СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану "Менің әлемім" 2-сынып

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға ауаның қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

Ауаның негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы көрсетіп, сипаттап бере алады.

Оқушылардың ауа тақырыбында сөздік қорлары молаяды. Ауа және тәжірибеге қажетті заттардың атауын үш тілде айтып үйренеді.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану "Менің әлемім" 2-сынып»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2B бөлім: Менің әлемім

Мектеп:

Мерзімі: 2 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ауа және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.2.1 Ауаның басты қасиеттерін суреттеу (газ тәрізді, мөлдір, түссіз, иіссіз, пішінсіз)

2.1.2.1.Проблеманы шешу жолдарын анықтау мен түсіну.

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға ауаның қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

Ауаның негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы көрсетіп, сипаттап бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың ауа тақырыбында сөздік қорлары молаяды. Ауа және тәжірибеге қажетті заттардың атауын үш тілде айтып үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғау керектігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ дүниетану пәнімен байланысты өтеді.

АКТ

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақстанның Қызыл кітабы сирек кездесетін және құрып кетудің алдындағы жануарларды қорғау үшін жасалғанын білу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Біріне-бірі табиғат туралы сұрақтар қояды.

Жұмбақ шешу.

Көзге көрінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

https://www.youtube.com/watch?v=XQpZjC_8bag


Сабақ ортасы

30 минут

(Ұ) Ауа ұғымын талқылау. Бұл не? Ол қайда? Ол неге ұқсайды? Ауаның қандай қасиеттері бар?

Тәжірибе-ойындар арқылы ауаның түсі, иісі, дәмі, пішіні болмайтынын дәлелдеу.

(МК,ОТ) Шарды үрлеу, оқушылардан шардың үрленуіне не себеп болатынын түсіндірулерін сұрау. Шарды босатқанда ауаға не болады?

Шардан түрлі жануарлардың пішінін жасап ойнау.

(Ұ) Ауасы өзгеше болатын жерлер туралы ойлану (мысалы биік таулардың басы).

(Ұ,Қ) Әуе шары туралы бейнефильмді қарау.

(ОТ) Оқушылардан ауа толтырылған заттармен тәжірибе көрсетеді. (мысалы, көпіршікті сусындар, жүзуге арналған қолға тағатын таңғыштар, резеңке шеңберлер, ойыншықтар және т.б.).

Екі қабатты әйнектеу және терезенің екі шынысының арасындағы ауаны қамту жұмысы туралы әңгімелесу.

(Ұ, Т) Үрленген және ауасы сәл шығарылған шарлармен ойнау. Айырмашылығы неде?

(ОТ,Т,Қ) Қандай материалдардың жылуды ұзақ уақыт сақтайтынын зерттеу. Оқушыларға бөтелкедегі суды тұрақты температурада ұстап тұру үшін түрлі материалдарды пайдалануларын және лайықты материалды анықтауды ұсыну, (мысалы, қысқы пальто үшін)

Газдалған сусын мен көпіршіктерде газ болатынын түсіндіру және эксперимент жасап көрсету.

Көпіршіктермен фокус көрсету!

Саусақтарын көпіршігі бар қоспаға батыру. Көпіршік шығаруға арналған түтікшені сабын ерітіндісіне малып, үлкен көпіршік жасау. Оны түтікшеден түсірмей ұстап тұру. Саусақты көпіршік ішіне кіргізу. Көпіршік саусақтың айналасында шар қалыптастыратынын көру. Құрғақ саусақтың көпіршікті жарып жіберетінін анықтау.

Шарлар, ауа шарларына арналған насостар





Сабын ерітіндісі, тікенді ысқылар немесе сусын ішетін түтікшелер, қайшы.





https://www.youtube.com/watch?v=H3h2yjcBNh0




Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар тәжірибе арқылы ауаның қандай қасиеттерін анықтағанын айтып шығады.


АУА








Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың жоспарлау, жобалау, зерттеу және мәліметтерді жазу мен қорытынды жасау дағдыларын бағалау.

Тәжірибелер жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі: