды,солды бақылап, Бір отырып, бір тұрып Тынығып біз алайық. Қиналған балаларға көмек ұсыну. Ұқыпты, таза жапсыруға тырысады. |
Рефлексивті-коррекциялау | Жасаған жұмыстарын көрсетіп, мақтап-мадақтау. | Жасаған аққалаларын көреді. Жасаған аққаларын суреттер көрмесіне апарып іледі |
Күтілетін нәтиже:
Аққаланы жасалу жолдарын ұғынады
Алдымен қағаз бетіне құрастырып,содан соң оларды желімдеуді түсінеді
Үлкендер әзірлеген ірі және ұсақ элементтерді орналастыруды қолданады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
технологическая карта организованнойучебной деятельности айы: ақпан
күні:20.02.2017 ж
ІІ кіші топ «Көбелек» Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
Білім саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: Жапсыру
Тақырыбы: «Бет орамалды әшекейлейміз»
Мақсаты: Ұлттық оюларды бұрыштарына орналастырып жапсыру
Билингвалдық компонент: Бет орамал-полотенце.
Сөздік жұмыс: Оюлар.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызыметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Қонаққа қоян келіп,көжектің туған күні деп хабарлайды. Қоян көжекке бет орамалды әшекейлеуге көмектесуін сұрайды. | Сәлеметсіз бе? Балалар келіседі. |
Ұйымдасты-рушылық ізденіс | Балаларды үстел басына отырғызып, Үлгіге назар аударамын. .Балаларға үстел үстінде қандай пішіндер бар екенін сұраймын. Дайын пішіндерді дұрыстап орналастырады. Пішіндерді үлгіге қарап жапсырады. Билингвалдық компонент: Бет орамал-полотенце. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі. Кіп-кікентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі. Аяқтаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. | .Балалар тәрбиеші апайды мұқият тыңдап, үстел үстінде оюларды көріп атап береді. Орамал бетіне пішіндерді ретімен орналастырып,жапсырады. Балалар қимыл қозғалыспен қозғала жасайды. |
Рефлексивті-коррекциялау | Қонаққа кім келді? Қоян бізден қандай көмек сұрады? Балалардың суреттерін ілі, мақтап-мадақтау. | Қонаққа қоян келді. Орамал әшекейлеп беруді сұрады. Шаттана,қуанады. Өз жұмыстарын тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Пішіндерді орналастырудыұғынады
Орамалдарды әшекейлеу туралы түсінеді
Ұлттық оюды қолданады