Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 19.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Тірі және жансыз табиғат"
Тақырыбы / Тема: "Жұмбақтап айтқан сөзді тауып ал"
Мақсаттары / Цели.
1. Тәрбиелік – воспитательная : Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу
2.Дамытушылық – развивающая : табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету.
3. Оқыту – обучающая : Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение
Билингвалдық компонент : Жұмбақ-загатки, табиғат-природа,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар бізге хат келіпті.
Тәрбиеші хатты ашып оқиды. Құрметті балалар! мен сендердің білімдеріңді,ойлау қабілеттеріңді білгім келеді.Ол үшін мен сендерге жұмбақтар мен логикалық ойындар жібердім.
Бірінші жұмбақтың шешуін ойланып шешіңдер, тапсырманы дұрыс тапсаңдар суреттер силыққа.Суреттердің бәрі жиналған кезде құрап көріңдер ненің суреті шығатынын Сәлемнен тасбақа.
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші: балалар тасбақаның тапсырмаларын орындаймыз ба? (балалар келіседі)
1Тапсырма (Жұмбақтар)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа-воздух)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел-ветер)
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер-земля)
Таңмен көзін ашады,Әдемге нұр шашады. (Күн) тамаша жұмбақты оңай таптыңдар, Бірінші суретті алайық.
2.Тапсырма
Табиғат нешеге бөлінеді? (табиғат екіге бөлінеді)
Қандай қандай болып және оларға не жататының атап өтіңдер (тірі табиғат және жансыз табиғат болып, күн ,ауа, су,тас өлі табиғат, адам, өсімдік,жануарлар, құрт-құмырсқалар тірі табиғат)
Жарайсыңдар балалар екінші тапсырманы да орындадық. екінші суретті алайық
3тапсырма
"Артығын тап" Қияр,қызанақ,сәбіз,орамжапырақ, банан қайсы артық? (балалар ойланып жауап береді)жарайсыңдар бұл да қиын болмады сендер үшін. суретті алайық
4 тапсырма
"А" әрпінен басталатын сөздерді айтындар (балалардың жауабы)
жарайсыңдар, біз барлық суретті алдық, енді оны құрастырайық (балалар суретті құрастырып шығады)
Балалар ненің суреті шықты? (табиғаттың)
Сергіту сәті: "Тыныс алу жаттығулары"
3.Қортынды
Балалар бізге бүгін не келді? хатта не жазылған? тапсырмаларды орындай алдық па? тамаша сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар,көп рахмет.