Просмотр содержимого документа
«Презентация по географии на тему "Жас географ"»
«ЖАС ГЕОГРАФ»
Сайыс 7 турдан тұрады
I. Өзін-өзі таныстыру
ІІ. Зымыран ойыны
ІІІ. Шешімін тап
ІV. Карталар әлеміне саяхат
V. Полиглот
VI. Қара жәшік
VII. Капитандар сайысы.
І тур Өзін-өзі таныстыру
Топтар өздерінің ұраны мен эмблемаларын таныстырады. Жақсы қорғаған топқа 10 ұпай беріледі.
ІІ – тур Зымыран ойыны
Әрбір топқа 20 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай. Жауап тез - тез берілуі керек.
ІІІ тур «Шешімін тап»
Тур бойынша 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады.
Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды.
1-ші топқа.
Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Африка
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне .
Ай
Тұрғыны жоқ елдер, үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар, суы жоқ теңіздер
карта
2-ші топқа.
Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Солтүстік
Америка
Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем
Жер
Сырылдатады шәйнегін, Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, Бірақ сүртпейді.
Жаңбыр
ІV – тур Карталар әлеміне саяхат
Әр топ берілген объектілерді
картадан тауып, көрсетуі қажет.
Ұпай саны: 5 ұпай.
V тур - Полиглот
«Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген ақиқатқа сүйене отырып, ендігі сайысымызда топтарға мақал-мәтелдер және жұмбақтар кезек-кезек беріледі.
Топтардың мақсаты жасырылған сөзді немесе жұмбақты шешу және сол сөздің үш тілде айтылуын және жазылуын берілген А4 қағаздарына орындау.
Әрбір дұрыс жауапқа - 5 ұпай.
Мысалы: Теңіз – море - sea
Кең әлемді кернейді
Көзің бірақ көрмейді?
(ауа-воздух-air)
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың
(тұз-соль-salt)
Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен тәстен именеді
(темір-железо- iron)
Көп сөз көмір, аз сөз -------
(алтын- золото-golt)
-------- ішкен құдыққа түкірме
(су-вода-water)
Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш ------ болмас
(орман-лес-forest)
VI- тур «Қара жәшік»
Жәшік ішіне жасырылған заттың студенттерге сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады.
Ойлануға 10 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
VІІ-тур Капиндар сайысы .
Екі топ капитандары қатар шығып тұрады да кезек кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез-тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Марапаттау