СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жартылыстану пәнінен сабақ жоспары 3- сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Жартылыстану пәнінен сабақ жоспары 3- сынып»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Мектеп: Қарағаш орта мектебі

Мұғалім: Толегенова С

Қатысқандар саны: 14

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:


Ауа неден құралады?

Оқу мақсаты:

3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;

3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;


Сабақтың

мақсаты:


Ауаның құрамын біледі, сипаттайды..


Бағалау критерийі

Ауа құрамын біледі.

Ауаның құрамын сипаттайды.

Ауаның жануды қолдайтын қасиетін біледі.


Сөздік қор

Азот, ауаның құрамы.

Құндылықтар

Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, бір-біріне құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу. 

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Жердің ауа қабатын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут






3 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері «Жұлдызды тілек»

Бәріміз орнымыздан тұрып, үйімізде қанша адам болса, сонша жұлдыз алып, шеңбер құрып, отбасымыздың,
еліміздің амандығын тілеп, қолдарымыздағы жұлдыздарды ортаға шашамыз.

Үй тапсырмасы

Заттардың күйі

1-топ. Қатты заттардың қасиетін атау. Мысал келтір

2- топ. Газ тәрізді заттардың қасиетін атау. Мысал келтір.

3- топ.Сұйық заттардың қасиетін атау. Мысал келтір.

Дескриптор:

І топ.

1.Қатты заттардың қасиетін атады.

2.Мысалдарын дұрыс айтты.

ІІ топ

1. Газ тәрізді заттардың қасиетін атады.

2.Мысалдарын дұрыс айтты.

ІІІ топ.

1.Сұйық заттардың қасиетін атады.

2. Мысалдарын дұрыс айтты.
































Жұлдызшалар


























Сабақтың ортасы

3 минут











3 минут



























5 минут








2 минут













3 минут















3 минут











7 минут














Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады.Біз оны көрмейміз,бірақ маңайыңда екенін сеземіз. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көреміз, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сеземіз.Тіпті басын шұлғып,ырғалған шөптерді байқаймыз.Бізді үнемі қоршап тұрады.Бізбен мен бірге жүреді.
Барма жоқпа оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.Ол не? (ауа)

Топтық жұмыс .Кластер жасау.
-Ауа туралы не білесіңдер?

-«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Айырмашылығын тап ойыны.

Мақсаты: Заттардың се­беп-салдар байланысын анықтау, Жер ғаламшары мен Марс (Қызылжұлдыз) ғаламшарларын салыстыру.

Оқулықта берілген ғаламшарлардың суреті бойынша әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру.

Жетекші сұрақтар:

- Жер ғаламшары мен Қызылжұлдыздың түстері қандай?

- Ғаламшарлардың қайсысы қызыл түсті?

- Жер туралы не айта аласың?

-Қызылжұлдыз ғаламшары неліктен қызыл түсті деп ойлайсың?

- Қызылжұлдызда тіршілік бар ма? Неге олай ойлайсың?

- Оқулық кейіпкерлерінің қайсысын Қызылжұлдызға жіберер едің? Неліктен?

- Скафандр не үшін қажет? Ойыңмен бөліс.

ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.




Оқулықпен жұмыс

Ауаның құрамы.

Мақсаты: Ауа құрамын анықтап, ауада қандай зат көбірек кездесетінін сипаттау.

Жетекші сұрақтар арқылы ауаның құрамымен танысып, олардың атауларына назар аудару. Сұрақтар:

  • Диаграмма неге ұқсайды?

  • Торттың ең үлкен бөлі­гі қайсысы? Оны қалай атайды?

  • Ауадағы оттек қайдан пайда болады?

  • Оттекті фотосинтез үдерісі кезінде өсімдік­тер бөледі.)

  • Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?

  • Ауадағы басқа да газдар қа­лай пайда болады?

ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.

Жұптық жұмыс

От пен ауа.

Мақсаты: Оттың жану себептерін анықтау.

Оқушылар жұптасып, оқулықта берілген суретті талдайды. Суретшінің қандай қате жібергенін анықтап, оттың қай кезде жанатынын және қай кезде жанбайтынын сипаттайды. Әр жұп өз ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарады. Кесте толтырады.


Отты тұтандырады

Отты өшіреді







Дескриптор:

1. Отты тұтандыратын заттарды дұрыс анықтады.

2. Отты өшіріетін заттарды дұрыс анықтады.

ҚБ. «Жұлдызшалар» арқылы тапсырманы бағалау.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Оттың жануына ауа қажет деген болжамды қалай дәлелдеуге болатынын анықтау, оттың жануы үшін ауа қажет екенін түсіну.

Ресурстар таратылады: Үш балауыз шам тәрелкелердің дәл ортасына бекітіледі, бір литрлік және үш литрлік құтылар.

Зерттеудің болжамын анықтау:

-Оттың жануына ауаның қажеті бар ма әлде жоқ па екендігін болжау;

- Оттың жануына ауаның қажетін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысын оқушылар жұптасып жүргізеді.

Зерттеу жүргізуге нұсқаулық:

- Балауыз шамдарды жағып, екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қал­дырады.

- От жану үдерісін бақылайды.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар жұбына немесе жеке оқушыға бұл тәжірибені басқаша жасау жолын құрастыру ұсынылады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен дене жаттығуларын орындау, билеу.

Мұғалім-оқушы диалогі. Ойлан.

Мақсаты: Ауаның құрамы неліктен өзгеріске ұшырайтынын анықтау. Жетекші сұрақтар арқылы ауылды жерлер мен өнеркәсіп орындары бар жерлерде тыныс алудың маңызы туралы ой қорытады.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

49-жұмыс парағы. «Ауаның құрамы», 51-б.

Ауа неден құралады? Диаграммада берілген орынға сәйкес келетін газ атауын жазады; диаграммадан тірі ағзалар тыныс алғанда жұтатын газды анықтайды да, осы жерді қызыл түспен бояйды; адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды жасыл түспен бояйды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Ауа неден тұратынын анықтайды;

  • Адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды біледі.

Құрамының өзгеруі. Ауадағы газдың көлемін кө­бейтетін заттардың атауын сәйкес шеңбердің тұсына жазып шығады.

50-жұмыс парағы. «От», 52-б.

Орналастыр. Оқушылар отты тұтандыратын жағдай­ларды тауып, сызбаның сәйкес бағандарына жазу.

Дескриптор:

Оқушылар:

  • Отты тұтандыруға қатысты суреттерді анықтайды;

  • Отты өшіруге қатысты суреттерді анықтайды;

  • Сызбаның сәйкес бағдарына тиістісін жазады.

Қауіпсіздік ережелері. Оқушылар үйде өрт шығу­дан сақтайтын қауіпсіздік ережелері туралы сөйлем­дер құрап, оларды жазып қояды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Өрттің алдын алу жолдарын біледі.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.









А 3

Маркер














Слайд










жұлдызша




Ауа құрамы диаграммасы

Слайд





Оқулық



















Үш балауыз шам тәрелкелердің дәл ортасына бекітіледі, бір литрлік және үш литрлік құтылар.













https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw







Оқулықпен жұмыс











Дәптермен жұмыс






Сабақтың соңы

3 минут



Кері байланыс

«Диаграмма» әдісі


Диаграмма

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек ? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.