Тақырыбы: Жаттығу жұмысы
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
сабаққа даярлық.
ІІ.Өткенді пысықтау
23-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
-Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?



Зат есім

жалқы жалпы
жекеше көпше
негізгі туынды
(ел) (елші)
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
24-жаттығуды түсіндіре отрып жазу:
Сын есімнен жасалған туынды зат есімдер: | Зат есімнен жасалған туынды зат есімдер: |
Шебер – шеберхана, таза – тазалық, жақсы – жақсылық, жаңа – жаңалық, әділ - әділдік | Ем – емхана, ас – астық, асхана, ойын – ойыншық, тал – талшық, дос - достық |
Тірек сызба арқылы туынды зат есімдерді түсіндіру.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгізат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.
25-жаттығу туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша қою арқылы бөліп жазу:
Әділдік-әділ, батырлық-батыр, достық-дос, сөздік-сөз, балалық-бала, сыйлық-сый.
2-3 сөйлем құрау, оқу.
26-жаттығуда берілген өлеңді оқу,құрылысшы сөзінің туынды зат есім екендігін дәлелдеу.
27-жаттығу Мақалды жатқа жазу:
Талант қартаймайды,
Білім ортаймайды.
28-жаттығу берілген жұрнақтарды пайдаланып, туынды зат есімдіктерді өздіктерінен құрастыру, оқу, талдау, дәлелдеу.




Ат сыз бала өсім жүз




Аш қыр бай ем біл










Жырт қыш жаз ғыш сый лық сән дік өшір гіш
Тап жан тату әділ іл
Айт сөз
30-жаттығуда берілген ребусты шешу (білім), туынды зат есім екендігін дәлелдеу.
Түбірі – біл, - ім - жұрнақ.
ҮІ. Бекіту:Сөздік диктант:
1) ән, балық, би, оқу, орман, жыр, жазу, жұмыс, жылқы, домбыра, тігін.
Сөздерге –шы, -ші жұрнағының бірін жалғап жаздыру.
2) Адал, ұзын, сұлу, биік, бай, орын, сөздік, таза.
Сөздерге –лық, -лік, -дық, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.
3) Ұш, сор, ат, өшір, бас,, кес, сыз, сүрт, қыр, жырт, іл, отыр.
Сөздерге –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.
ҮІІ. Қорытындылау: 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?
2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не?
3. Туынды зат есімдер дегеніміз не?
4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 29-жаттығу Мәтінді оқу, көшіріп жазу, туынды, негізгі зат есімдерді табу.
ІХ. Оқушыларды бағалау