Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Күні: 13.09.16
технологиялық картасы
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлігі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жемістер жыры» Н.Жанаев
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту,жемістердің атауымен «Жемістер» деген топтастыру сөзді негізу.
Билингвалдық компонент: Жемістер-фрукты.
Сөздік жұмыс: Жеміс
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | «Топтық тілегі»-топтық жиын -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күзде қандай өзгерістер болады? -Күзде қандай жеміс-жидектер піседі? | Балалар бір-бірімен амандасу -Қазір күз мезгілі. -Күзде күн суыта бастайды, жеміс -жидектер, көкөністер піседі. -Алма, алмұрт, банан, өрік, шие піседі. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалардың назарын тақтаға аудару. -Балалар ненің суреттері бейнеленген. -Жемістер қайда өседі? -Қандай жемістерді білесіңдер? Жемістер туралы тақпақ Сергіту сәті: | -Жемістердің суреті. -Бақта өседі Алма,алмұрт,банан,анар. Тақпақты қайталауға тырысты. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп- кішкентай балалар, Үп- үлкен боп өседі. Балалар қайталайды және қиылмен көрсетеді |
Рефлексивті-коррекциялау | Сендер қандай шығармамен таныстыңдар? шығармада не жайында айтылған? Балаларды мақтап-мадақтау. | -Тақпақ “Жемісмтер жыры” -Жемістер туралы Балалар қуанады |
Күтілетін нәтиже:
Жемістердің түрлері жайлы ұғынады
Жемістер туралы түсінеді
Жемістер жыры өленің айту қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ кіші тобы «Көбелек» Күні: 11.10.16ж
Білім саласы: «Қатынас» Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
Кіші сала: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көкөністер» Ә.Тобылдиев
Мақсаты:Қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту, балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру.
Билингвалдық компонент: көкөніс-овощь
Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар қараңдаршы бізге кім қонаққа келді? Кәне Сәулемен амандасамыз. Балалар Сәуле бізге жай келмепті өзімен бірге сыйлық ала келіпті. Мынау не? | Қуыршақ Сәуле Сәлеметсіз бе! Сәуле қош келдіңіз! Балалар қызығушылық танытады. Бұл көкөністер. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар көкөністерді атаңдаршы? Түстері қандай? Көкөністер қайда өседі? Балалар тақтадан не көріп тұрсыңдар? Көкөністерден қандай тамақ жасайтымызды айтайық. Көкөністер туралы тақпақпен таныстыру Көкөністі көп ектік, Өссін, піссін деп ектік. Көктемде еккен көкөніс, Күзде берді көп өнім Дидактикалық ойын:»Кім көкөністі көп жинайды» Ойын шарты: екі топқа бөлініп себеттерге ең көп көкөністерді жылдам жинау | Сәбіз Картоп Қырыққабат Қызылша Қияр Қызанақ Қызғылт сары Ақ қызыл Жасыл Көкөністер бақшада өседі Көкөністерді. Салат Салма Борщ жасауға болады Тақпақты тыңдады Тақпақты қайталауға тырысты. Балалар ойынға белсене қатысады Ойынды қызықты етуге тырысты. |
Рефлексивті-коррекциялау | Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау Қонаққа кім келді? Ол не әкелді? Көкөністердің қандай түрлерін білесіңдер? Ойындар ұнады ма? Өте жақсы балалар. | Балалар сұраққа жауап береді Қуыршақ Сәуле Көкөністер әкелді Сәбіз Картоп Қырыққабат Қызылша Қияр Қызанақ Ия ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Көкөністер және жемістерді ажыратуұғынады
Көкөністер сан алуандығын түсінеді
Көкөністерді күнделікті өмірде қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
ІІ кіші тобы «Көбелек» Күні: 25.10.16ж
Білім саласы: «Қатынас» Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
Кіші сала: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бес саусақ» Е.Өтетілеуұлы
Мақсаты:Өлеңді мұқият тыңдап, саусақ қимылы арқылы өлең мағынасын түсініп, жатқа үйрету.
