СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жекеше, көпше түрдегі зат есімдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зат есімнің көпше, жекеше түрлерін ажырата білуге үйрету

Просмотр содержимого документа
«Жекеше, көпше түрдегі зат есімдер»

Тақырыбы: Жекеше, көпше түрдегі зат есімдер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы, көпше және жекеше түрдегі зат есімдерді ажырата білуге мүмкіндік туғызу; Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқу-танымдық әдіс

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
ІІ.Өткенді пысықтау 12-жаттығу

2. Өткен сабаққа шолу жасау
Семантикалық карта

Мысал

жалқы есім

жалпы есім

бала



Астана



тау



Айжан



Есіл



әже



Айдос



Тайбурыл



ұшқыш



балық



ІІ. Мағынаны тану 3. Суретпен жұмыс
- Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».
Суретке қара. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.
Қоян Қояндар балапан балапандар
- Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір - бірінен қандай айырмасы бар?
(Оқушылар жауабы)
4. Ережені түсіндіру жұмысы.
- Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: аталар, құстар, түйелер.
5. Сұрақ - жауап:
М: Суреттерге назар аударайық.
- Бірінші суретте неше үйрек бар?
- Біреу
- Үйрек сөзіне сұрақ қояйықшы?
- Не?
- Екінші суретте неше үйрек бар?
- Үшеу
- Үйректер сөзіне сұрақ қояйықшы?
- Нелер?
- Келесі суретке қарайық. Неше қыз бала бар?
- Біреу
- Ал екінші суретте неше қыз бала бар? Қандай сұрақ қоямыз?
- Біреу. Кімдер?
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

«Кім көпшіл?» ойынын ойнату.

Ойынның шарты: бір ғана заттың атауына сәкес көп заттың атауын айту. Дала-далалар,жер – жерлер, тас – тартар, адам-адамдар, сарай-сарайлар т.б. Ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс

13-жаттығу мәтінді оқу, сөйлемдердегі сөздерді кестеге толтыру.

Жалқы есім

Жалпы есім

Көпше түрдегі зат есімдер

Жекеше түрдегі зат есімдер





14-жаттығу жаңылтпашты оқу, жатқа айту. Жекеше түрдегі зат есімдер: ара, бал. Көпше түрдегі зат есімдер: аралар, балалар.

15-жаттығу сөйлемдерді тиісті көптік жалғаулармен толықтырып жазу: Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

16-жаттығу мәтінді оқу, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазу: хайуанаттар, аңдар, маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар.

Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім
2. Заттың атын білдіретін сөздер тобы:
А) қалам, дәптер, бала Ә) ойнады, күледі Б) әдемі, сұлу В) үлкен, жеті
3. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қайтті? Ә) кім? не? Б) неше? қанша? С) қандай? қай?
4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қар, доп, есік
А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім
5. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер
6. Жалқы есімді тап.
А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам
7. Жалпы есімді тап.
А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Елек
8. Оқушы сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер
9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап?
А) он Ә) жиырма екі Б) екінші В) бес жүз
10. Жалқы есімді тап.
А) өзен Ә) Тайбурыл Б) қақпақ В) дәптер

(Өзін - өзі бағалау)
10 – 9 балл – «5»
8 – 6 балл – «4»
5 – 3 балл – «3»
2 – 0 балл – «2»

ҮІ.Бекіту:18-жаттығудағы гүлдердің жапырақтарында берілген сөздеді оқу, сұрақтар қою. көпше түрдегі зат есімдерге өзгертіп айту

.ҮІІ. Қорытындылау.1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Жалқы есім дегеніз не?

3. Ал, жалпы есім дегеніміз ше?

4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 17-жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау