АСЫЛ СӨЗ АТАСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ.
Нуртанова Г.К.
(Петровка аграрлы-техникалық колледжі)
Мағжан поэзиясы ұлы қасиетке ие. Мұндай рухы мықты жырды жалынмен өртеу, өшiру, мәңгiлiк көзiн жою мүмкiн емес.
Қазақ әдебиетiнiң ұлы ақыны, қазақ халқының ұлы перзентi Мағжан туралы сөзiмдi мынадай өлең жолдарымен бастағым келедi:
Мағжан деген атың бар,
Қазақ деген затың бар,
Ғибрат етiп қалдырған,
Мәңгi өшпес жырың бар.
Ақын деген атың бар,
Оттай жанған сөзiң бар,
Өшпес үмiт ұялатқан,
Мәңгі сөнбес отың бар.
Күннен жаралған, жарқыраған қазақ халқының маңдайына бiткен жұлдызы, кiсендеуге келмейтiн асау жүрегi, Мағжан дегiм келедi.
Қазақ даласының талай таланттарының, талай жақсыларының қадiрiн халық бұл өмірден өткен соң бiлдi. «Алтынның қолда барда қадiрi жоқ» дегендей, Мағжан, Ахмет, Жүсiпбек, Мыржақып, Шәкәрiм секiлдi ұлдары дауылы бораған даланың, қара түнек басқан халқының шамшырағы секiлдi, жылы оты, үмiт оты болғандай. Мағжан да халқы үшiн жоғалғаны табылғандай, тот баспай жарқырап, халық қолына қайта түстi. Асыл тас жетi қабат жер астында жатса да оған кiршiк жұқпайды. Тастың асылы от жалынына, күннiң көзiне ұстағанда бiлiнедi ғой. Ол жарқылдап күнге, отқа шағылады. Осы асыл тастай Мағжан еңбектерi де бiзге көп жылдан берi кiршiксiз, таза асыл мұра ретiнде жетiп отырғаны анық.
Өз даласын, елiн сүйген ақын. Ұлты үшiн жанын қиған ақын. Араға жылдар салып Мағжан халқына қайта оралды. Биылғы жылы ұлы Мағжан 125 жасқа толып отыр. Қазақ халқының өзiнiң ардақты перзентiне көрсетiп жатқан құрметiнде шек жоқ.
Мағжан кiндiк қаны тамған, өзiнiң туған топырағы – Солтүстiк Қазақстан облысы. Осындай киелi мерекеге орай бiздiң Петровка аграрлы-техникалық колледжі оқушылары өз жерлестерiнiң мерей тойын атап өтуде.
Колледж бойынша Мағжан Жұмабаевтың 125 жыл толуына байланысты өткiзiлетiн iс-шаралар жоспары құрылып, барлығы қызу кiрiстi. Колледж кiтапханасында ақынның еңбектерi жүйеленiп, оқушыларға арналған кiтап көрмесi ұйымдастырылды. Бұл жерде ақынның әрбiр еңбегi жайында шолу өткiзiлiп, балаларға түсiнiктемелер берiлдi.
Шығармашылығы жағынан келетiн болсақ та колледж оқушылары құр алақан емес. «Дауылды түнгi шамшырақ» атты шығармалар сайысы өткiзiлiп, жүлделi орындар белгiлендi. Оқушылардың еңбектерiн алып қарасақ мазмұны жағынан толық, қанымды. Мұнда оқушылардың ұлы ақынның өмiрбаяны, шығармалары жайында мол түсiнiк алғандықтары кеңiнен байқалады.
Колледж ішінде Мағжан оқулары өткiзiлiп, балалар бiлiмдерi одан әрi шыңдалды. Бұл жерде ұлы ақынның өлеңдерiн орыс, қазақ тiлдерiнде ең көп мәнерлеген оқушылар iрiктелiнiп, осы сайыстың облыс орталығындағы жалғасына жолдама алды. Әр топ iшiнде «Мен жастарға сенемiн» тақырыбымен сынып сағаттары өткiзiлдi. Барлық оқушылар белсене қатысып, қызықты, тартымды етiп өткiзуге тырысты.
Мiне, осындай шаралар бiздiң колледжде жиi болып тұрады. Мұндай шаралар өсiп келе жатқан ұрпақ үшiн қажет, маңызды. Бiр жағынан бiлiмдерiн толықтырса, екiншiден танымдық қасиеттерiн өсiредi, туған жерге, ана тiлге деген патриоттық сезiмдерiн тәрбиелейдi.
Мағжан бiз үшiн айдын көл, мөлдiреген су, оның өнерiмен танысып, сусындаймыз, шөлiмiздi қандырамыз. Мағжан – әдемiлiктi, сұлулықты сүйген ақын. Оның лирикасы жаңа жауған ұлпа, ақ қар секiлдi, таза мұра. Осы таза мұраны келешек ұрпаққа жеткiзу бiздiң парызымыз.
Өшпестей мұра қалдырған, Мағжан есiмi ел есiнде мәңгi қалады.