Мотивациялық қозғаушы | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Неше мезгіл бар? Балалар, мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер өлең не туралы екенін айтасыңдар. Біз әдепті баламыз, Жайнай берсін даламыз. Табиғатпен дос болып, Қамқорлықпен қараймыз. - Балалар сендер қай елде тұрасыңдар? - Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Ендеше мына суретке назар аударайық. | Балалар сұрақтарға болық жауап беруге тырысады. Балалар өлеңді зейінмен быңдайды. Балалар өлеңді бірнеше рет қайталайды. -Қазақстанда Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады. |
Ұйымдастыру шылық ізденушілік | Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып ойша орманға аттанайық. - Балалар, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа жасыл шөп, шөп үстінде жүрміз, аспан ашық, күн жарқырап тұр- деп орманды елестетейік.
Балалар, табиғатқа не жатады? -Балалар, табиғат нешеге бөлінеді?
Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат» Ойын шарты: Ал, балалар енді табиғаттың ішінен тірі табиғатты атап беріңдерші. Қане кім айтады? Қайсы екен тірі табиғат? - Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші. - Өте дұрыс айттыңдар, балалар. Балалар сендер табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер? | Балалар көздерін жұмып, табиғатты көз алдарына елестетеді. Балалар өз пікірлерін білдіреді. Бізде кең байтақ дала да, шалқыған өзен – көлдер де, жайқалған орман да, асқар биік таулар да бар. Ұлан байтақ жерімізде аңдар мен құстар мекендейді. Балалар өз сөздерімен жауап береді. -екіге бөлінеді. «Тірі және өлі табиғат» болып. Балалар ойын шартын мұқият тыңдайды. -Гүл, шөп, ағаш, жәндік, құстар. -Тау, тас, су, күн, Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек. Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді. Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ. Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі. Құсты атуға болмайды, құс - адамның досы. Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді. Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз. |
Рефлекстік түзету | Балаларға қорытынды сұрақтар қойылады. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен? Жер, су, ағаш бір - бірімен байланыста ма? Су болмаса жердің көркі бола ма? Ө.Тұрманжановтың «Сүйейік, табиғатты аялайық, Біз де одан жақсылықты аямайық» | Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. -Табиғатты аялап, оған қамқор болу керек, ағашты сындырмай, көкті жұлмау керек, құстаріа, аңдарға қамқор болу керек. Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды. |