Билингвалдық компонент:
Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | «Топтық тілегі»-топтық жиын -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күзде қандай өзгерістер болады? -Күзде қандай жеміс-жидектер піседі? | Балалар бір-бірімен амандасу -Қазір күз мезгілі. -Күзде күн суыта бастайды, жеміс -жидектер, көкөністер піседі. -Алма, алмұрт, банан, өрік, шие піседі. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалардың назарын тақтаға аудару. -Балалар ненің суреттері бейнеленген. «Бес саусақ» өлеңінің авторымен таныстыру Бас бармағым - атам, үйдің данасы. Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы. Ортан терек - әкем, отау панасы. Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары. Титтей - бөбек - мен, бәрінің базары. Сергіту сәті: | Балалар тақтаға назар аударады -Саусақтар Балалар портретке назар аударады. Балалар өлеңді қайталайды Тәрбиешімен бірге жаттайды Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі |
Рефлексивті-коррекциялау | Сендер қандай шығармамен таныстыңдар? Шығармада не жайында айтылған? Балаларды мақтап-мадақтау. Өлеңді қайталау | -Бес саусақ өлеңімен таныстық -Саусақтар Балалар тәрбиешімен бірге қайталау, жаттау |
Күтілетін нәтиже:
Күз мезгілі туралы ұғынады
Саусақтардың түрлері жайлы түсінеді
«Бес саусақ» өлеңін жаттау, қайталау қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні: 13.12.2016ж
ІІ кіші тобы «Көбелек» Тәрбиеші: Садвокасова В.А.
Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс» А.Асылбекова
Мақсаты:Табиғаттың құбылыстары туралы түсінік беру, сөздік қорын дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.
Билингвалдық компонент: қыс - зима
Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
1 кезең Мотивациялық - қозғаушы | -Сәлеметсіздерме,балалар! | -Сәлеметсізбе? |
Ұйымдасты-рушылық ізденіс | Суретпен жұмыс. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы? -Қыста күн қандай болады? -Ал, адамдар қыста қалай киінеді? -Қыста қандай ойындар ойнайыңдар? Балалар далада күн қандай? Ал, үйдің іші қандай? Балалар біз бүгін «Қыс» өлеңімен танысамыз. Өлең оқу. Ұйытқып соғып борасын, Ауылдың жапты қорасын. Киініп шық, абай боп. Ауладан шықсаң, тонасың. Бұл қай мезгіл, балалар, Қайсың, кәне, табасың! Сергіту сәті Орнымыздаң тұрайық, Шапалақты соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. Ха-ха-ха дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. | -Қыс мезгілі. -Желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Суық, аязды болады. -Қыста адамдар жылы киінеді (бөрік, тоқыма шарф,тон, пима, қолқап). -Шанамен сырғанаймыз, қар атысып ойнаймыз,жүгіреміз. -Далада күн суық. -Үйдің іші жылы. Балалар тәрбиешіге назар аударады Өлеңді мұқият тыңдайды Тәрбиешімен өлеңді қайталайды Тәрбиешінің көрсеткен қимылдарын қайталайды Ха-ха-ха дыбыстарды дұрыс айтуға тырысты. |
Рефлексивті-коррекциялау | Қорытынды. Мадақтау. Сау болыңдар! | Шаттана,қуанады. Сабақ көңілді өтті. |
Күтілетін нәтиже:
Қысқы табиғат ерекшеліктерін ұғынады
Қыс өлеңін түсінеді
Ха-ха-ха дыбыстарын дұрыс айту қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні: 27.12.2016ж Тәрбиеші: Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас», Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Торғай»
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, әдебиетке деген балалардың қызығушылықтарын арттыру, өлеңнің мағынасын түсінуге машықтандыру, өлеңді жатқа айтуға үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Билингвалдық компонент: торғай-воробей
Сөздік жұмыс: машықтандыру
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Жұмбақ жасыру. Балалармен достасып, жазда бақты қорғайды. Күзде кетер қоштасып, кім біледі . (торғайды) Билингвальдық компонент: торғай - воробей | Жұмбақтың шешімін табады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | -Слайдпен жұмыс. -Әңгімелеу. Қандай құстарды білесіңдер? Құстардың қандай пайдасы бар? Біз құстарға қандай қамқорлық көрсете аламыз? Неліктен құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Дала мен үй құстарының қандай айырмасы бар? Дала құстары табиғатта өз беттінше тіршілік етеді. Олар бұтақтардың арасына ұя салып өмір сүреді. Құстар дәнді дақылдармен, түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. - «Торғай» деген өлеңді оқу, талдау. Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң.болмайды Кіп-кешкене торғайлар Ағаштарды қорғайды Таспен атып торғайды Ұя бұзған оңбайды Құс өкпелеп кетеді Бақшамызға қонбайды -Тыйым сөздер оқу. *Құстардың ұясын бұзба! *Құстардың балапанына тиіспе! *Құсқа тас лақтырма! Д/о «Құстарды құрастыру.» | Слайдпен жұмыс жасау. Әңгімеге араласады. Сұрақтарға жауап береді. -Торғай, -Сауысқан, -Қарға Балалар ойланады -Тамақ береміз -Қараторғайға ұя жасап береміз -Күн суытады тоңбау үшін Балалар сұраққа ойланады тәрбиешіге назар аударады Тәрбиешіні тыңдайды. Өлеңді мұқият тыңдайды. Тыйым сөздерді тыңдайды. Ойынды қызыға ойнайды. Қиылған бөлшектерден құстарды құрастырады |
Рефлексивті-коррекциялау | Балаларды мақтау, мадақтау. | Балалар алған білімдеріне риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Құстарға қамқорлық жасауды ұғынады
Құстар жайлы түсінеді
Өлеңнің мағынасын түсіну қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні: 10.01.2017ж Тәрбиеші: Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас», Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Торғай».
