Visual Basic бағдарламалау тілі бойынша тест тапсырмалары
- Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір
А) edit Б) format В) project
- Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір
А) run Б) file В) tools
- Мәтіндік, сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент
А) pointer Б) frame В) label
- Формаға графиктік өріс шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
- Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
А) line Б) data В) shape
- Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент
А) data Б) timer В) OLE
- Қасиеттер терезесін шығаруға арналған перне
А)F3 Б) F4 В) F5
- Форма тақырыбын жазу
А) font Б) name В) caption
- Код терезесін ашуға арналған перне
А)F5 Б) F6 В) F7
- Экранға форманы шығару үшін қолданылатын пернелер комбинациясы
А)shift+F5 Б) shift+F6 В) shift+F7
Жаңа сабақ
Қазіргі кезде Windows-те жұмыс істейтін қолданбалы программалар (қосымшалар) жасауда Visual Basic және Object Pascal (Delphi) технологиялық тілдері кеңінен қолданып келеді. Windows-те жұмыс істейтін қосымшалардың қолайлылығы – пайдаланушы компьютерге командаларды экранда көзге көрініп тұратын батырмаларды шерту арқылы беріп, нәтиже ала алатындығында. 1991 жылы Microsoft корпорациясы компьютерлік әлемге Visual Basiс бағдарламалау жүйесін ұсынды. Visual Basiс – бағыт-бағдарлау программалау тілін ұстанатын ал-ғашқы тілдердің бірі. Бағыт-бағдарлау программалау тілінде әрбір қадамды толықтай сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаларға, яғни пайдаланушының әрекеттеріне қалай жауап қайтару керек екенін көрсетсе болғаны. Бұл бағдарламалау жүйесі арқылы бір ауқымды бағдарлама емес, Windows-тың пайдаланушы басқаратын, өзара байланысты микро-программалары бар қосымшасы құрастырылады. Visual Basiс көмегімен осындай қосымшаларды жылдам құрастыруға болады.
Оқушылар төмендегі экономикалық сөздіктердің мағынасы оң жақ бөлігінде жасырылады да, сабақтың өту құрылымының әр бөлігінде осы алты сөздіктің мағынасын ашып оқып танитын болады.