Жаңа сабақтың таныстырылымы Сүтқоректілер класының систематикасына шолу жасап, жұмыртқалаушы сүтқоректілердің жорғалаушылар мен сүтқоректілерге тән белгілерін атап өтеді. Сүтқоректілер класы Қағанақтылар Қалталы сүтқоректілер Жоғары сатыдағы аңдар Төменгі сатыдағы аңдар Ілкіаңдар немесе жұмыртқалаушы сүтқоректілер класс тармағы Қазіргі сүтқоректілер класс тармағы       Топтық жұмыс: Топтарға тапсырмадан бұрын бағалау критерийлері таныстырылады. «Жорғалаушылар» тобы №1 тапсырма: Оқушыларға ресурстар таратылып беріледі (№1 қосымша).Мәтінді пайдалана отырып кестені (№2 қосымша)толтырыңыздар. Қалталы сүтқоректілер отряды Формативті бағалау: «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау) Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды. Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс. Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағын тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арналған. -Қалталы сүтқоректілердің ұрығы қалай дамиды? -Қалталы сүтқоректілердің қағанақсыз деп аталуының себебі неде? «Қосмекенділер » тобы: №2 тапсырма: Оқушыларға ресурстар ( №3 қосымша) таратылып беріледі. Мәтінді пайдалана отырып кестені(№4 қосымша) толтырыңыздар. Жұмыртқалаушы сүтқоректілер немесе ілкіаңдар отряды Формативті бағалау Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды. Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. -Жұмыртқалаушы сүтқоректілердің жорғалаушыларға және құстарға тән қандай ұқсастығы және қандай айырмашылығы бар? -Үйректұмсық пен түрпінің баласын жұмыртқадан шығаруында қандай айырмашылық бар? «Құстар» тобы №3 тапсырма. Қалталы сүтқоректілер мен ілкіаңдарды салыстыру Формативті бағалау: «Қолмен белгі беру» әдісі. «Сүтқоректілер» тобы №4 тапсырма жұмыртқалаушы сүтқоректілердің жорғалаушылар мен сүтқоректілерге тән белгілері Формативті бағалау «Бағдаршам» Презентацияларды бағалауға арналған критерийлер: Критерийлер | балы | Регламенттің сақталуы | 1 | Ақпаратты нақты және жинақы түрде жеткізілуі | 1 | Эстетикалық жағынан тартымды | 1 | Тақырып мазмұнының ашылуы | 1 | Топ алдында қорғап шығуы | 1 | Балды бағаға айналдыру шкаласы: 5 балл-«5» 4 балл-«4» 3 балл-«3» 1-2 балл-«2» Сергіту сәті: «Салат» ойыны Оқушылар шеңбер құрып тұрады да жемістердің атын кезекпен атап шығады: алма, алмұрт, шабдалы, өрік. Алдымен алмалардың, содан кейін алмұрттардың, тағы басқаларының орын ауыстыруларын сұрап қозғалысқа келтіреді. Формативті бағалауды жүзеге асыру «Элективті» тест. Мұғалім әрбір оқушыға «А,В,С,Д» немесе (1,2,3 сандары) әріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды. 1.Ілкіаңдар (алғашқы аңдар)- 1.Ұрпағын тірілей туады. 2.Жұмыртқа салады 3.Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз болады 2.Үйректұмсық сүтқоректілер класына жатады себебі: 1.Жұмыртқа салады 2.Мүйізді тұмсығы бар 3.Ұрпағын сүтімен асырайды 3.Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз болады: 1.Коала, кенгуру 2.Түрпі, үйректұмсық 3.Кенгуру, тасманиялық қасқыр 4.Жұмыртқалаушы сүтқоректілерге жатады: 1.Түрпі, түрпітек 2.Коала, тасманиялық қасқыр 3.Кенгуру, үйректұмсық 5.Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер жіктеледі: 1.Шөпқоректі, етқоректі, бунақденеқоректі 2.Жұмыртқалаушы, қалталы, қағанақтылар 3.Құйрықтылар, құйрықсыздар, аяқтылар. 6.Жұмыртқалаушы сүтқоректілерде жорғалаушыларға тән белгі 1.Сүт бездерінің болуы 2.Клоаканың болуы 3.Терілі қалтаның болуы |