СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану эстафетасы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану эстафетасы сыныптан тыс шара. Биология онкүндігін өткізуде қолдануға болады

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану эстафетасы»

Жаратылыстану эстафетасы


Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін сараптау, денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір дағдыларын ұстануда жауапкершіліктерін арттыру.


Әдіс-тәсілдер: Топтық жарыс


Көрнекілігі: АКТ, слайд, спорттық құрал-жабдықтар


Кіріспе.

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір


Еліміздің болашағы – бүгінгі таңда өсіп келе жатқан ұрпақ. Еліміз көркейіп, дамуы үшін – біріншіден оған дені сау, ақылына азаматтар керек. яғни, олар - Сіздерсіздер. Сондықтан да бүгінгі ойынымызға келіп, қатысып отырғандарыңыз - сіздердің тек салауатты өмір салтын ғана қолдайтындығына дәлел болып отыр. Соған байланысты 9-10 сыныптар арасында «Жаратылыстануэстафетасын» ұйымдастырып отырмыз. Бұл жарыста төрт топқа бөлініп, 4 бөлім бойынша сайыстар жүргізіледі.

Сайыс бөлімдері:

  • Шығармашылық сұрақтар сайысы

  • Салауатты өмір сайысы

  • Дене шынықтыру сайысы

  • Биологиялық сұрақтар сайысы


1 Бөлім. Топ құру (төрт тақырып бойынша оқушылар топтасады. Яғни, қай оқушыға тақырыптын аты түссе, сол оқушы топ басшысы болады.)

1 топ. Медицина – стамотолог, дерматолог, тұмау, шприц, аурухана

2 топ. Биолог – өсімдік, жануар, гүл, кірпікшелі кебісше, ядро

3 топ. Спорт – доп, шана, мәре, тоғызқұмалақ, көкпар

4 топ. Өнер – әуен, ғалым, ақын, суретші, күйші


2 Бөлім. Сайыс бөлімдерімен таныстыру.






1. Салауатты өмір сайысы. Сайыстың сұрақтары:

  • Бұл ауруды ХХ ғасырдың індеті деп атайды, ХХІ ғасырда оған қарсы дәрі табылмаған. Ол қандай ауру? /ЖИТС/

  • Денсаулықты сақтаудың шарттары және оған жәрдем ететін шаралар туралы ілім қалай аталады? /ГИГИЕНА/

  • Америка дәрігерлерінің пікірі бойынша, АҚШ-та тұмау ауруының басты тасымалдағыштары болып саналады. Әр жылдың күз мезгілінде бұл тұмау эпидемиясының күшеюіне солар себепкер. Олар кімдер? /ОҚУШЫЛАР/

  • Бұл зат Италияда XVI ғасырда пайда болды, одан кейін Франция мен Англияда және де барлық жерлерде оны - сәнді бұйым ретінде санаған. Алғашқыда әйел адамдар қолданып, кейінен тек қана ауқатты ер адамдар, өз назарларын аударған болатын. Бұл не? /қалта орамалы/

  • Дәрігерлердің есептеуінше, әлемдегі ең кең таралған жұқпалы инфекциялық ауру ол – тұмау, ал әлемдегі кең таралған жұқпалы емес инфекциялық ауру. Ол қай ауру? /КАРИЕС/

  • Анаша, кокоин, апиын, героин, темекі – бұлар не? /ЕСІРТКІ түрлері/

  • Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы деген ұғымды білдіретін сөздерді біріктіріп бір сөзбен қалай айтуға болады? /САЛАУАТТЫЛЫҚ/

  • П.Бреггтің айтуынша, 9 емшісі бар дейді - мен төртіншіден бастап

айтамын, олар: дұрыс тамақтану, аштық, спорт, демалу, ақыл мен әдіме келбет. Бастапқы Бреггтің үш емшісін айтыңыздар? /КҮН, АУА, СУ/

  • ЖИТС-пен күресу 2000 жылдың қай айы, қай күні өтті? /1желтоқсан/

  • Бастапқыда бұл гигиеналық затты бук ағышының күлінен және ешкі майынан дайындаған. Әсіресе, ежелгі финдіктір көп қолданған. Қазіргі кезде бұл затты адамдар орташа есеппен алғанда жылына 10 кг қолданады. Ол не - зат? /САБЫН/

  • Ғалымдардың пікірінше 90%-рак өкпесі, 75%-созылмалы өкпе ауруы; 25%- жүректің ишемиялық аурулары осы зиянды әдеттің зардабынан-дейді? Ол қандай әдет? /ШЫЛЫМ ШЕГУ/

  • 1828 ж Косель мен Рейдман ғалымдары бұл алкалоид өсімдігін бөліп шығарған. Ол шылымның - негізгі әсер етуішісі. Ол қалай аталады? /НИКОТИН/

  • Бұл гигиеналық затты ежелгі Этруста және Египетте пайдаланған, ағаштың бұтақтарына ұқсас болып көрінді. Оны көп уақыттай табиғи қылшықтан жасаған. Кейінгі кезде ситентикалық талшықтардан әзірленеді. СҰРАҚ- бұл қандай гигиеналық зат? /ТІС ЩЕТКАСЫ/

