Күні: 06.05.15
Әдеби монтаж
Мұғалім: Пирназарова А. Ж.
Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы
Сабина: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа,
Елестетер қара тажал өлімді.
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.
Ұмытуға халқымыфз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Өткізді олар сызды окопта күндерін,
Елестетем қанды кешіп жүргенін.
Естігендей болам жаудың шебіне,
Атой салған сарбаздардың үндерін.
Талай жанды қиды ажал балтасы,
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты әдеби монтажымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Біржан Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Әділет:
70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін.
70 рет көктемде содан бері
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Соғыста Отан деп от кешкендердің, елім деп еңіреген ерлердің, өзіңді тосамын деп өмірден өткендердің, ерлігі мен майдан даласында қаза болғандардың, сол апаттан зардап шеккен жандардың, мәңгіге оралмаөан, бірақ жүрегімізде шамшырақтай жарқыраған батырлардың рухына тағзым етейік.
Ақнұр: Соғысқа Қазақстанның 1 млн 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйелдер еді. Соғыс кезінде Қазақстаннан барған 500 жауынгер мен офицерлер, оның ішінде 100 қазақ ұлтының азаматы «Кеңес Одағының баиыры» деген ең жоғары атаққа ие болды. Олар – біздің мақтанышымыз.
Ақбота :
« Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың». Адам ешқашан да анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. « Табандылықтың атасы татымды тәрбиеден бастау алады» деген Халық қаһарманы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Еркебұлан :
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсанда Мыңбұлақтың басында, асқаралы тау бөктерінде, желмен ырғала сыбдырлап ән салған қарағайлы, қайыңды, қызғалдақты өлкенің баурайында дүние есігін ашқан екен.
Бегнұр :
Мәскеу үшін шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Жауынгерлер батырлықтың, тәртіптіліктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсете отырып өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты, тізе бүктірді.
Сәния : Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем, шуақ тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің Жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі?!
Біздің осы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің 70 – көктемі де келіп жетті.
Азамат :
Осынау сұрапыл соғыста майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен батыр жүректі қазақ қызы болды. Небары жиырма жасар қазақ қызы – Мәншүк. Еркін далада еркін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете берді. Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, батырлық танытты.
Қара көз қазақ қызы – Мәншүк батыр,.
Орнатқан дұшпанына заманақыр.
Сұлатқан сан фашисті баудай турап ,
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.
Ердәулет :
Әлия мен Мәншүкті ардақтау – исі қазақты ардақтау. Әлия мен Мәншүк – халық үшін егіз есім, бір ұғым. Мәншүк те, Әлия да жас еді.
Тверьдің орманы-жас, жері – кәрі,
Ата – қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерге Әлияның қаны сіңген,
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,
Әлия Отанына болған мақтан.
Казачиха маңында тұлғасы тұр,
Дегендей « Ерлікке аттан, жеңіске аттан!»
Сол жермен сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
Кәусәр :
Мақтанбаймын қалайша , марқаймаймын,
Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.
Барлығын да сыйлапты адамзатқа,
Ынтымақты, жеңісті дархан мамыр,
Күш – қайратың бойында тасқыны бар,
Мұқалмайтын төзімді достығы бар.
Талай тарих таңқалған куә болған,
Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.
Асылбек :
«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес». Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болашаққа арналған. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы елімізде мәңгі сақталады.
Аружан :
Мәңгілікке айналып өткенімен,
Керуен тартып көгілдір көк төрімен.
Қайтқан құс боп қиқулап туған елге,
Оралады әр жылдың көктемімен.
Кеңге сілтеп құлашты, өрісті біз ,
Ғарышқа да аудардық қонысты біз.
Бейбіт күннің әр таңғы тынысы үшін ,
Біз солардың алдында борыштымыз.
Ән «Сарбаздар» орындайтын Еркінбек Біржан
Қазақ биі, орындайтын қыздар.