СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жол бойындағы қауіпсіздік, сіз бен біз үшін!

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жол ережесін жаттайық!

Видеоролик

Музыка: фанфар

1-жүргізуші: Сәлем, достар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн! Бүгінгі, мектеп аралық «Жол ережесін жаттайық» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші. Ендеше алыс сапарымыздың жолын ашық деп жариялаймыз!

Просмотр содержимого документа
«Жол бойындағы қауіпсіздік, сіз бен біз үшін!»

Жол ережесін жаттайық!

Видеоролик

Музыка: фанфар

1-жүргізуші: Сәлем, достар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн! Бүгінгі, мектеп аралық «Жол ережесін жаттайық» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші. Ендеше алыс сапарымыздың жолын ашық деп жариялаймыз!

3-жүргізуші: (бағдаршам белгісін ұстап ысқырықпен ысқырады!)
Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
2-жүргізуші: - Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
1-жүргізуші: Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Жас заңгер» атағына ие болады.
3-жүргізуші: - Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.


2-жүргізуші:Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен!
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.- деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

1. Орнын тап- (әр топ өздерін таныстырады!)

2. Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы( сұрақ – жауап)
3. Қала әліппесі (көрініс)
4. Сен білесің бе? ( жапсырмаларды құрастыру)
5. Шығармашылық жұмыс. ( заң туралы өнер)
2-жүргізуші: Жас заңгерлердің , Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік. Байқау кезеңдерімен таныс болыңыздар!
1 - кезең бойынша «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топ өздерін таныстырып өтсе. Ортаға 3 «А» сыныбын шақырамыз (ары қарай)

1-жүргізуші: Бағдаршам, бағдаршам, Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?

3-жүргізуші: Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.

2-жүргізуші: Ендеше, Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы». Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
1.. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!) 5 ұпай
2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай
3. Сымға асылып, жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай
4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру - 01, жедел жәрдем - 03 МАИ - 02 )10 ұпай
5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі?( алдан түсіп, арттан мінеді)15 ұпай
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)15ұпай

1-жүргізуші- Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.
2-жүргізуші- Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде сіздер сайысқа түсесіздер. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша өз өнерлеріңізді көрсетесіздер! Ендеше ортаға 1- топты шақырамыз (ары қарай)

3-жүргізуші: Келесі кезеңіміз алдарыңызда тұрған белгілерді құрастыру, ал ендеше кеттік!

2-жүргізуші: Жақсы, ал біз балалар белгілерді құрап болғанша көрермендерге сұрақ қояйық! Жауаптарына ырза болайық!

  1. Жүргіншілер деген кім?
    А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
    2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
    А) болады В) болмайды С) білмеймін
    3. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?
    А) аялдамалардан В) кез - келген жерден С) дүкен алдарынан
    4.. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
    А) кез - келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
    5. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
    А) 10 В) 12 С) 14
    6. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
    А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
    7. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
    А) сары В) жасыл С) қызыл

    1-жүргізуші: БІЗДІҢ, көрермендерімізде білімді екен!

Ал, енді Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:
Бұл қандай белгі!? (ЖАУАП)

2-жүргізуші: Ескерту белгісі: Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.


3-жүргізуші:Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жақта.


1-жүргізуші:Нұсқау белгісі: Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.


2-жүргізуші: Жаяу жүргінші: Адамдар жүреді,

Зебра деп күледі,

Айтқандары шындық қой,

Ақылға бұл ілеседі

3-жүргізуші: Достар, барар жерімізге жетіп қалыппыз!

1-жүргізуші: Ия, ендеше соңғы мәреміз заң жайлы өнер тамашалау! Ортаға 1- топты шақырайық!

3-жүргізуші: Керемет, енді әділ өазы алқалары бағалап болғанша Ержан Дәулеттің орындауында .............. әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен - кіші баршамызға-дей отырып әділ-қазы алқаларына сөз кезегін берейік!

1-жүргізуші. Тоқта, сақта, жол ашық- дей келе ашық тәрбие сағатымыз мәресіне жетті. Келесі жүздескенше, сау болыңызар!