СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жас информатиктер" факультативтік бағдарламасы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Факультатив курстың мазмұнына сәйкес, «Жас информатиктер» оқыту бағдарламасын пайдалану арқылы «Corel Draw» программасын толық және жемісті меңгеруге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игеруге арналған тәжірибелік жұмыстар, әр түрлі объектілерге қатысты өңдеу, түрлендіру және жаңа объектілерді тұрғызуға арналған бірнеше зертханалық жұмыстар, сол сияқты шығармашылық жұмыстар мен әртүрлі бағыттағы сынақ сабақтарының  жиынтығын қамтыған. 

Просмотр содержимого документа
«"Жас информатиктер" факультативтік бағдарламасы»


ТҮСІНЕКТЕМЕ ХАТ


«Жас информатиктер» 7 сыныпқа арналған информатика пәнінен факультатив курс.

Факультатив курстың мазмұнына сәйкес, «Жас информатиктер» оқыту бағдарламасын пайдалану арқылы «Corel Draw» программасын толық және жемісті меңгеруге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игеруге арналған тәжірибелік жұмыстар, әр түрлі объектілерге қатысты өңдеу, түрлендіру және жаңа объектілерді тұрғызуға арналған бірнеше зертханалық жұмыстар, сол сияқты шығармашылық жұмыстар мен әртүрлі бағыттағы сынақ сабақтарының жиынтығын қамтыған. «Жас информатиктер» курсын оқыту барысында оқушылар алған білімдерін жарнамалық өнімдерді жасаған кезде, әр түрлі бағыттардағы ғылыми және қолданбалы зерттеулерді бейнелеу кезінде, мысалы физика, химия, биологияда қолдануға болады.


Факультативтік курстың мақсаты – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіру.


Факультативтік курстың міндеттері:

• оқушыларды Corel Draw программасының жұмыс жасау технологиясымен таныстырып, графикалық ортада ақпараттарды түрлендіруге үйрету;
• оқушыларды информатика пәнін кәсіби бағытта оқытудың теориялық негіздерімен және дидактикалық біліктіліктермен қаруландыру;
• оқушыларды компьютерлік дизайнда жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, оны ғылыми-теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеп, таңдауға үйрету;
• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту.


Күтілетін нәтижелер:

Осы курстың негіздемелігінде оқушылар келесі білімдер мен дағдыларды игеруі тиіс. Оқушылар білуі тиіс:

- растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен ерекшеліктерін;

- әр түрлі графикалық бағдарламалардың функциялары мен олардың қолданылуын;

Оқушылар меңгеруі тиіс:

- Corel Draw векторлық бағдарламасының негізгі құралдарын пайдаланып, өздерінің бейнелерін құрастыру;

- суреттерді редактрлеу;

- өз нәтижелерін бағалап, рефлексивтік іс-әрекетті іске асыру.

Бағдарламаның білім мазмұны:

1. CorelDRAW бағдарламасының негізгі түсініктері және терминдері (7 сағат)

CorelDRAW бағдарламасының негізгі түсініктері және терминдері

CorelDraw бағдарламасының жұмыс ортасы және интерфейсі. Стандартты саймандар тақтасы. Құрал-саймандар тақтасымен танысу

Түстер палитрасы, түс таңдау.

Жаңа құжат құру, құжаттарды ашу және жабу.

Сканер және цифрлық камерадан кескін алу жолдары.

Құжатты сақтау

2. Фигуралармен жұмыс жасау жолдары (4 сағат)

Coreldraw бағдарламасының объектілері. Тіктөртбұрыш.

Эллипс

Көпбұрыштар мен жұлдыздар

Спираль, тор салу.

3. Объектілермен жұмыс (7 сағат)

Бейнелеудің қасиеттері. Қисықпен жұмыс жүргізу

Объектілерді бөліп алу.

Объектілерді айналық бейнелеу.

Объект формаларын редакторлеу

Эллипстерді редакторлеу.

Объектілерді кез келген формада кесу.

4. Сызықтар (5 сағат)

Қисық сызықтар моделі.

Тұйықталған, тұйықталмаған және біріктірілген сызықтар.

Біріктірілген сызықтар.

Кез келген формадағы және өлшемдегі сызықтардың суретін салу.

5. Мәтін (6 сағат)

Қарапайым мәтін.

Фигуралық мәтін.

Құжатты баспаға жіберу.

CorelDRAW бағдарламасында практикалық тапсырмалар

Оқушылардың берілген материалдарды меңгеруге бағытталған лабораториялық жұмыстары

CorelDRAW бағдарламасында шығармашылық жұмыстар

6. Практикалық жұмыстар (3 сағат)

Әйнектің сынығын жасау

Жанып тұрған фитиль салу

Жанып тұрған майшамды жасау

7. Жобалық іс-әрекет (2 сағат)





«Жас информатиктер» атты бағдарламаның

тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

CorelDRAW бағдарламасының негізгі түсініктері және терминдері

1

7.09

2

CorelDraw бағдарламасының жұмыс ортасы және интерфейсі.

1

14.09

3

Құралдар тақтасымен танысу.

1

21.09

4

Түстер палитрасы

1

28.09

5

Жаңа құжат құру, құжаттарды ашу және жабу.

1

5.10

6

Сканер және цифрлық камерадан кескін алу жолдары.

1

12.10

7

Құжатты сақтау

1

19.10

8

Coreldraw бағдарламасының объектілері. Тіктөртбұрыш.

1

26.10

9

Эллипс

1

9.11

10

Көпбұрыштар мен жұлдыздар

1

16.11

11

Спираль, тор салу.

1

23.11

12-13

Бейнелеудің қасиеттері. Қисықпен жұмыс жүргізу

2

30.11, 7.12

14

Объектілерді бөліп алу.

1

14.12

15

Объектілерді айналық бейнелеу.

1

21.12

16

Объект формаларын редакторлеу

1

28.12

17

Эллипстерді редакторлеу.

1

11.01

18

Объектілерді кез келген формада кесу.

1

18.01

19-20

Сызықтар. Қисық сызықтар моделі.

2

25.01, 1.02

21

Тұйықталған, тұйықталмаған және біріктірілген сызықтар.

1

8.02

22

Біріктірілген сызықтар.

1

15.02

23

Кез келген формадағы және өлшемдегі сызықтардың суретін салу.

1

22.02

24-25

Мәтін. Қарапайым мәтін.

2

1.03, 9.03

26

Фигуралық мәтін.

1

15.03

27

Құжатты баспаға жіберу.

1

5.04

28-29

CorelDRAW бағдарламасында практикалық тапсырмалар

2

12.04, 19.04

30-32

Оқушылардың берілген материалдарды меңгеруге бағытталған лабораториялық жұмыстары

3

26.04, 3.05, 10.05

33-34

CorelDRAW бағдарламасында шығармашылық жұмыстар

2

17.05, 24.05


Барлығы:

34