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, әдебиетке деген балалардың қызығушылықтарын арттыру, өлеңнің мағынасын түсінуге машықтандыру, өлеңді жатқа айтуға үйрету, есте сақтау қабылетін дамыту.
Сөздік жұмыс: машықтандыру
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Жұмбақ жасыру. Балалармен достасып, жазда бақты қорғайды. Күзде кетер қоштасып, кім біледі .. (торғайды) Билингвалдық компонент: торғай-воробей | Балалар тәрбиешінің айтқан жұмбағын тыңдайды. Жұмбақтың шешімін табады. -Торғайды Торғай сөзінің аударымын қайталайды |
Ұйымдастырушылық ізденіс | -Слайдпен жұмыс. -Әңгімелеу. Қандай құстарды білесіңдер? Құстардың қандай пайдасы бар? Біз құстарға қандай қамқорлық көрсете аламыз? Неліктен құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Дала мен үй құстарының қандай айырмасы бар? Дала құстары табиғатта өз беттінше тіршілік етеді. Олар бұтақтардың арасына ұя салып өмір сүреді. Құстар дәнді дақылдармен, түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. - «Торғай» деген өлеңді оқу, талдау. Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң.болмайды Кіп-кешкене торғайлар Ағаштарды қорғайды Таспен атып торғайды Ұя бұзған оңбайды Құс өкпелеп кетеді Бақшамызға қонбайды -Тыйым сөздер оқу. *Құстардың ұясын бұзба! *Құстардың балапанына тиіспе! *Құсқа тас лақтырма! Д/о «Құстарды құрастыру.» | Слайдпен жұмыс жасау. Әңгімеге араласады. Сұрақтарға жауап береді. Торғайқарға, аққу, тоқылдақ, сауысқан Олар ағаштарды тазартады Ән айтады Олар әдемі, сұлу Ұя жасап бере аламыз Тамақ береміз Күн суытады Олар тоңады Үй құстары адамдармен бірге болады Ал дала құстары жапанда өмір сүреді Тәрбиешіні тыңдайды. Өлеңді мұқият тыңдайды. Тыйым сөздерді тыңдайды. Ойынды қызыға ойнайды. Әр үстелге (топпен жұмыс) бір-бірден құстың суретінің бөліктері беріледі, олар суретті құрастырулары тиіс. Балалар белсенділік танытады. |
Рефлексивті-коррекциялау | Балаларды мақтау, мадақтау. | Балалар алған білімдеріне риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Құстарға қамқорлық жасауды ұғынады
Құстар жайлы түсінеді
Құстың суретін құрастыру қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні: 24.01.2017ж Тәрбиеші: Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас», Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мысық пен тышқан» М.Әлімбаев
Мақсаты: Балаларды әдеби шығарма кеіпкерлерімен таныстыра отырып, ойын жеткізуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Шығарманы мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс:
Көрнекіліктер: ертегі, қорап, жануарлар муляжі, мысық пен тышқан бетперделері
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар? Жарайсыңдар Қорапта не бар екен? | Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды. Қолындағы затқа мұқият қарайды Қолыңдағы қорап Балалар қызығып, таңданады |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Олай болса бір бала келіп қораптың ішін қолын салып анықтап, айтсын Бұл қандай аң? Балалар мысық қандай? Ол қайда өмір сүреді? Ал мынау ше? Тышқан қандай? Билингвалдық компонент:тышқан – мышка, мысық – кошка Мысық пен тышқан сендерге ертегі әкеліпті. Сергіту сәті: Балалар ал енді ойын ойнайық | Балалар белсенділік танытады Бір бала келіп қорапты ашып, ішінде не бар екенін анықтайды -Мысық -Мысық әдемі -Жүні үлпілдек -Ол үйде өмір сүреді -Тышқан -Тышқан кішкентай Ертегіні мұқият тыңдайды. Пеш үстінде мысық отыр Екі көзін қысып отыр Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр. Балалар ойынға қатысады |
