Ұлы Жеңіс күніне – 72 жыл
Курбанова Аимгуль Жамалдиновна
Т.Кенжебаев орта мектебі
Сабақтың мақсаты:
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу.
Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апа қайғыны.
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколамск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.
Ленинградүшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Қазақ халқының батыр қыздары
Әлия мен Мәншүк
Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Әлия Молдағұлова
1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.
Мәншүк Мәметова
Т.Кенжебаев (1902-1988ж)
Т.Кенжебаев 1902 жылы Алматы облысының Шелек ауданындағы Шелек селосында туды. 3 жасында ата-анасыз қалып, баурының қолында тәрбиеленді. 1918 жылға дейін өмірі жалшылықта өтіп, октябрь революцясынан кейін өңдейтін заводта жұмысшы , одан кейін колхозға кіріп аға шопан болып еңбек еткен.
1942ж наурыз айында өз еркімен майданға кетті. Ол 60-шы гвардиялық Чернигов кавалериялық полктің құрамында болды.
Совет жауынгерлері жаудың қарсылықтарына күйрете соққы беріп , Днепрге қарай тоқтаусыз жылжыды. 1943 жылғы 27-нен28 қыркүйекке қараған түні Т.Кенжебаев эскадронда бірінші болып Днепрді жүзіп өтті.
1944 жылғы 15 қантарда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Кежебаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Черниговты азат етуде «Черниговшылар» деген құрметті атаққа ие болды.
Соғыстан кейін Т.Кенжебаев «Авангард» кеңшарында жұмыс істеп, сол жерден құрметті демалысқа шықты.
Төле Кенжебаев 1988 жылы 86 жасында дүние салды.
Батыр есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында:
- Оррта мектептің аты
- Нурлы-Масақ ауылы
- Шелек ауылында көше аты
- Шаруа қожалығына Т.Кенжебаев есімі берілген
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!