«Бекітемін»
Мектеп директоры: Б.З. Нигметов
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде өтетін
«Жас түлек – 2019» атты салтанатты жиынның бағдарламасы
Өтетін күні: 25 мамыр. 2019 жыл
Уақыты: 900
Сыныптар: 8-11 сыныптар
1-жүргізуші: Төлеуов Ерасыл, 10ә сыныбының оқушысы
2-жүргізуші: Галимова Мөлдір, 10ә сыныбының оқушысы
Жоспары:
Сағат 700-де мектеп алаңын безендіріп дайындау:
Туды үш қабат жіппен дұрыстап, қатты (шимайлап байлап тастау).
Скочты пайдаланбай шарларды жіппен ілу. Жүргізушілер сол жақта стойкада орналасқан микрофон арқылы сөйлейді.
Сценадағы стойкада орналасқан мирофон құттықтау үшін қойылады.
11-сыныптар үшін және ән айту үшін радиомикрофондар беріледі.
Мектеп алаңының периметрі бойынша 8-11 сыныптардың оқушылары орналасады:
Сол жақта 8-9а сыныптар.
Оң жақта 9ә,б-10 сыныптар.
Қақ ортада 11- сыныптар.
Сағат 830 да музыка жіберу. Рита есік алдында кезекшілік етеді. Мейрамгүл жүргізушілердің артында кезекшілік етеді. Жұмагүл Тудың қасында кезекшілік етеді. Нұркен 11 сыныптың артында кезекшілік етеді. Нұргүл грамоталарды алып барады, оқып директорға беріп тұрады.
Сағат 845 те мектеп оқушыларын сапқа тұрғызу. Сағат 900 де фанфар жіберу.
11 сынып оқушыларын ұстазымен бірге ортаға шақыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі (ҚР Гимні ойналады): Есенбек Дамир, Салимгереева Айгерім Ту көтереді.
Қонақтармен таныстыру.
Мектеп директорының құттықтауы.
Қонақтардың құттықтауы.
Алғашқы ұстаздары Халиуллина Нұргүл Хабақызына, Едгина Айнұр Берікқалиқызына, Ешмухамбетова Айжан Ерсайынқызына сөз беру.
Сынып жетекшіcі Баубекова Нұршат Қадырбековна мен Хасанова Жанылсын Рахымбаевнаға сөз беріледі.
Ән: «Мерекелеріңізбен!» Орындайтын: Айару және Махамбет Өтемісовтар.
Ата-аналар атынан құттықтау сөз Шамғанова Гүлімхан Нұрғожақызына және Наурызбаева Гүлмира Елеусиновнаға беріледі.
11 сынып атынан құттықтау сөз Аманов Нұр мен Өтегенова Ботагөзге беріледі.
Мектеп түлектерінің «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты мерекелік тартуы.
Соңғы қоңырауды соғу рәсімі: Хамзин Руслан, Айшова Светлана.
Бәрі:Ұшты ұядан, қалар артта тәтті сезім - бала шақ
Шақырады алыстарға, шақырады болашақ!
Түлектерге ақ жол, сәтті сапар тілеу.
Салтанатты жиынды жабық деп жариялау.
Күй
1-жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 жылда оң-солын таныған жас
2-жүргізуші:-Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар! «Жас түлек – 2019» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.
1-жүргізуші: - Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің жас түлектері «Жастар жылында» үлкен өмірге қадам басқалы тұр.
2-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық.
Жастар жылғы жас түлектерді
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!
(Әсем әуен орналасып болғанша жайлап ойнап тұрады)
(Мектеп есігінен 11-сынып оқушылары сынып жетекшілерінің соңынан кезек-кезек шығады. Баспалдақтан толық жүріп өтіп түсіп, тіке қызыл жолақ үстімен жүріп өтіп, мектеп есігіне қарама-қарсы жақтың ортаңғы бөлігінде тұрады. Қақ ортасында Нұршат пен Жанылсын тұрады. Олар орналасып болғанша музыка жайлап ойнайды, жүргізушілер кезек-кезек тегін, атын хабарлап тұрады.Орналасып болған соң музыка тоқтатылады.)
1-жүргізуші: 11а- сыныбының жетекшісі: Баубекова Нұршат Қадырбекқызы.
2 - жүргізуші:11ә- сыныбының жетекшісі: Хасанова Жанылсын Рахымбайқызы.