Рефлексивті-коррекциялау | «Мысық пен тышқан» қимылдық ойынын ойнау Ойын шарты: Бұлойынғатопбаларыбәрітегісқатыса алады.Балаларды (қақпақалың) дөңгелене тұрғызып,ортағатәрбиешікөмегіментышқанменмысықсайланады.Мысықтышқандықуыпұстапалуыкерек.Дөңгеленетұрғанбалалартышқандыяғнимысықтанқұтқаруүшін,қақпадантышқандышығарыпдіберіпмысықтышығармауғатырысады.Мысықтышқандыұстауүшіншапшаңдықкерек.Мысықтышқандыұстапалса,ойынғакелесіжаңабалаларқатысаотырыпалмасабереді. | Балалар ойын кезінде өте белсенді болды. |
Күтілетін нәтиже:
Балалар мысық пен тышқан ерекшеліктерін ұғынады
«Мысық пен тышқан» ертегісінің мазмұнынүсінеді
«Мысық пен тышқан» ойынын ойнайды, белсенді қатысады қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельностиКүні: 07.01.2017ж Тәрбиеші: Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас», Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Кірпі» жаттау Ө.Бөсекеева
Көрнекіліктер: Суреттер
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар қазір мен сіздерге жұмбақ жасырайын: Үсті толы түйме, Бірақта іс-тігіп қадамайды түйме. Балалар ол не деп ойлайсыңдар? Осы кезде кірпі қонаққа келеді. Балалар сіздер мен туралы айтып жатқандарыңды біліп едім. | Балалардың жауабы Назарлары кірпіге ауады. |
Іздену-ұйымдастырушы | Кірпі кірпі келе ғой біз саған тақпақ айтып берейік.Қане балалар кірпі туралы бәрімізбірге тақпақ айтайық. Тұмсығында түймесі, Деп тұрғандай тимеші. Азулыдан сақтайтын. Кірпінің көп инесі. Балаларға сергіту сәтін жасатады:Тоңып қалған кірпі,доп домалақ болып жатады.күн сәулесі түскенде ол ,керіле бастады.Содан кірпі қайырлы таң дейді. | Кірпі қуана келіседі. Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындады. |
Рефлексті-коррекциялаушы | Тәрбиеші балалармен «Суретті құрастыр»ойынын ұйымдастырады. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды.Балаларды жасаған жұмыстары үшін жеке-жеке марапаттайды. | Балалар ойынды қызығушылықпен ойнай білді. Тәрбиеші сұрақтарына жауап бере білді |
Күтілетін нәтиже:
Кірпі туралы ұғынады
Кірпінің ерекшеліктері мен оған қамқорлық жасау түсінеді.
Кірпі туралы тақпақ айта білу қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
технологическая карта организованной учебной деятельности
күні: 21.02.2017 ж
ІІкіші тобы « Көбелек»
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Кіші сала: Көркем әдебиет Тәрбиеші:Садвокасова В.А.
Тақырыбы: Е. Өтетілеуов «Отан»
Мақсаты: Балаларды шығармамен таныстыру. «Отан» деген сөздің мағынасын ашып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: отан - родина
Сөздік жұмыс: Қазақстан Республикасы
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызыметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Біз қай елде тұрамыз? Біздің елбасымыз кім? Біздің бас қаламыз қай қала? | Қазақстан Республикасында тұрамыз. Н. Назарбаев. - Астана |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Біз қай қалада тұрамыз? Қостанайда қандай үйлер бар? Бізде қандай демалыс орындары бар? Бізде қандай өзен бар? Көп ұлттар тұрады. Сергіту сәтін орындату. Шығарманы оқып шығу. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою. Шығарманы тағы да оқып шығу. | -Қостанай қаласында Үйлеріміз биік, әсем. Бізде саябақ , парк бар. -Тобыл өзені бар. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Сергіту сәтін орындайды. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. |
Рефлексивті-коррекциялау | Біз қандай шығармамен таныстық. Шығарма сендерге ұнады ма? | «Отан» шығармасымен таныстық. Ия өте ұнады |
Күтілетін нәтиже:
Шығарманы ұғынады
Отан» деген сөздің мағынасы жайлы түсінеді
Шығарма желісі бойынша сұрақтарға жауап беругеқолдана алады