«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі : «Құрастыру» Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы: «Жапырақты ағаштар»
Мақсаты: Ағаштарға деген сүйіспеншілігін, оларға деген қамқорлығы мен қарым – қатынасын тәрбиелеу. Ағаштың қабығы не үшін қызмет ететіні жайында білімін қалыптастыру. Ағаштың түріне қарап, өсуіне көңіл бөлу.
Просмотр содержимого документа
««Жапырақты ағаштар» Құрастыру»
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі : «Құрастыру» Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы: «Жапырақты ағаштар»
Мақсаты: Ағаштарға деген сүйіспеншілігін, оларға деген қамқорлығы мен қарым – қатынасын тәрбиелеу. Ағаштың қабығы не үшін қызмет ететіні жайында білімін қалыптастыру. Ағаштың түріне қарап, өсуіне көңіл бөлу. Алдын ала жұмыс.1.Түрлі ағаштардың түсін, қабығын қарауға, орманға саяхат ұйымдастыру. Ағаштың жас шамасына, көлеміне, тегіне назар аудару. . Ағаштан не өндірілетін жайында әңгіме. Ресурстармен қамтамасыз ету: Ағаш қабықтарының ұсақ түрлері(аққайың, шырша, қарағай); смола түйінділері, терек бұтағы, ақ қағаз, тас бояу, құрғақ ағаштың кесіндісі, аққайың жапырағының суреті, заттардың үлгісі, қарағай қабығынан жасалған. Ақпараттық мәлімет.Ағаштың беретін пайдасы, маңызы діңнің қабығын ажырату. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы . l. Ұйымдастырушылық кезеңі Демалыс күндері орманға бардым, онда орманшыны кездестірдім. Ол маған сендерге арнап, хат берді. Ал мен хатты оқимын, сендер мұқият тыңдаңдар және ол не туралы екнін айтыңдар. (жұмбақ жасырылған хатты оқиды.)
Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң-жаның рахат табады. (ағаш)
ІІ.Негізгі бөлім Суретпен жұмыс. -Ағаш қандай табиғатқа жатады? Ал ағаш қалай тыныс алады. (жапырақтарымен улы ауаны жұтып, машина, завод, фабрика түтінінің қалдығын тартып, таза оттегін шығарады) Бұл таза ауа адамдарға аса қажет зат. Орманныңтағы бір түйіншегін қарайық. -Мынау не? -Бұл-қабық. -Ағашқа қабықты қажеті қанша? (қабық ағашты қорғайды). ол ағашты неден қорғайды!(күн көзінен, аяздан, желден, одан шырыны ағып кетпеуден) Ол тек ағаштың діңін ғана қорғайма?(жоқ,бұтағында)Қабық деген не, оның ішінде не бар. - Ал өзінің терісі қандай екен?(жіңішке, иілгіш, жұмсақ)Иә, біз оны бұтасынан оңай бөліп алдық. Сендер ағаш түгелдей қабықпен жабылған дедіңдер: діңі де, бұталары да. Неге олай ойлайсыңдар, бұталары да терісімен қапталған.(өйткені қабық қатты, қалың, ал терісі жұқа, жұмсақ)Тері-бұл да қабық, бірақ жас. Ағаштың қабығына қарап жас шамасын анықтауға болады? Ағаштың қабығы неғұрлым қатты, жуан болса соғұрлым ағаштың жасы үлкен болады. Аққайың ағашының қабығын тауып алыңдар.Айта қойыңдаршы, сендер неге олай ойлайсыңдар. Ол қандай? Енді кәрі ағаш қабығын табыңдар.Түсіндіріңдер, неге олай ойлайсыңдар. Мына қабықтар қандай ағаштардікі.(аққайың, қарағай, жөке).Дәптермен жұмыс жасау. «Аққайыңның жапырағын тап, сызықпен қос». Адамға ағаштың жасын білу қажет пе? (кәрі ағаштарды отынға, үй салуға, жиһаз, қағаз дайындауға, кесіп алу үшін). Дидактикалық ойын «Қабығынан танып ал». Ойын шарты:үстел үстіне түрлі ағаш қабықтары қойылады, солардың ішінен тәрбиеші айтқан қабықты тауып алу керек. Орманда қандай ағаштарды кесу керек, кәрі ағаштардан басқа?(ауырған). Ағаш ауру екенін қалай білеміз?(жапырақтары солады, қабығы жарылады). Ағаш неден ауырады?(зиянды жәндіктердің ағаш діңіне орналасуынан.)Осы ағаш түрлерін алдарыңдағы ақ қағазға бояудың көмегімен саламыз. Балалардың еңбектерін бағалап, сабақты қорытындылау. 3.Қорытынды: Тәрбиеші балаларға бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы алған білімдерін тексерді.