1. | Аманов Нұр Нұрбергенұлы | 1. | Айшова Светлана Тайғалиқызы |
2. | Асетова Альбина Наурызбекқызы | 2. | Ахметова Зарина Русланқызы |
3. | Есенбек Дамир Оразұлы | 3. | Ерік Назира Ерікқызы |
4. | Жұмабай Айжан Ергенқызы | 4. | Ербол Алтынай Ерболқызы |
5. | Иманғали Дарын Даниярұлы | 5. | Каримов Мейрамбек Әбділнасырұлы |
6. | Ихсан Алишер Кайратұлы | 6. | Кубиев Дамир Тимурұлы |
7. | Қази Айкөркем Бақытжанқызы | 7. | Мектепкалиева Гүлшат Ерболқызы |
8. | Қайратов Асылхан Есенболұлы | 8. | Нұрғожа Ләйлім Сырымқызы |
9. | Қуан Ақмарал Асылбекқызы | 9. | Оспанов Азамат Қайратұлы |
10. | Сағидоллаева Кәмила Исатайқызы | 10. | Сәлімгереева Айгерім Айбатырқызы |
11. | Саматова Камилла Азаматқызы | 11. | Тұрсынхан Ақтолкын Серіханқызы |
12. | Сыдикова Жасмин Халықбекқызы | 12. | Утегенова Ботагөз Алтайқызы |
13. | Уралбаева Айзада Сапарғалиқызы | 13. | Шайхиев Дат Науайұлы |
14. | Хамзин Руслан Серикұлы | | |
1-жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер Әнұран.
Мемлекеттік туды көтеру құрметін мектебіміздің мақтаныштары, үлгілі оқушылар: Есенбек Дамир мен Салимгереева Айгерімге ұсынамыз.
(Музыкамен ортаға шығады. Оң жақтан айналып өтіп Туға барады. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады. Туды көтеріп болған соң оң қолын сол жақ төсіне қойып Гимнді айтып тұрады)
(Музыкамен сол айналу бағытында (келген жолымен емес) орындарына барып тұрады)
1-жүргізуші: «Жас түлек -2019» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:1.___________________________________________________________________
2. ___________________________________________________________________________________
3. ___________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 13 қарашадағы №784 жарлығымен
2019 жыл - Жастар жылы деп жарияланды. Жастар қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал болашақ бүгіннен басталады!
Соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Нигметов Берік Задагерейұлына беріледі.
(Сөз сөйлеп, мадақтамаларды табыс етеді, марапаттау кезінде салтанатты әуен қосылады)
2-жүргізуші:
Болашағы елімнің жас қолында,
Адаспасын жастарым өз жолында.
Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып,
Қалансын керекті боп орнында, - дей келе бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз.
Құттықтау сөз _________________________________________________________________________ беріледі.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз _______________________________________________________ беріледі.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз _____________________________________________________________ беріледі.
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстаздары Халиуллина Нұргүл Хабақызына, Едгина Айнұр Берікқалиқызына, Ешмухамбетова Айжан Ерсайынқызына сөз беріледі.
(Музыка)
2-жүргізуші: Ұстазсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі 11а сыныбының жетекшісі Баубекова Нұршат Қадырбекқызына, 11ә сыныбының жетекшісі Хасанова Жанылсын Рахымбайқызына беріледі.
(Музыка)
1-жүргізуші: Ән: «Мерекелеріңізбен!» Орындайтын: Айару және Махамбет Өтемісовтар.
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Шамғанова Гүлімхан Нұрғожақызына және Наурызбаева Гүлмира Елеусінқызына беріледі.
(Музыка)
1-жүргізуші:
Қәне бірге бір жұдырық болайық.
Өзге елдің көшінен біз қалмайық.
Жастар жылы аталынбас тектен тек,
Бар дүние көз тігердей қылайық – деп жүректері лүпіл қаққан, шәкірттік сәттің соңғы, үлкен өмір жолының алғашқы қадамында тұрған Егеменді еліміздің болашағы - жас түлектердің атынан сөз Аманов Нұр мен Өтегенова Ботагөзге беріледі.
(Музыка)
2-жүргізуші:Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
Әр сыныптың мен деген бір түлегі.
(Әдеби-монтаж)
(«27 бүлдіршін, 27 оқушы, 27 түлек, жастар жылы» деген фонмен басталады.Түлектер ортаға аттары айтылып шыға бастайды. Шахмат тақтасындай ортаға тұрады да, ән басталады. «Ақжайықтың жастары»/)
Нұр: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Айгерім: Талай білім алам деп келген кішкене баланың жүрегіне жол тауып, ұлттық
құндылықтарымызды бойымызға сіңіріп, тәрбиелеген
Нұр: қара шаңырақтың түлектерінен «Қош бол, алтын ұя мектебім » атты мерекелік тартуымызды
қабыл алыңыздар.
/Фон ойналып тұрады.Өлеңдер оқылып жатады./
Камилла: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Руслан: Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Айкөркем: Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Дамир: Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын
Зарина: Әліппемен ашып өмір есігін
Тербетті сені «Білім» деген бесігің
Светлана: Өмір деген өрлі өзенге шомылып
Жаттап өстік алғашқы ұстаз есімін.
Алишер: Ата-ана деген атамекен,
Әр адам ата-анамен адам екен.
Алтынай: Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен
Ақтолқын: Әуезі ән , жаны раушан , күн жүрегі,
Жел басқан сезімді де идіреді.
Айгерім: Бүгінгі қыз – бозбала түлектері,
Еліміздің алтын қазық тіректері.
