СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әжеге қонаққа барамыз" әңгімелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

балалар ажесимен конакка барганын ангимелеп айтып беру

Просмотр содержимого документа
«"Әжеге қонаққа барамыз" әңгімелеу»

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «КМҰҚ»

Тақырыбы: «Әжеге қонаққа барамыз»

Мақсаты: «Бір» және «көп» ұғымдарын бекіту. Заттарды оң қолымен солдан оң жаққа орналастыруды үйрету. «Әжеге арналған моншақтар» (бір жіпке көп моншақтарды жинау) жаттығу ойыны.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарларын атай білу. Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту. «бір», «көп» ұғымдарын бекіту. Түйе – біреу. Боталар – көп. т.б. Балалардың түсініктерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Әжеге арналған моншақ»

Мақсаты: Бір жіпке көп моншақты оң қолмен солдан оң жаққа орналастыруды үйрету. «Бір», «Көп» ұғымдарын бекіту, түстерін ажырату.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ жауап.

Көрнекі құралдар: Автобус макеті, жануарлар, таулар салынған суреттер, ағаш үй жабдықтары (сандық, ыдыс-аяқтар), түрлі-түсті моншақтар.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

- Дос болып жүрейік,

- Ойнайық та күлейік.

- Достық деген тамаша,

- Міне, тұрмыз жараса.

Балалар бірге қайталайды.

Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, біз бүгін автобусқа мініп, әженің ауылына қонаққа барамыз.

- Балалар, біз ауылға да жетіп қалдық. Енді асықпай автобустан түсейік.

Сол сәтте Әже келеді.

- Қане, балалар әжемен амандасайық.

- Әже, біздің балалар үй жануарларымен танысқысы келеді.

Әже балаларды үй маңында жүрген қойды қозыларымен, ешкіні лақтарымен таныстырады.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары»


Сергіту сәті

Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп, иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Ағаш үйді құрайық.

Әже балаларды үйге кіргізеді.

Әженің әңгімесі. Сандық, көрпе-төсек, ыдыс-аяқтар. Балалардан ненің біреу екенін, нелердің көп екенін сұрау. «біреу», «көп» сөздерін түсініп айтуға жаттықтыру.

Әже: - Балалар, мойныма тағатын моншағымды үзіп алып едім, соны жіпке тізіп бересіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Әжеге арналған моншақ»





Әже «рахмет» айтып балаларға бауырсақ береді.

Әженің аулына барғысы келеді.

Автобусқа міну, түсу қимылдарын жасайды.


Әжемен амандасады.

Үй жануарларымен танысады.


Суретке қарап үй жануарларын атайды.


Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.




Балалар ағаш үйдің ішін тамашалайды.

«Бір», «көп» заттарды ажыратады.



Балалар әжеге моншақтарын оң қолымен солдан оң жаққа қарай бір жіпке тізіп береді.

Балалар моншақтарын әжеге сыйлайды.

Балалар қоштасып балабақшаға қайтады.

Рефлексивті

түзетушілік

- Біз қайда бардық?

- Немен бардық?

- Ауылдан нені көрдіңдер?

- Не көп? Не аз?


- Әжеге не жинап бердік?


- Моншақтарды қалай жинадық?

- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге үй жануарларының суреттерін сыйлаймын.

- Әженің ауылына бардық.

- Автобуспен бардық.

- Үй жануарларын көрдік.

Көп, аз заттарды естеріне түсіреді.

- Әжеге моншақ жинап бердік.

- Солдан оң жаққа қарай.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: «Бір», «көп» ұғымдарына сәйкес болатын заттарды ажырату.

Болуы керек: Үй жануарларына қамқорлықпен қарау.

Баланың қолынан келуі керек: Үй жануарларын атап, моншақтарды солдан оңға қарай жинау.