СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жергілікті желі

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық сабақ жоспары 11 сыныптарға арналған

жаратылыстану бағыты бойынша

Просмотр содержимого документа
«Жергілікті желі»

Сабақ жоспары


Бөлім: 11 Қарым-қатынас

Мектеп: М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желі интернет сервистері

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Хавдеш Еркин

Сынып: 11 Б

Сабаққа қатысқандар:

келмегендер:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқыту мақсаттары

  • Желінің құрылымдары мен олардың қолданылуларын (маршрутизатор, хаб, коммутатор, көпір және прокси сервер) сипаттай алады);


Сабақтың мақсаты

  • Есептеу желісін ұйымдастыру кезінде интернет және типтік желілік жабдықтардың құрамын білу;

  • Желілік жабдықтар мен олардың сыртқы түрін айыра білу.

Тілдік мақсат

Оқушылар біледі:

Роутер, желілік ауыстырып-қосқыш көпірлер немесе прокси-серверлер сияқты желілік компоненттердің қолданысын түсіндіре алуды;

Пәндік лексика және терминология:

Интернет, www, хаттама, желі (желілік)

Хатқа, сұхбатқа арналған пайдалы фразалар:

Біздің мектептік желіде пайдаланылатын, бізге Интернеттегі веб-сайтқа қосылуға мүмкіндік беретін, қажетті құрылғы.........

Жоспар

Сабақтың

кезеңдері

Іс-әректті жоспарлау (төменде келтірілген тапсырмаларды өз жоспарларыңа сәйкес алмастырыңыз)

Мұғалімге арналған

материал

Ресурстар

Басталуы

0-2 мин.

Ұйымдастырушылық кезең: қатысушыларды журнал бойынша түгендеу, оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Интернет және желіге арналған құрамдаушылардың түрлері.

Сынып журналы

Ортасы

3-7 мин.

Мұғалімнің әрекеті

Мен не істеймін?

Мұғалімнің сұрақтары арқылы тірек ұғымдарды маңыздыландыру:

  1. Компьютерден компьютерге ақпаратты қалай беруге болады?

  2. Желіге енген компьютер қандай қызметтерді орындай алады?

Оқушылар жауабы тыңдалған соң, жинақтау жасалып, дәптерге «компьютерлік желі» терминінің анықтамасы жаздырылады.

Екі немесе одан да көп компьютерді денелей қосқанда компьютерлік желі пайда болады.


Компьютерлік желі (ағылш. computernetwork, мұндағы net – желі, work - жұмыс) – бұл бірлескен байланыс құралдары мен нысандар арасындағы үдерістерді ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуші құралдардың өзара жиынтығы болып табылады.

Ақпарат алмасу мақсатында екі компьютердің қарапайым қосылысы тікелей қосылыс деп аталады.

Таныстырылым


Оқушының әрекеті

Оқушы не істейді?

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мүмкін болатын жауап нұсқалары:

  1. Компьютерлер немесе wi-fi сымсыз желісі арасында әдеттегі жергілікті желі қалай құрылады; желілік буманы (жалпы қолжетімділіктегі буманы); кәдімгі флеш-жинақтаушыны пайдалануға болады.

Түсініктеме: оқушылар мәліметтерді компьютерден мобильдік құрылғыға, мысалы, арнайы шнур арқылы мобильдік құрылғыны компьютердің USB разъеміне тікелей қосуға немесе сымсыз Bluetooth-қосылысты пайдалану арқылы жіберу тәсілдерін еске түсіруі мүмкін.

  1. Желіге енуді ұйымдастыру; ақпараттарды беруді басқару; есептеу ресурстары мен қызметтерді желідегі абоненттерге ұсыну.

Жұмысты аяқтаған соң оқушылар «компьютерлік желі» деген түсінікті дәптерлеріне жазып алады.

8-15 мин.

Мұғалімнің әрекеті

Мен не істеймін?

