СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жол атасы - бағдаршам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларына жол ережесін түсіндіру мақсатында өткізілген сынып сағаты. Тақырыбы "Жол атасы - бағдаршам".

Просмотр содержимого документа
«"Жол атасы - бағдаршам"»

Тақырыбы: Жол атасы – бағдаршам.

Мақсаты: Оқушылардың жол ережесі туралы білімдерін кеңейту, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; «Үлкенге – құрмет, кішіге – көмек» көрсете білуге үйрету, қайда, қандай жағдайда болмасын өзгелерге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру. Оқушылардың жан-жақты көзқарасын қалыптастыру, танымдарын кеңейту, қоғамда қалыптасқан, бәріне ортақ ережелерді сақтай білуге, оған бағынуға дағдыландыру, оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, сөзжұмбақ, жол ережесіне арналған кітапша.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру.

Сабақ барысы

I. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу

II.Балалар, бүгінгі сабақта біздер «Жол жүру ережелері» қаласына барамыз. Жол жүру ережелері қаласының сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендердің жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Ой қозғау:

-Ендеше ,балалар, КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі.

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіндер?

Жаяу жүргіншілер, көліктер, тротуар, КЖТ, бағдаршам, жол белгілері, қиылыстар, инспектор


Бағдаршам аты

Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанмен заты

Өзінде көп ақыл

Тұрады ол дәйім

Бұрышында жолдын

Қиып өткен сайын

Қарайтұғын балғын.

- Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «Көп көзді батыр» екен дедік.

-Кім айтады бағдаршамның неше түсі бар?

-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр.

-Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.

- Жолдардан тұрады ғой әлем деген –деп сайыстың кезеңдерімен танысып өтейік.

1. Өз орныңды тап!

2. Реттеуіш инспектор қызметкерінің сауалы.

3. МАИ емтиханы.

4. Сен білесің бе?


1-кезең. « Өз орныңды тап»

Бағдаршам түстері бойынша топқа бөлу.

Тоқта--- қызыл

Дайындал—сары

Жүр--- жасыл (оқушылар өз орындарын таба білу керек.)

Мұғалім: Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?

(Реттеуіш инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.)

2-кезең. « Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы»

1. Сұрақтарға жауап беру.

1) Мына белгі нені білдіреді? (абайла балалар!) (5ұпай)

2)Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады)( 5 ұпай)

3) Сымға асылып жүр асығып. (троллейбус) (10 ұпай)

4) Көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?

101 –өрт сөндіру,

103- жедел жәрдем, (10 ұпай)

102- МАИ

2. Келесі кезекте бізде «Қызықты сөзжұмбақ»(топтық жұмыс):



Б

а

л




с

А

ғ

а

Т



Ғ

а

р

ы

ш

к

е

р

л

е

р

Д

о

п




А

н

а




д

о

м

б

ы

Р

а






Ш

а

ң

ы

р

а

қ



б

А

л

ы

қ




М

а

м

ы

р


1. Ара немен қоректенеді?

2. Біз уақыттың неше екенін білу үшін қайда қараймыз?

3. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев – бұлар кімдер?

4. Бала теуіп ойнайды,

Қызығына тоймайды.

Пішіні оның дөңгелек,

Ішіне ауа көп керек.

Ол не?

5. Әлемдегі ең аяулы, ең ардақты жан кім?

6. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы.

7. Киіз үйдің жабдықтарының бірі.

8. Суда тіршілік ететін жануар.

9. Көктемнің соңғы айы.


3-кезең: МАИ емтиханы. Сауалнама.

1 Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар.

Ә) көшеде жаяу жүретін адамдар.

Б) белгілер.

2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А)болады

Ә) болмайды

Б) білмеймин

3. Қала, ауыл көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс?

А) Кез келген жолмен

Ә) тротуармен

Б) автомобиль жолдарымен

4. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10

Ә ) 12

Б) 14

5. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары

Ә) жасыл

Б) қызыл


4-кезең: «Сен білесің бе?».

Жұмбақ

1. Төрт аяғы домалақ,

Адамсыз жүрмейді ( машина)


2. Өзі тым күшті,

Аяғы тісті ( трактор)


3. Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ « тоқта», « жүр» дейді ( бағдаршам)


4. Атым сұлы жемейді,

Теппесем жүрмейді ( велосипед)


Қорытындылау : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.