СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жұлдыздар мен аңыздар"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жұлдыздар мен аңыздар" "Жұлдыздар мен аңыздар" "Жұлдызд

Просмотр содержимого документа
«"Жұлдыздар мен аңыздар"»


Мектеп:

№174 мектеп-гимназия

Мұғалім:

Жырымова Г.Н.

Пәні:

Қазақ тілі

Күні:

06.04.2018ж

Сынып:

5 «Г»

Қатысқандар:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы:

Аңыздар мен жұлдыздар

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.ӘТН4.4 Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Мәтінді тыңдау, мұғалімнің көмегімен қойылған сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Мәтінді түсіну, көтерілген мәселе бойынша сұрақтарға жауап беру. Сан есімнің мағыналық түрлерін атай алу.

Кейбір оқушылар:


  • Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алу, сан есімнің мағыналық түрлерін ажырату, мысал келтіре алу.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

  • Тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді.

  • Оқыған немесе тыңдаған тыңдау, көру материалдары бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Тапсырманы орындайды.

  • Сан есімді табады, мысал келтіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аспан әлемі, жұлдыз, аңыз, Жетіқарақшы, Темірқазық, галактика, Құс жолы, сан есім, сан есімнің мағыналық түрлері т.б.

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Аспан әлемі дегеніміз не?

  2. Жұлдыздардың түрлерін ата.

  3. Аңыз дегеніміз не?

  4. Жұлдаздарға байланысты қандай аңыздар бар?

Алдыңғы оқу.

«Сырлы да сиқырлы аспан әлемі», «Ғаламның ғажайып сандары» деген тақырыптарда аспан әлемі, жұлдыздардың түрлері, сан есім, сан есімнің мағыналық түрлерімен танысты.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)

1 мин.















2 мин.







2 мин.






















5 мин.

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.


  • Психологиялық ахуал тудыру.


  1. «Менің көршім»
    Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуіне ықпал ету, бір - біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі сабақты көтеріңкі көңіл-күймен баста! (Оқушылардың бойында жағымды көңіл-күй қалыптастырып, жаңа сабақты бастаймын)


  1. Қызығушылықты ояту:

Оқушыларды топқа бөлу. Жұлдыз, ай, күннің суреттерін таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді.


  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  • «Ашық микрофон» әдісін пайдалана отырып өткен сабақты қайталау. (Топтағы бір оқушы журналист болады да басқа топтан дайын тұрған сұрақтарға жауап алады. Әр топ 3 сұраққа жауап береді.)

Сұрақтар:

  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есімдер құрамына қарай қалай бөлінеді?

  3. Есептік сан есім дегеніміз не?

  4. Болжалдық сан есім –ыншы, -інші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

  5. Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  6. Бөлшектік сан есімге мысал келтір.

  7. Топтау сан есім дегеніміз не?

  8. Реттік сан есімдер – ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

  9. Дара сан есімдердің саны шексіз.


  1. «Кинометафора» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан «Арыстан жұлдызы» туралы бейнеролик көрсетіледі.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты анықтау.


  • Балалар, жаңағы бейнероликте не туралы айтылған? (оқушылар өз жауаптарын айтады).


  • Ол жұлдыз туралы қандай ақпарат берілді?(оқушылар өз жауаптарын айтады).



  • Аңыз дегеніміз не?(оқушылар өз жауаптарын айтады).

  • Аңыз-қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. 


  • Балалар, қазақ әдебиетінде тағы қандай аңыздарды білесіңдер??(оқушылар өз жауаптарын айтады).


  • Дұрыс, ендеше, балалар бүгінгі сабағымыз аңыздармен байланысты болмақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- Жұлдыздар мен аңыздар.







Көтеріңкі көңіл-күй













Жұлдыз, ай, күннің суреттері


Микфрофон, сұрақ жазылған қима қағаздар


















https://www.youtube.com/watch?v=J3uz_PA7ajA



Ортасы

(20 минут)


10мин.

































5 мин.




















Топтық жұмыс.
Мақсаты:
Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтап, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.


1-тапсырма.

