Сарыкөл орта мектебі
“ Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер”
Жоба авторы: Валиева Мадина
Секция: Тарих
Жетекшісі: Биржанова А.К. тарих пәнінің мұғалімі
Сарыкөл 2016 жыл
Ғылыми-жобамдағы Жеті атаны зерттеудегі ең басты мақсатым: Өзімнің түп - тамырым, шыққан тегімді білу және де соны біліп, зерттей отырып, аталарым сияқты өнегелі, білікті, абыройлы азамат болу. Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл Құлағы мен жағын жер, - дегендей бір атаның баласы емес, бүкіл қазақ еліне жанашыр, рухы биік, саналы, салауатты азамат болғым келеді. Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын...
Менің әулетімнің шежіресі
Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам-Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап , жете білсең адаспайсың деген тағлым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәмсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген, және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі: 1. Ата. 2.Бала. 3.Немере. 4 Шөбере. 5.Шөпшек. 6.Немене. 7.Туажат. 8.Жекжат. Жекжат жеті атаға кірмейді.Жекжат-деген енді қыз алысып,қыз берісіп бір бірімізбен туыстық қатынастан,құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кедерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып,қыз беруге жеткенін жариялап, бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп ер жетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұхсаттарын беретін болған. Бұның өзі үлкен мағанада боз бие сойылып,әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған.Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған.
Туысым-түп тамырым Әбіл мен Жамал Омаровтар
Өз жұртым Нұртаза Жанулин
Мырзажан мен Қадыржан Жанулин
Қадыржан Жанулин
Қадыржанның анасы Балымжан
Қадыржан атамның ағалары Әбітжан мен Бақытжан
Өзіммін
Менің отбасым
Нағашы жұртым
Нағашы атам
Жанабаев Ерғожа
Кенжеғұл ұлы
Нағашы атам жас кезінде
Жанабаев Ерғожа
Кенжеғұлұлы
Қосымша кестелер
Қазақтың туысқандық қатынастары
нағашы жұрты
шешесі жағынан туысады
өз жұрты
қайын жұрты
жолдасының туыстары
әкесі жағынан туысады
қайын ата, қайын апа, қайын аға
Нағашы ата, нағашы әже, нағашы апа, қарындас, жиен, туажат, жиеншар.
баба, ана, ата, әке, шеше, аға-іні, апа, қарындас, немере, шөбере, т.б
2015жылы қазан айында зерттеу кезінде «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер»тақырыбы бойынша Сарыкөл орта мектебінің 5-11 сыныптар аралығындағы мәлімет
Сыныптар тізімі
Барлығы
5 сынып
Біледі
10
6 сынып
7 сынып
Білгісі келеді
2
14
8 сынып
12
3
7
Білмейді
11
8
5
18
9 сынып
11
7
8
10 сынып
17
7
10
6
6
11 сынып
10
9
0
4
11
6
1
6
3
3
2016 жылы қаңтар айында зерттеу кезінде «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер»тақырыбы бойынша Сарыкөл орта мектебінің 5-11 сыныптар аралығындағы мәлімет
Сыныптар тізімі
Барлығы
5 сынып
Біледі
10
6 сынып
7 сынып
Білгісі келеді
7
14
12
8 сынып
11
3
Білмейді
3
18
8
3
9 сынып
4
15
3
10 сынып
17
3
4
11 сынып
6
10
3
7
6
4
0
3
7
0
1
1
Қорытынды
Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әке-шешемнің шежіресімен тереңірек таныстым.
Менің негізгі мақсатым «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген аталы сөздің мағынасын ашу. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады.
Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімді толықтырдым.
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады.
Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді. Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі, жәрдемдеседі.
Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре.
Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерле біл.
Назарларыңызға рахмет!!!