Топтық жұмысты ұйымдастыру (оқушылар топшаларының санына қарай 2-3 топқа бөлінеді): Оқушылар 10 компьютермен жабдықталған кабинеттің сызба жоспарын алады (№ 1/А үлестірмелі материал), осыны пайдалана отырып тақтада келесі таныстырылым тапсырмалары нәтижесін орындайды.

Тапсырма:

  1. Сізге ұсынылған кабинет схемасында 14 компьютер орнатылған. Оларды желіге қосудың тәсілін ойлап табыңыз, мұнда ескерілетін жағдай: кез келген екі абонент арасында ақпаратты берудің ең қысқа маршруты болатындай болсын.

Жұмысты аяқтаған соң жинақтау жүргізіліп, оқушылар «желілік топология» деген терминнің анықтамасын дәптерлеріне жазып алады.

Желілік топология(грекше.τόπος - орын) - желі конфигурациясын, желілік құрылғылардың орналасу схемасы мен қосылыстарын сипаттау тәсілі. .


Жалпы жағдайда компьютерлік желіні құру үшін арнайы аппараттық қамтамасыз ету (желілік жабдықтау) және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету (желілік бағдарламалық құралдар) қажет болады.

Желілік жабдықтар, бұлар – компьютерлік желінің жұмысына қажетті құрылғылар. Оларды белсенді және белсенділігі аз жабдықтар деп бөлуге болады.

Таныстырылым № 1

Слайд 2-3


Оқушының әрекеті

Оқушы не істейді

Топтық жұмыс: Оқушылар № 1/А үлестірмелі материал схемасын пайдаланып тапсырмалар орындайды.

Оқушыларға ұсынылатын, ДК қосылыстарының мүмкін болатын нұсқалары:

  1. Жалпы шина бойынша ретімен – барлық компьютер бір кабельге қосылған.

  2. Шеңберлік қосылыс ретімен - әр компьютер бір-бірімен қосылған, ақпаратты жеткізуші сигнал шеңбер бойынша жүріледі.

  3. Жұлдыздық қосылыс – орталық құрылғыдан алынып, әр компьютерге жеке кабель жүргізіледі.

  4. Бұтақтық қосылыс – барлық желі үшін бір орталық сервер және әр түрлі жұмыс топтары үшін бірнеше файлдық серверлер болады.

Жұмысты аяқтаған соң жинақтау жүргізіліп, оқушылар «желілік жабдықтар» деген терминнің анықтамасын дәптерлеріне жазып алады.

Сабаққа дидактикалық құралдар - Үлестірме

материал № 1/А

16-40 мин.

Мұғалімнің әрекеті

Мен не істеймін?

Жеке жұмысты ұйымдастыру (топшадағы барынша қабілетті бес оқушыға арналады): оқушылар интернет ресурстарды пайдалана отырып, келесі желілік құрылымаушыларды: роутер, хаб (шоғырландырғыш), желілік коммутатор, көпір, прокси-серверлерді зерттеуге тиіс: Өз жұмысының нәтижесін олар келесі жоспар бойынша плакатта бейнелеуге тиіс (№ 1/Б үлестірме материал):

  1. Құрылғының бейнесі;

  2. құрылғылардың ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі атаулары;

  3. құрылғының желідегі рөлі мен қолданысы жазылған.


Мұғалім топтық жұмысты орындаған оқушылардан № 2/А үлестірмелі материалдар кестесін жеке тапсырма негізіндегі жауапқа сүйене отырып толтыруларын өтінеді

Таныстырылым № 1

Слайд 4-8


Сабаққа дидактикалық құралдар - Үлестірме

материал № 1/Б:

Парақ 1 – Роутер

Парақ 2 – Хаб

Парақ 3 – Коммутатор

Парақ 4 – Мост

Парақ 5 – Прокси-сервер



Сабаққа дидактикалық құралдар - Үлестірме

материал № 2/А

(


Оқушының әрекеті

Оқушы не істейді





































Топтар бірін-бірі бағалау

Жеке жұмысты орындау және оның нәтижесін таныстырылымдау: желіні құрамдаушыларды (шоғырландырғыш), желілік коммутатор, көпір, прокси-сервер үйренген соң оқушылар келесі ақпараттар көрсетілген плакатты толтырады: (үлестірме материал № 1/Б).

