Жол тәртібін сақтаймыз
Мақсаты:Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру,ережелерді есте сақтауға үйрету,жол қауіпсіздігін,өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Іс-шарамыз басталсын сәлемменен
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар,балалар
Бала – біздің болашағымыз.Ал сол блашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу,ең алдымен ата-ананың,тәрбиешілер қауымының төл міндеті десек те,осынау маңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауды.Өйткені соңғы уақытта көшелерде көліктің шектен тыс көбеюіне байланысты алуан түрлі жол көлік апаттарының орын алып жатқандығын,сондай апат салдарынан жасөспірімдердің әртүрлі оқиғаларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды.Олай болса алғашқы сөз кезегін жол полициясы қызметкеріне берейік.
Көрініс.
Тәрбиеші:Балалар біздің Орал қаласында кішкентай,өте ақымақ қоян өмір сүрел\ді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады.Бағдаршамның жасыл түсі жанып,халқы жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді?
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай,автобус,машинадан қорақпаймын.Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын
Тәрбиеші:Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.
Май қызметкері: Сәлеметсіздерме, бұл жедел жәрдем бе? Тез клсеңіздер екен,қоянды кшеде машина қағып кетті.Жағдайы өте нашар.
Тәрбиеші:Жедел жәрдем келіп ішінен дәрігер түседі.
Май қызметкері: Ұзын құлақ сұр қояным ау,қайғы жамылдың ау
Дәрігер:Қай жерің ауырып жатыр?Қазір сені тексерейін
Қоян: Аяғым ауырып жатыр (айқайлап жібереді)
Май қызметкері: Жылама,шыда қоянжан.Бағдаршамға қарап жол ережесін сақтағанда мұндай пәлеге ұрынбас едің?Дәрігер қоянның жағдайы не болмақ?№№№Ол енді жүре алама?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.Ем алуы керек.(жедел жәрдеммен алып кетеді.)
Май қызметкері:Көрдіңдерме балалар,қоянның басынана қандай жағдайлар өтті.Сол себепті сендер өте сақ болып,үлкендерді тыңдап жүріңдер.Жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдарма?Бағдаршам дегеніміз не?
(Ортаға бағдаршам түсі боп үш бала шығады.)
Жасыл түс:Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін
Біліп алам менде
Жасыл жанса демде
Алға кетем лезде
Сары түс:Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір
Қызыл түс:Жанса қызыл шоқтай
Қаламын кілт тоқтай
Май қызметкері:Ал енді балалар,ауруханағ телефон оғып,қоянның жағдайын білейік.
Сендерге қуанышты жағдайым бар.Қоянды ауруханадан шығарған екен.Қане қоянды қарсы аламызба?
Қоян: Балалар менен бір үлкен қателік кетті.Мен жол ережесіне мән бермеппін.Маған бағдаршам туралыайтып беріңдерші ,а?
1-бала
Амансың ба қоянжан
Қорықпағын сен жолдан
Үйретеміз барлығын
Білеміз біз бағдаршам
Мынау тұрған бағдаршам
Қызыл,сары,жасыл шам
Кезекпенен жанады
Ұғып алғын қоянжан
2-бала:
Қызыл түсі жанғанда
Баспа қадам сен алға
Сары түсі жанғанда
Дайындалып тұр мұнда
Жасыл түсі жанғанда
Жорта бергін сен жолда.
Май қызметкері:Қоянжан,сенің білмейтінің әлі көп.Сен,біздің балалар көше белгілері туралы не біледі екен,тыңдап көр.
Ескерту белгісі: (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйм салу белгісі: (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)
Қызылменен боялған шеңберлі,аумақты
Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлермен хақың жоқ жүруге
Қауіп бар,бағдарла,,көз салып жан-жаққа.
Міндеттеу белгісі: (Көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда
Абай бол,шартымды міндетті орында.
Нұсқау,көрсеткіш белгісі (Көк түсті төртбұрыш)
Баратын жеріңнің бағытын,тұратын
Үн-түнсіз жөн айтып,жол нұсқап тұрамын
Күндіз де,түнде де от болып жанады
Көк түске боялған үшбұрыш шырағым
Тәрбиеші:
Жол тәртібі кімге керек,бірге ойланып көрейік
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік
Ережені жақсы білген ортаға шық,жас ұлан
Біліміңді сарапқа сал,біз етейік,төрелік.
«Үлгілі жолаушылар» және «Жас инспекторлар» атты топтар арасында сайыспен жалғасады.
Топтардың танысуы
«Үлгілі жолаушылар»:
Басталар әр қадамың аттауменен
Жол жүру ережесін сақтауменен
«Жас инспекторлар »:
Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік
1-бөлім
Сұрақ –жауап
1.Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі көліктердің қозғалысын реттейтін құрылғы? (бағдаршам)
2.Жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған,көп адам отыратын көлік (автобус)
3.Бағдаршамның неше көзібар,атап бер? (үш көзі.қызыл,сары,жасыл)
4.Көліктер қандай жермен жүреді?(жолмен)
5.Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не дегенді білдіреді? (тоқтап тұр)
6.Сары жанғанда нені білдіреді? (дайындал)
7.Жасыл жанғанда не білдіреді?(жолдан өтуге болады)
Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүре беруге рұқсат етіледі? (өрт сөндіру,жедел жәрдем,полиция)
2-бөлім
Жұмбақ шешу
1.Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді ізетпен
Ысқырығы күзеткен. (Май қызметкері)
2.Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды (автобус)
3.Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ тоқта,жүр дейді (бағдаршам)
4.Көліктің қаншасын үстінен өткізген
Іргеден басталып ,алысқа жеткізген (жол)
3-бөлім
Ретімен бағдаршам көздерін орналастырып жапсыру.
Қоян: Рахмет сендерге балалар,мен көп нәрсені үйреніп алдым.Енді жол ережесін бұзбаймын.
Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып гүлдей ді үміт
Алысқа сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше,қай қалағ барсаңызда
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға – деп бүгініг кездесуімізді аяқтап,келген қонақтарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз