ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ № 1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
«Келісілді» «Бекітілді»
директордың оқу-әдістемелік директордың оқу ісі
жұмысы жөнінен орынбасары жөнінен орынбасары
А.Б.Алимжанова М.Т.Мендгазиева
« » 2019 ж. « » 2019 ж.
«Ырғақ, хореография элементтерімен» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандық: 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілігі: 0101013- «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Пәндік - циклдік комиссия отырысында қаралды
хаттама№ 1« 31 » 08 2019 ж.
«Жеке пәндер әдістемелері»пәндік - циклдік комиссиясының төрайымы:
____________________ Айтбаева А.Т.
Алматы 2019 ж.
Түсіндірме жазба
«Ырғақ хореография элементтерімен» пәнінің осы жұмыс оқу бағдарламасы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығына сәйкес 0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 010101 3 – «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі», 010102 3 – «Тәрбиеші-ана (патронат тәрбиешісі)», 010103 3 – «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиеші» білік-тіліктері бойынша әзірленген. Осы жұмыс оқу бағдарламаcы «Ырғақ хореография элементтерімен» пәнінен ритмика мен хореография негіздерін, балалардың биге қызығушылығын арттыру, мектепке дейінгі жастағы балалардың бишілік қабілеттерін: ырғақты сезіну, музыканы сезіммен қабылдауға дайын болу, бишілік мәнер, қимыл-қозғалыстың сәнділігі, кеңістікте бағдарлай білу, көркемділік қалыптастыру мәселелерін зерделетуді қарастырады. Жұмыс оқу бағдарламаcын жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды (модульдық, кредиттік және т.б), дидактикалық және көрнекіліктерді, плакаттарды, моделдерді, оқу видеофильмдерін, электронды оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды пайдлану ұсынылады. Жұмыс оқу бағдарламаcы «Ырғақ хореография элементтерімен» пәні бойынша жүзеге асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың төмендегі нысандары ұсынылады: әңгімелесу, пікірлесу, жағдаяттық мәселелерді шешу, өндірістік жағдаяттарға талдау жүргізу, рөлдік және іскерлік ойындар, материалдың тұсаукесерін жасау, шағын топтармен жұмыстар, лекциялар, семинарлар, тәжірибиелік оқулар (зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және т.б. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жұмыс оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар» бағдарламасында ортақ тақырыптар бойынша практикалық тапсырмалар, теориялық білімдерін бекіту және қажетті тәжірибиелік біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін пәннің бағдарламасында зертханалық жұмыстарды жүргізу қарастырылады. Жұмыс оқу бағдарламасы білім алушылардың төмендегі пәндерден меңгерген білімдеріне негізделеді: мәдениеттану негіздері, анатомия, физиология және балалар гигиенасы, Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі. Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: мектепке дейінгі педагогика, музыкалық тәрбиенің теориясымен әдістемесі, дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі, жеке музыкалық аспапта ойнау. Жұмыс оқу бағдарламасын жүзеге асыруда музыкалық ырғақ және хореография атауларына қатысты халықаралық ұйымдар бекіткен терминдер мен белгілердің бірлігін сақтау қажет.
Осы жұмыс оқу бағдарламаcы ырғақ хореография элементтерімен пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы білім ұйымының жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болады. Жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
- жұмыс оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемiн әлеуметтік серіктестіктің сұранысы бойынша арнайы пәндердің мазмұны мен сағат сандарын (теория және тәжірибелік) 50%-ға дейін өзгертуге құқылы;
- бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
- бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
- жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға. Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі (соның ішінде резервті уақыт есебінде) жергілікті шарттарды және жұмыс берушінің талаптарын есептегенде аймақтық компонентерді енгізген жағдайда тереңдетілген немесе кеңейтілген жағына өзгеруі мүмкін.
2. Ырғақ, хореография элементтерімен пәнін оқытудың жоспарланған нәтижелері.
Стандартта және білім беру бағдарламаларында жоспарланған құзыреттіліктер | Жұмыс оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелері |
Білім алушылар меңгеруі тиіс құзыреттіліктер Кәсіптік: КҚ 6 Баланың анатомо-физиологиялық және жас ерекшеліктерін, мектепке дейінгі ұйымдар үйінің мазмұның және пайдалануына қойылатын негізгі санитарлық-гигиеналық талаптарын біледі | Пәнді оқып үйренудің нәтижесінде білім алушылар біледі: - мектепке дейінгі тәрбие беру бағдарламаларының мазмұнын; - мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктері туралы; - музыкалық-ырғақты қимылдардың балалар дамуындағы маңызын; - фигураны, дене тұлғасын түзу ұстауды; - мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру талаптарын; меңгерді: - балаларды музыкалық сүйемелдеумен қозғала білуге үйретуді; - балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, біртіндеп және жүйелі түрде ырғақты қимылдар жасауға үйретуді; - мерекелік күндердің мазмұнын ашатын музыкалық репертуар таңдауды; дағдыларды қалыптастырады: - біртіндеп және жүйелі түрде ырғақты қимылдар жасауға үйрету; - бағдарламаның мазмұнына сүйене отырып сабақты өткізуге шығармашылықпен қарау; - санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау; құзыретті: - санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға; - балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ырғақпен қимылдауға үйретуге. |
КҚ 7 Бала денсаулығына қамқорлық жасайды, денсаулық жағдайына баға бере алады және оның бейімделу механизмдерін аңықтайды | біледі: - хореографиялық жаттығулар жасауға үйретудің әдістемесін; - би билеу кезіндегі қол мен аяқты қою позицияларын; - ағзаны шынықтыру қимыл қозғалыстарды жетілдіру үшін музыкалық- ырғақты қозғалыстарды дұрыс іріктеп алуды; - музыкамен бірге жасалатын жаттығуларды орындаудың тиімді нысандарын; - балаларды музыкалық дамытудың жас ерекшелік белгілерін; - балалардың музыкалық іс-әрекеттерінің мазмұның, түрлерін және нысандарын; - музыкалық тәрбие беру бағдарламаларының құрылымының негізгі ұстанымдарын; - музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың әдістемелік талаптарын және ерекшеліктерін; - педагогикалық инновациялық технологияларды; - музыкалық сабақтардың құрылымы мен нысандарын; - түрлі жас ерекшелік топтарындағы музыкалық сабақтардағы музыкалық іс- әрекеттердің әрбір түрінің бағдарламалық мазмұның; - балаларды ұжымдық және жеке тәсілдемелерді қолданып оқытудың тәсілдерін; меңгерді: - музыкалық сабақтың жоспарын құруды; - музыка мен қимыл-қозғалыс арасындағы байланысты белсендіруді; - балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық жаттығуларды іріктеуді; дағдысын қалыптастырады: - балаларды физикалық жағынан дамыту жұмыстарын ұйымдастыру; - музыкалық сүйемелдеуді әрбір жас ерекшелік топтарында дұрыс қолдану; - музыкалық материалды барлық оқу кезеңіне дұрыс бөлу; құзыретті: - мектепке дейінгі ұйымдарда ырғақтан сабақтар өткізуге; - балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық жаттығуларды іріктеуге. |
Арнайы: АҚ 11 Шетел, орыс және қазақстандық композиторлардың шығармаларын, халықтық және қазіргі би элементтерін, балалар биі репертуарын үйретеді | біледі: - балаларға арналған классикалық және заманауи билердің элементтерін; - шетел композиторларының классикалық шығармаларын; - ұлттық және қазіргі би элементтерін музыкалық сүйемелдеу жолдарын, - мектепке дейінгі ұйымдарда түрлі жұмыс түрлеріне музыканы қолдану мүмкіндіктерін, олардың мазмұның; - ойын-сауықтың түрлерін және оларды ұйымдастырудағы музыканың рөлін; - әртүрлі жас ерекшелік топтарға арналған ойын-сауыктардың репертуарларын; - меңгерді: - балалардың биге қызығушылығын арттыру, мектепке дейінгі жастағы балалардың бишілік қабілеттерін; - ырғақты сезіну, музыканы сезіммен қабылдауға дайын болу, бишілік мәнер, қимыл-қозғалыстың сәнділігі, кеңістікте бағдарлай білу, көркемдік талғамдарын дамыту; - ырғақтық қимылдар жасатуға қойылатын талаптарды басшылыққа алуды; дағдысын қалыптастырады: - би ырғақтарына үйретуде музыкалық жаттығу жұмыстарын жүргізу; - балалардың жас ерекшеліктеріне қарай музыканы іріктеу; - мектепке дейінгі ұйымдарда ертеңгілік гимнастикаларды музыкалық сүйемелдеу; - ойын-сауықтар мен мерекелерге балаларды қатыстыру, олардың белсенділіктерін арттыру; құзыретті: - мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық іс-шараларды ұйымдастыруға; - шетел, орыс және қазақстандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық және қазіргі би элементтерін пайдалануға. |
|
3. « Ырғақ, хореография элементтерімен » пәнінің тақырыптық жоспары мен мазмұны.