  1. Құрылғының бейнесі;

  2. құрылғылардың ағылшын, орыс, қазақ тліндегі атаулары;

  3. құрылғының желідегі рөлі мен қолданысы жазылған.

Оқушылардың жеке сұрақтарының мүмкін болатын нәтижелері:

  1. Желілік шоғырландырғыш / хаб (ағылшын. hub- орта) – компьютерлерді Ethernet желісіне орам жұп түріндегі кабельдік инфрақұрылым қолдану арқылы біріктіруге арналған құрылғы.

  2. Желілік көпір (ағылшын bridge) – компьютерлік желілердің сегменттерін біртұтас желіге қосып біріктіруге арналған желілік құрылғы.

  3. Желілік коммутатор (ағылшын жарг.свич от англ.switch – ауыстырып қосқыш) – желінің бір немесе бірнеше сегменті шегінде бірнеше компьютерлік тораптарды қосуға арналған құрылғы.

  4. Маршрутизатор / роутер (ағылшын router) – желінің әр түрлі сегменттері арасында мәліметтер жіберуге арналған пакет пен кемінде бір желілік интерфрейсі болатын, әр түрлі құрылымдағы желілерді байланыстыратын, мжелі топологиясы мен әкімші жүктеген арнайы ережелер негізінде әліметтер негізінде қайта жіберуге шешім қабылдайтын арнайыландырылған желілік компьютер.

  5. Прокси-сервер (ағылшын proxy - «уәкілетті өкіл») – клиенттерге өзге желілік қызметтерге қатысты сұрауларды орындауға мүмкіндік тудыратын компьютерлік желідегі қызмет (бағдарламалар кешені).

40-44 мин.










Рефлексия


Сабақ мақсаты/оқу мақсаттары шынайы болды ма?


Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақ атмосферасы қалай болды?


Менің саралап оқыту тәсілім жақсы жұмыс істеді ме?


Графикке сыйды ма? Өз жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізген болар едіңіз? Неліктен?

Осы бөлімді сабақты рефлексиялау үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанадағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақта

Бүгін мен ............білдім

Бүгін мен ..........үйрендім

Маған .............ұнады

Бүгін маған.... қиын болды









Жалпы бағалау


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (түсіндірілуі мен оқытылуы туралы ойланыңыз)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта түскен болар еді (түсіндірілуі мен оқытылуы туралы ойланыңыз)?

2:


Сынып немесе жеке оқушы туралы қандай ой туындады және келесі сабаққа қалай дайындалу қажет болады?


































  1. Желілік шоғырландырғыш / хаб (ағылшын. hub- орта) – компьютерлерді Ethernet желісіне орам жұп түріндегі кабельдік инфрақұрылым қолдану арқылы біріктіруге арналған құрылғы.

  2. Желілік көпір (ағылшын bridge) – компьютерлік желілердің сегменттерін біртұтас желіге қосып біріктіруге арналған желілік құрылғы.

  3. Желілік коммутатор (ағылшын жарг.свич от англ.switch – ауыстырып қосқыш) – желінің бір немесе бірнеше сегменті шегінде бірнеше компьютерлік тораптарды қосуға арналған құрылғы.

  4. Маршрутизатор / роутер (ағылшын router) – желінің әр түрлі сегменттері арасында мәліметтер жіберуге арналған пакет пен кемінде бір желілік интерфрейсі болатын, әр түрлі құрылымдағы желілерді байланыстыратын, мжелі топологиясы мен әкімші жүктеген арнайы ережелер негізінде әліметтер негізінде қайта жіберуге шешім қабылдайтын арнайыландырылған желілік компьютер.

  5. Прокси-сервер (ағылшын proxy - «уәкілетті өкіл») – клиенттерге өзге желілік қызметтерге қатысты сұрауларды орындауға мүмкіндік тудыратын компьютерлік желідегі қызмет (бағдарламалар кешені).