  • Бұл дәрігерлік мекеменің аты ежелгі гректің «полис»- қала деген сөзінен шыққан және дәрігерлердің өнері мен шеберлігі деген мағыналы сөзді білдіреді. Бұл мекеме қалай аталады? /ПОЛИКЛИНИКА - ЕМХАНА/

  • 19 ғасырдың 80 жылдарда орыс дәрігері Николай Иванович Губин бірнеше тәжірибе жасаған. Жануарлар тобы жасанды қоректі – нәруыз, майлар, көмірсутегті, сонымен қатар минералды тұздар мен сумен қоректенгенде, мұндай рационда көп өмір сүре алмай, өліп жатты. Егер де жасанды дайын корегіне табиғи сүтті шамалап қосса, онда олардың дені сау болады. Бұл тәжірибемен, яғни корек рационында 5 негізгі құрамынан тағы басқа қандайда бір заттар болуы керегі дәлелденген болатын. Бұл қандай зат? /ДӘРУМЕН/

  • Шылым шеккен адамның өмірі, қанша пайызға қысқарады? /25%/

  • Бұл сөз орыс тіліне XVIII ғасырдың соңында келген. Бастапқыда бірін-бірін ауыстыру арқылы, белгілі бір орынан орынға хатты жеткізуші - жедел поштасы деп айтатын. Қазіргі уақытта бұл сөз - өзінің атауын басқаша мағына беруде. Сол сөзді атаңыздар! /ЭСТАФЕТА/

  • Гигиеналық зат /сабын-мыло-соап/

  • Астан уланған жағдайда көрсетілетін алғашқы жәрдем /суретпен жұмыс/

  • Жолдастарынды салауатты өмір салтына шакырындар /сурет/

  • Салауатты өмір салтын топтастыр /сурет/

  • Ауру қалса да, әдет қалмайды /ауру-больной-дисеис/





  • Дене шынықтыру сайысы. Сұрақтар:

  • Ежелгі Грециядағы Олимпияда ойындарында көп уақыт бойы жеңіл атлетиканың жалғыз түрі болған. Қай түрі? /ЖҮГІРІС-жүгіру/

  • Бұл затты почтаға жеткізу және арықтау құралы ретінде пайдалануға болады деп болжаған. Оның қазіргі кездегі атауы? /ВЕЛОСИПЕД/

  • 10 секундтың ішінде 10 рет отырып тұру керек.

  • Допты кедергілерден қолдан шығарып алмай өткізу.

  • Шелектің ішіне 5 допты еңгізту.

  • Асықпен жарыс /мергендік/

  • Секіртпеден секірту. 10 секунд

  • Еркін күрестен әлем чемпионы болған жерлесіміз кім? /Серік Алшынбаев/



  • Биологиялық сайыс. Сұрақтар:

  • Кейбір ғалымдар қоршаған орта жайлы ақпараттың 70%, осы ағза мүшесінің көмегімен білеміз. Кейбіреулер 90% деп айтады. Ол қандай ағза мүшесі? /КӨЗ/

  • Бұл ғылымның атауы ежелгі грек сөзі «ойкос» - үй деген мағыналы сөзден шыққан. Ғылым өсімдіктер мен жануарлардың бір-бірімен байланысы және олар қоршаған ортаға қалай бейімделетінін зерттейді. Бұл ғылымды қалай атайды? /ЭКОЛОГИЯ/

  • Ежелгі грек ғалымын - қазіргі медицинаның атасы деп айтады. Ол кім? /ГИПОКРАТ/

  • Жүрек ауруына пайдалы тауда өсетін жабайы өсімдік? / ДОЛАНА/

  • Жергілікті жердегі улы саңырауқұлақтарды ата? /Шыбынжұт, сұр шыбынжұт, түлкіжем/

  • Иммунитетті арттыру жолдары қандай?

  • Гүл-адам өмірінің сәні

Темекі-денсаулық дұшпаны

Қымыз-шипалы сусын

Пияз-ауруға қарсы мың да бір ем

Өсімдік-өмір тірегі

  • Қанның құрамындағы металл /темір/

  • Өте арзан, онсыз тіршілік болмайтын нәрсе /су/

  • Адам ағзасының ашық кітабы. Ол не? /тері-кожа-скинь/

  • Сандар сыры /суретпен жұмыс/

  • Биологиялық диктант /сурет/

  • Фитотерапия деген не?

  • Ертеде халқымыз қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсеткен? Неге?

  • Шыбын жерде шығын бар-деген сөзді түсіндіріңдер?

  • Қыз өссе елдің көркі,..... өссе жердің көркі /гүл-цветок-флауер/

  • Сергіту сәті. Қимыл қозғалыс.


Қорытынды: Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір,-дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау-міндетіміз. Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулылығына байланысты.Дені сау халық-бай халық. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарына серік етіңдер.










































































































































































































ЖББ № 17 орта мектебі












Жаратылыстану

эстафетасы







Дайындаған: Карибаева П.С.

Абдикешова Б.Т.