160 бет 6 –тапсырма. (оқылым, жазылым, айтылым дағдылары)

Мәтін мазмұны туралы кеңесіп, сурет салады. Әр топ өз бөліктері бойынша «Оймоншақ» тәсілімен аңыз жұлдыздар жайлы айтып береді. Топтар «Ең үздік аңызшыларды» анықтайды.


Дескриптор:

  1. Сурет мәтін мазмұнына сай салынған.

  2. Мәтін бөлігін бірігіп талдады, топ ішінде ой бөлісті.

  3. Ақпарат түсінікті жеткізілді.


Бағалау:

  • Дескриптор бойынша оқушылар бір-бірінің жауаптарын екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.






 



«Кім жылдам? Кім тапқыр? Кім жүйрік?»

Мақсаты: Тез әрі дұрыс оқуға үйрету. Сан есімді тауып, дұрыс талдау жасау.
1-топ

1-БІР

Же1 екен 1 қазан.
Ке 1 жемді 1 қазан.
1 ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
Тойдым, - деп
Естіп 1 кез дү1ді
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.

2-топ

2-ЕКІ

Баласына ж 2 ріп,
Ұрсып жатыр к2лік
- 2леніп с 2ріп,
Алып қажың 2 лік,
2ншілей 2ңді
Көрсетпе!- деп ж2ді
К2рейіп баласы
2ленбей тапасып,
Жоймасам ба 2 кімді
Деп б2нген с2лді.


3-топ

 5-БЕС

«Тебесің,-деп,-қойларды»,

5ті айғырды қораның

Тө5іне лақтырдым.

5 аспап батырмын.

Сен5ең, сұрағын:

5іктегі бөпемнен,

5 жастағы көкемнен.



Дескриптор:

  1. Өлеңді қатесіз, дұрыс оқу;

  2. Өлеңді тез оқу.





Бағалау: Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



2- тапсырма. (жұптық жұмыс) Әр топқа сан есімнің мағыналық түрлеріне байланысты мысалдар беріледі. Сәйкестендіру арқылы тапсырманы дәптерге орындайды.


Мақсаты: Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу.


Мысалдар



Сан есімнің
мағыналық
түрлері

Қазанның екісі дүниеге келген.

Бөлшектік

Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен.

Жинақтық

Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған .

Болжалдық

Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде;

Есептік

Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.

Топтау

Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу.

Реттік

Мысалдар



Сан есімнің
мағыналық
түрлері

Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар

Бөлшектік

Базаралының қасында бес-алты кісі қалған.

Жинақтық

Он-оннан топқа бөліндік.

Болжалдық

Есептің жауабы 2,5.

Есептік

12-15 миллиардқа жуық жыл аралығын құрайды.

Топтау

Ауыз біреу, құлақ екеу.

Реттік



Мысалдар



Сан есімнің
мағыналық
түрлері

Қазақстан Республикасының жер көлемі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында.

Бөлшектік

Сөз саны-100-150 сөз.

Жинақтық

Жан-жақтан жүз шақты адам келді.

Болжалдық

Бір қатарға бес-бестен тізіле қалды.

Есептік

Бөлшектің жауабы-он бүтін оннан бір.

Топтау

Атадан алтау туса да,
Басыңа бір жалғыздық түсер
Ағайын алтау, ана біреу.

Реттік

Бағалау: Көршіннің дәптерін тексер.


интерактивті тақта, үлкен плакат, түрлі-түсті қарындаш т.б.












































































Семантикалық қима қағаз



















Соңы

(5 минут)

Рефлексия. «Тазалық» ойыны.


• Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан (суреті) 
2. Қоқыс жәшігі (суреті) 
3. Еттартқыш (суреті) 



- Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).




Чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш суреттері.



Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі.

ТКО әдісі (тыңдау, көру, орындау) бойынша оқушылар тапсырманы орындайды.

Әр тапсырмада дескриптор бойынша «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», арқылы кері байланыс орнатып отырамын.

  • «Бас бармақ»

Бас бармақты жоғары не төмен көрсету арқылы.

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»






Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Денсаулық және қауіпсіздік: сабақта санитарлық-гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

АКТ - есте сақтау қабілеті дамиды.

Құндылықтардағы байланыс - мектепке деген құрмет сезімі оянады, мектеп құралдарын ұқыпты ұстауға үйренеді.

Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?





Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты):





Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?




Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?