«Жұлдызша» ерте жас тобының 2019-20120 оқу жылының жылдық есебі.
Топта- 20 бала бар.
Ұлдар-8/1-орыс ұл.
Қыздар-12/1-орыс қыз.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі.
Жан жақты жетілген бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру әр отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті. Біздің мақсатымыз балаларды адалдыққа,әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жаманнан жиреніп жақсыны үйренуге, осы қасиеттерді бойына сіңіруге қалыптастыру барысында тәрбиелік іс-шаралар мен оқу қызметтері өтілді.
Биылғы оқу жылында балабақшаның алға қойған мақсаты : «Мектепке дейінгі балалрдың жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық рухани тірбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу- оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану».
Тамыз айында 20бала «Жұлдызша» кіші жас тобына қабылданды.
Бастапқы кезеңде барлық балалар балабақша күн тәртібіне бейімделмеген болып келді. Оларға балабақшадағы күнделікті қайталанатын гигиеналық шараларға бейімдеуден бастадық. Балалар өздері тамақтануды, түбекке отыруды, беті қолын үлкендердің көмегімен жууды, үлкендердің көмегімен киініп және шешінуді үйренуді бастады. Балалар жылдың соңына өз жас ерекшелігіне сай барлық гигиеналық шараларға толық бейімделді.
Қазан айында «Қош келдің, Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігін екі тәрбиеші өткізді. Балалар ертеңгілікте мерекелік көңіл күйде болып билерін биледі.
Тәрбиешілердің жетістіктері:
Хадыр Кенжегүл:
Балабақша ішінде өткен «Қол өнер» байқауына қатысып 2 орынды иеленді.
Республикалық «Интоолимп» қашықтық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Алғыс хат».
Республикалық «Данышпан» қашықтық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Диплом»
Облыстық «Білім шапағаты» газетіне ашық оқу қызметінің жоспары жарияланды.
Халықаралық «Мультиурок» сайтына жұмыстарын жариялаған үшін сертификат.
«Балықтар жүзеді» атты ашық оқу қызметі өтілді сурет салудан.
Хадыр Кенжегүл өз білімін жетілдіруде «Бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізулуде.
Бабылжанова Айтұрған :
«Зият» ғылыми –әдістемелік орталығынан «Диплом».
Республикалық «Данышпан» қашықтық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Диплом»
Облыстық «Білім шапағаты» газетіне ашық оқу қызметінің жоспары жарияланды.
«Жемістер жыры» атты ашық оқу қызметі өтілді көркем әдебиеттен.
Бабылжанова Айтұрған өз білімін жетілдіруде «Кіші тобындағы балалардың тілін дамытуға арналған дидактикалық ойындар түрлері». тақырыбында жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілді.
Оқу қызметтерінде түрлі дидактикалық, қимылды ойын, үлестірмелі материалдар,үстел үсті ойындар,мозайка,пазлдар,санамақтар түрлері жаңаша түрлендіріліп өткізілуде.
Осы оқу жылының басында ата-аналармен жиналыс өткізілді, ата-аналар өз пігкірлерімен бөлісіп алғыстарын айтты.Сонымен желтоқсан айындада ата-аналар жиналысы өткізіліп, жаңа жылдық мерекеге киінетін киімдері туралы талқыланды .
Сонымен қатар, күзгі және жаңа жылдық ертеңгіліктерге залды безендіруге көмек көрсетілді. Және осы мерекелерге қабырға газеті ілініп, топқа мерекелік безендіру жасалынды.
2019-2020 оқу жылының мониторинг көрсеткіштері мынандай:
№ | | Бала саны | Қатынас | Таным | Шығармашылық |
1 | Бастапқы бақылау | 16 | I | II | III | I | II | III | I | II | III |
13 | 7 | | 13 | 7 | 0 | 11 | 9 | |
| Жалпы % | | 100% | | | 100% | | | 100% | | |
2 | Аралық бақылау | 16 | 10 | 6 | 3 | 9 | 6 | 4 | 10 | 7 | 2 |
13 | 3 | | 16 | 6 | | 82 % | 69% | 27% |
| Жалпы % | | 81% | 18% | | 100% | 69% | | 87% | 12% | |
3 | Қорытынды бақылау | | | | | | | | | | |
| Жалпы % | | | | | | | | | | |
Білім беру саласы | I деңгей | II деңгей | III деңгей |
Б | А | Қ | Б | А | Қ | Б | А | Қ |
Қатынас | 10 | 6 | | | 3 | | | 4 | |
Жалпы % | 100% | 61% | | | 30% | | | | |
Таным | 9 | | | | 6 | | | 4 | |
Жалпы % | 100% | | | | 63% | | | 45% | |
Шығармашылық | 10 | 10 | | | 7 | | | 2 | |
Жалпы % | 87% | 87% | | | 71% | | | 295% | |
І жарты жылдықта балалармен жұмыс барысында аздаған қиындық туындады (Қарандашты дұрыс ұстау, кағазды , өшіргішті ауыздарына салмау).
Уақытылы балалармен жеке жұмыс жүргізілді.
Ата-аналармен жұмыс жоспары құрылып бекітілген.
Қыркүйек айында топтық жиналыс өтті. Ата-аналар комитеті сайланып,балабақшаның жылдық міндеттерімен, жаңа бағдарламамен таныстырылды. «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында пікір алмасты.Тәрбиеші Бабылжанова А. «Жаңа ортадағы кішкентай адам . Бейімделу проблемасы» тақырыбында баяндама оқыды.Күнделікті ата-аналармен жеке және топтық әңгіме, кездесулер жүргізілді.
Әр тоқсанда бір рет ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ата-аналар тәрбиешілер жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.
Жүйелі жұмыс істеуде балалар ұйымшылдыққа үйреніп,оқу қызметінің дағдыларын меңгеріп,бағдарламаларды игерді.
БЕКІТЕМІН
«Алпамыс» бөбек-жай
балабақшасының меңгерушісі
________________А.Алтаева.
«____» ____________2020 ж
Жарты жылдық есеп
«Жұлдызша» кіші тобы
Тәрбиеші: Хадыр К.
Бабылжанова А.
2019-2020 оқу жылы.