СМЖ.08.ӘН.03
5-қосымша
«Жас топограф» интеллектуалды ойын жоспары
Мақсаты: Схемалар, ерекше нұсқамалар, түрлі ведомостер және кестелер жасау, Сызу және өзге де құжаттарды рәсімдеу модульдерінің маңыздылығын түсіну, сол модульдерге қызығушылықты арттыру
Міндеті: Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыру; білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту, арым-қатынастағы коммуникациялық қабілеттерді, сенімділік пен еркіндікті дамыту
Жоспары:
Білімді болсаң байқап көр (сұрақ-жауап)
Тапқыр болсаң, тауып көр (топографиялық карталардың шартты белгілерін табу)
Шығармашыл болсаң, тығырықтан шығып көр (жұмбақтың жауабын табу)
Ойлы болсаң, озып көр (квест ойыны)
Ойлан, тап. (есеп шығару)
Білімді болсаң байқап көр (сұрақ-жауап)
https://www.baamboozle.com платформасында сан таңдау арқылы, берілген сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
Теодолиттік жүріс дегеніміз не? (шын мәнінде нүктелер жүйесі)
Теодолиттің құрылысы (Тедолит табаны, көтеру винттері, көру дүрбісі, оптикалық визирь, жарықтауыш айна, дүрбіні фокустау кремальерасы)
Карта дегеніміз не? (Жазықтықтағы жер бетінің кішіретілген бейнесі)
Ірі масштабты карталарда қандай нысандар масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленеді? (электр желілері, дирмендер, мектеп, зауыттар)
Масштабның негізгі түрлері қандай? (сандық, сызықтық, көлденең)
Графтау дегеніміз не? (топографиялық карталарды бетке бөлу)
Көлденең масштаб дегеніміз не? (картадағы сызық өлшемдерін дәлірек қоюға мүмкіндік беретін масштаб)
Номенклатура дегеніміз не? (бұл топографиялық карталардың жеке беттерін белгілеу жүйесі)
Жер планетасының қандай формасы бар? (жер эллипсоид)
Атрибуттық деректерді ата? (Символдар; атаулар; статистикалық ақпарат; объектілер коды; графикалық белгілер)
Карта мазмұнына қарай қалай бөлінеді? (жалпы географиялық және нақты тақырыптық)
Картаның ең маңызды елеулі 3 қасиеті? (көрнектілігі, өлшемділігі, мәліметтілігі)
Тапқыр болсаң, тауып көр (сурет бойынша картографиялық бейнелеу тәсілдерінің түрлерін табу)
https://www.educaplay.com платформасында берілген топографиялық картаның мазмұнын бейнелеу тәсілдерінің суреттері көрсетілген, жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі
Шығармашыл болсаң, тығырықтан шығып көр (жұмбақтың жауабын табу)
https://learningapps.org платформасы арқылы жұмбақтың жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі
Жол бар – бара алмайсың, жер бар – жырта алмайсың, шабындық бар – шаба алмайсың. Өзендер мен теңіздерде су жоқ. Бұл не? (географиялық карта)
Елсіз ел, үйсіз қала, ағашсыз орман, сусыз теңіз. бұл не болды? (карта)
Алып мұхит – ақ алау,
Шетi шексiз жағалау (көк жиек)
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ. (Өзен)
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.(Жер)
Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.(Тау)
Әрі итерсең аунайды,
Бері итерсең аунайды.
Түрі-түсі түгелдей
Анасынан аумайды.Жауабы: Глобус
Күн мен түннің кеңдігін,
Жер шарының ендігін,
Қақ бөліп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердің белдігі. жауабы – Экватор
Таба алмай оң менен солыңды,Адассаң қапылыста.Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,Шығысқа,Батысқа.(Компас)
Ойлы болсаң, озып көр (логикалық сұрақтар)
https://joyteka.com платформасында шапшаңдыққа арналған квест ойыны. Бірінші болып, есік ашқан топқа 5 балл беріледі.
GPS — аралықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі
Дирекциондық бұрыш берілген, румбты табу керек. α=2280. Жауап: 480
Кері азимут пен меридианның жақындасуы берілген, тура азимутты табу керек. А=2680, γ=2750. Жауап 30
Магниттік меридианның солтүстік басынан сағат тілінің бағытымен берілген сызыққа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты магниттік азимут деп атайды
Тура азимут берілген, кері азимутты табу керек. Атура=3260. Жауап 1460
5. Ойлан, тап. (есеп шығару)
QR код сканерлей отырып, берілген сұраққа ауызша жауап беріп, берілген есепті формуласын көрсете отырып, шығару.
Азимут дегеніміз не?
Есеп.
Тура азимут беріліп тұр, кері азимутты табу керек
Атура= 2780, 1590, 870, 3210, 2830
Румб дегеніміз не?
Есеп
Дирекциондық бұрыш берілген, румбты табу керек
α=1380, 550, 2630, 3150, 1530
Қорытынды: Соңында топтардың ұпайлары есептеліп, бірінші және екінші орындары анықталып, топтарға диплом мен сыйлық табыс етіледі.