

Өтетін орны: мәжіліс залы
Безендірілуі: «Алтын қалам» белгісі жазылған сөз,шарлар,гүлдер
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Жастар білімді, жауапкершілікті, адамгершілікті,әділетті таңдасын және өзімшіл болмасын.Сонда олармен бірге табыс та ілесе жүреді.Бүгінгі «Алтын қалам» байқауына қош келдіңіздер!
Өнер десе елеңдейтін халықпыз
Өнер барда шалқыған ақ жайықпыз
Қай істе де өнер қолдан.Өнерлі адам жетер болған
Жүргізуші:Қазақстан жері сәніміз
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз
Жүргізуші:Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап ,әділдікпен шеше біл-дей келе бүгінгі байқаудың әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтайтын әділқазы алқаларымен таныс болайық
1.Қазақ тілі мен әдебиет пәніні мұғалімі- Қолдасбаева Лязат Болатқызы
2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Сеитжанова Аида Ғабитқызы
3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Иманбаева Айгерім Ерланқызы
Жүргізуші:Олай болса, «Алтын қалам» байқауымыздың шартымен таныстырып өтейік
І-кезең: «Шығарма» /дайындап келген шығармаларының қысқаша не жазылғаны ң баядап беру/
ІІ-кезең: «Өлең оқу» /өз шығармаларынан болу керек.«Алтын қалам» байқауының тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім –қазақ тілі!»
Жүргізуші:Қазақстан –кешегі әз әуен
Қазақстан- бүгінгі ғажап үн
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар
Қазақстан-қастерлі қазағым
Жүргізуші:Әнге құмар болған жасынан
Қиялынан туып өскен тасып ән
Әні бөлек жібітетін жүректі
Еншілеген тәңір шашқан шашудан-дей отыра сөз кезегін болашақ жазушыларға берсек
Шығарма жазған оқушылар:
9 а сынып оқушысы-Чалдымбаева Камила
10 а сынып оқушысы-Нурманова Айдана
10 ә сынып оқушысы-Қыдырбай Ажар
11 а сынып оқушысы-Жумабекова Зарина
Өлең десем ойыма жыр келеді
Ашылып ақ көңілдің кірлегені
Өнер десем көмейім ән салады
Орындалып жүректің аңсағаны
Жүргізуші:Өнер деген ұлылық аялаған
Кәдімгі қарапайым дарынды адам
Өнер деген шіркін-ай бір-бір арман
Армандарың орындалар баршаңыздың
Сөз кезегін болашақ ақындарда
Өлең оқитын оқушылар:
8 а сынып оқушысы-Ануарбек Жанель
8 асынып оқушысы-Болатхан Меруерт
10 а сынып оқушысы –Мусаев Арлан
10 ә сынып оқушысы –Токтасынов Берик
Жүргізуші:Әнге құмар болып өскен жасынан.Қиялынан туып өскен тасып ән
Әні бөлек жібітетін жүректі.Еншілерге тәңір шашқан шашудан
Осымен «Алтын қалам» шығармашылық өнерпаздар байқауы да, өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Жүргізуші:Осымен сайысымыз аяқталды.Бізге берген уақыт тамандалды.
Келесі кездескенше сау болайық.Сіздермен осы жерде қоштасайық. Қош сау болыңыздар!
Ендігі сөз кезегі біздің әділ қазылар алқасында
ҚОРЫТЫНДЫ.МАРАПАТТАУ РӘСІМІ