Кубиев Дамир: Парызыңды өтедің сен білемін,
Ал қарызым саған берер көп менің.
Гүлшат: Талай күн өтті жылдар, белестері,
Он бір жылдың қалды артта елестері.
С. Камила: Бұйыртады тағдыр, шіркін, әр адамға несібін,
Кеше ғана ашып едік біздер мектеп есігін.
Асылхан: Енді, міне, содан бері зулап жылдар өтіпті,
Мектеппенен қоштасар сәт біздерге де жетіпті.
/Оқушылардың вальсі басталады.Вальс бітіп, түлектер орындарына тұрады да ән басталады./
Ләйлім: Табылған балапан ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ақмарал: Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.
/Мектеп туралы ән айтылады./
Мейрамбек: Алтын ұя, алтын бесік мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Айзада: Ер жетіп ой тоқтатар уақыт келді,
Сол уақыт, «Мен мұңдалап» елес берді.
Азамат: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Назира: Шақырайық вальске ұстаздарды
Қоштасудың вальсін айтып тұрып .
/Осы жерде барша ұстаздарға гүл шоқтары таратылады да,
сол ұстаздарын биге шақырады. Вальс басталады. /
Дауыс: /Вальс бітер кезде сөздер басталады. Мен үлкен көпқабатты үйлер тұрғызатын құрылысшы болам, ал мен адамдарды емдейтін керемет дәрігер болам. Мен үлкен отбасының әкесі боламын. Ал, мен үлкен сахналарда өнер көрсететін актриса боламын. Мен биші боламын. Менің мақсатым біздің апайлар сияқты, ұлағатты ұстаз болу./
Оқушы: Достар армандар шүбәсіз орындалады.Тек арманымыз айқын мақсаттарымыз нақты болу керек.
/ҰБТ-140, Жарқын болашақ, ЖАСТАР ЖЫЛЫ/
/Шар ұшырылады./
/Жалынды сөздер кетеді./
Айжан: Біз егеменді елдің ертеңі.
Дарын: Біз мәңгілік елдің болашағы
Жасмин: Ардағым деп қуанады ел бізге,
Альбина: Тарланым деп табынады жер бізге.
Ботагөз: Болашақтың бар тізгіні біздерде,
Дат: Сенім артар халқым, біздерге!
Нұр: Естіледі шалғайлардан өмір-күйдің күмбірі,
Армандарға жетелейді жез қоңырау сыңғыры.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп түлектері Хамзин Руслан мен Айшова Светланаға тапсырылады.
(Қоңырау Русланда болады. Светлана Русланның қасына келеді, сосын екеуі бірге қоңырау соғады. Руслан қолына дұрыстап ұстап, қатты соғады. Светлана Русланның қолынан ұстап жүреді. Бір айналып шығып, бастаған жерінен аяқтайды. Қоңырау Русланда қалады. Светлана орнына барып тұрады.)
Бәрі: Ұшты ұядан, қалар артта тәтті сезім - бала шақ
Шақырады алыстарға, шақырады болашақ!
1-жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! ,- деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай мектеп түлектерін үлкен сеніммен, үмітпен жаңа өмірге шығарып салайық.
(Музыка)
(Баспалдақ үстінде тұрған жерінен екі сынып жетекшісіне еріп алғашында
аталған тізім бойынша түлектер ішке кіреді)
2-жүргізуші (ішке кіріп жатырған кезде):
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Осымен 2018-2019 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.
(Музыка)
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде
2018-2019 оқу жылының аяқтауына арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат
2019 жылдың 24 мамырында сағат 900 де мектеп алдындағы алаңда 1-4 сынып оқушыларына арналған, ал сағат 1100 де 5-7 сыныптардың оқушыларына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиындар өтті.
25 мамырда сағат 900 де мектеп алдындағы алаңда 8-11 сыныптардың оқушыларына арналған «Жас түлек – 2019» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Қазақстан Республикасының Туын көтеру құрметі мектебіміздің мақтаныштары, Есенбек Дамир мен Салимгереева Айгерімге ұсынылып, Мемлекеттік Гимн орындалды. Мектеп директоры және салтанатты жиынның құрметті қонақтары Теректі ауданының қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының басшысы Ашикова Ляйла Тілектесқызы, Подстепное селолық округі әкімінің орынбасары Сұлтанов Мейірбек Ақылбекұлы халықты, әсіресе мектеп түлектерін мерекелерімен құттықтап, ақ жол тіледі.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп түлектері Хамзин Руслан мен Айшова Светланаға тапсырылды.
Салтанатты жиын бағдарламаға сай толыққанды өтті. Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін мектеп түлектері ұстаздарымен, ата-аналарымен естелікке қалдыру үшін фотосуретке түсті.
Мектеп директоры: Б.З. Нигметов
Орындаған: Б.С. Габдыгалиев
Байланыс телефоны/факс: 36-4-94
25 мамыр 2019 жыл