СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жұлдызды аспанның құпиясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Жұлдызды аспанның құпиясы.»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Аспан әлемінің құпиялары

Мектеп: «Экономикалық лицей»

Күні: 27.02.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Касымбекова С.М

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жұлдызды аспанның құпиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

5.А3.Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

5.Ж3.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу.


Сабақтың мақсаты

Барлығы:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпарат алады

Жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер бойынша жаңа сөздерді меңгереді.

Көбі:

Жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер бойынша берілген сөздерді сипаттайды. Мәтінді әңгімелеуде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескереді.

Кейбірі:

Жазба жұмыстарында берілген бейнелеу құралдарын дұрыс қолданады және мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

Бағалау критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпа- рат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділерді сипат- тайды, қосымша мәліметтер береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.


Тілдік мақсаттар


аспан әлемі

жұлдыз

құпия

қозғалыс

бақылау

аспан денесі

еңсе

құрсау

шексіз

шашыраңқы

ақшыл жолақ

Құндылықтарға баулу

Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Шоқжұлдыздар


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу, түгендеу.


«Жігерлендіру» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Біз бақытты ұл қызбыз

Көкте жанған жұлдызбыз

Ай мен күнбіз көктегі

Ешкім бізге жетпейді.


«Бір ақпарат» әдісі арқылы өтілген материалды қайталау.

Балалар бір біріне шарды лақтырп қағып алған адам өткен тақырып бойынша бір ақпарат айтады.

Күн, жұлдыз, айдың суреттерін алғыза отырып топқа бөлу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.




Төрт жолды тақпақ





Әуе шарлары









Жұлдыз бен ай суреттері


Сабақтың ортасы
















13 мин




























10 мин







































9 мин








































10 мин









10 мин


















10 мин








Тақырыпқа сай жұмбақ шешкізу.


Түбі көк дария,

(Аспан)


Мекенi көкте екi ару,
Бiр-бiрiн көруге зәру.

(Күн мен Ай)

Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде интерактивті тақтаға күн мен ай сөздері жазады.

Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Тақтаны пайдаланып, ассоциаграмма құрайды


Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.





(Т). Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды тобыңызбен орындаңыз. Жаңа сұрақтарға өз көзқарасыңызды білдіріп, ауызша жауап дайындаңыз. Айту барысында қазақ тіліне тән төл дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескеріңіз.


Аңыз бойынша өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі егіз қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын!дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан.


1 топ тапсырмасы.


р/с

Сұрақ

Жауап

1

Күнсұлудың Айсұлуды бетінен тырнап алу себебі?

Ыза қысып, әбден ашуланғаннан

2

Не себепті егіз қыздар бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді?

Ұялғаннан

3

Шығарманың негізгі ойы қандай?

түбінде ұятқа қалмау үшін, әрбір істі ойлап істе


Дескриптор Білім алушы

-Мәтінді түсінеді;

-Мәтінге қатысты сұрақтарға өз ойын білдіреді;

-Ойын білдіру барысында қазақ тіліне тән төл дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескереді.

Кері байланыс


2 топ тапсырмасы.

«Айсұлу мен Күнсұлу» ертегісі бойынша «Уақыт тізбегін» жасайды, қорғайды.

3 топ тапсырмасы.

Мәтін бойынша жоспар құрады.

  1. Теңдесі жоқ сұлу қыздар

  2. Жанжал

  3. Өшпес із





(Т.) «Дара диаграммасы» арқылы Күнсұлуға сипаттама жаз.

(ҚБ). Оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі тыңдайды,бағалайды, пікір білдіреді.


(С).Тапсырма

Оқушылар Күнсұлу келбетін сипаттап, мәтін құраңыз. Сипаттауда берілген бейнелеу құралдарын қолданыңыз.

Бейнелеу құралдары: Алма мойын, қолаң шаш, бұраң бел, моншақтай көз, қыр мұрын.



Дескриптор Білім алушы

- суретпен мұқият танысады;

- Күнсұлудың келбетін сипаттау үшін

ұсынылған бейнелеу құралдарын қолданады;

- Күнсұлудың бет-әлпетін сипаттайды;


Оқулықпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін

6-тапсырманы орындатады.




СЕРГІТУ СӘТІ








В) Жазылым. Айтылым.

Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.





Интерактивті тақтадан. «Аспан әлемі тақырыбында» бейне материал көрсетілдеді.

Балалар алған ақпараттрын пайдаланып берілген тақырыпқа класстер құрайды. Өз жұмыстарын қорғайды.




Кері байланыс





Оқулық, итерактивті тақта











Оқулық.



Сабақтың соңы

5 мин


Толғанай – түсіндім

Жарты ай- сұрақтарым бар

Туған ай түсінбедім

Толған ай, жарты ай, туған ай суреттері



3 мин

Үйге тапсырма: Күнсұлу мен Айсұлу ертегісін мазмұндау










Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?