Просмотр содержимого документа
«"Жемсауыттағы құстар"»
Кіші жас «Ақбота» тобына арналған
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 06.01.2020 ж.
Тәрбиеші:Дюмбаева А.В.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Қысқы құстар»
Тақырыбы: Жемсауыттағы құстар
Мақсаты: Құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптасыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар,дайын аппликация үлгілері,сүрткіш, аудиоқұрылғы арқылы құстар үні.
Көптілділік: жемсауыт-кормушка, құс-птица
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
2. Негізгі бөлімі:
Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.
-Балалар,бұл нелердің дауысы?
-Сендер қандай құстарды білесіңдер?
-Қыстүгіні мекен ететін құстарды білесіңдер ме?
Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.
-Балалар,сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?
Әрекет әдісін көрсету.
-Негізгі бетте (фонда) жемсауыт және жем берілген.Осы бетке құстарды жапсырамыз. Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз.Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.
-Қанаты қандай пішіннен жасалған?
-Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Торғай,торғай,торғайсың.
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын,тойып ал.
Шашылған нан қоқымын,
Шоқып-шоқып жиғайсың,
Сонда аязға тоңбайсың.
Саусақ жаттығуы: «Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Жеке жұмыс
Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.Балалардың
жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.
3. Қорытынды :
-Балалар,құстарға неге жем шашады?
-Құстарды жапсыру сендерге қиын болады ма?
Балаларды мадақтау.