3.1. «Ырғақ, хореография элементтерімен » пәнінің тақырыптық жоспары. 41м
Р/с | Бөлімдер мен тақырыптардың атауы | Күндізгі оқыту бөліміндегі сағат саны |
| | теориялық | практикалық |
| Кіріспе. Ритмика курсы туралы кіріспе әңгіме. Пәннің мазмұны. Дене тәрбиесі мен музыка және оқыту әдістемесі пәндерімен байланысы. | | |
1. | 1-бөлім. Ритмикалық жаттығулар 1.1-тақырып. Тренаж элементтері | | 2 |
2. | Тренаждық элементтерін орындау: Деми плие, гранд плие, батман тандю, батман фраппе, элеве, ронде жамба. | | 2 |
3. | 1.2-тақырып. Музыка сауатының қарапайым негіздері | 2 | |
4. | Музыкаға қабілеттілікке бейімдейтін жаттығулар. Биге арналған музыкалық шығармаларды тыңдау және талдау. | | 2 |
5. | 1.3-тақырып. Жүру, жүгіру және секіру түрлері. Дистанция және интервал. | | 2 |
6. | 2-бөлім. Балалар билері және оның элементтері 2.1-тақырып. Полька. | | 2 |
7. | Полька биінің элементтерін орындау. Сәлемдесу және иілу. Полька биіндегі қол мен аяқтың қойылу мәнері. | | 2 |
8. | 2.2-тақырып. Балалардың ұлттық билерінің элементтері. Қазақ биінің жүрісі. | 2 | |
9. | Балалардың ұлттық билерінің элементтерін орындау: өрнек, ирек, қурай гүл,құс тұмсық, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, киік мүйіз, қос жылан, толқын, тырнақ, айна және т.б. | | 2 |
10. | 3-бөлім. Қазақтың ұлттық билері 3.1-тақырып. Қазақтың ұлттық билерінің элементтері | | 2 |
11. | Қазақтың ұлттық билердің элементтерін орындау. Қазақ билеріндегі қол мен аяқтың қойылу мәнері: «тұмаша, шаңырақ, ағаш төсек, ши орау, қос өркеш, айна, тақия, ожау, бүркіт тырнақ». | | 2 |
12. | 3.2-тақырып. Халық билерінің композициясы және қойылуы | 2 | |
13. | Халық билері және олардың түрлері. | 2 | |
14. | 4-бөлім. Классикалық билер 4.1-тақырып. Классикалық билердің элементтері. Вальс | | 2 |
15. | Классикалық билердің элементтерін орындау: иілу, вальс жолы. | | 2 |
16. | 4.2-тақырып. Қазіргі заманғы ырғақтығы билердің элементтері. | 2 | |
17. | Казіргі заманғы музыка тақырыбына импровизация. | | 2 |
18. | Қорытынды сабақ | 2 | |
| | 12 | 24 |
| Барлығы: | 36 сағат |
3.2. «Ырғақ, хореогрфия элементтерімен» пәнінің мазмұны.
Кіріспе. Ритмика курсы туралы кіріспе әңгіме. Пәннің мазмұны. Дене тәрбиесі мен музыка және оқыту әдістемесі пәндерімен байланысы.
1-бөлім. Ритмикалық жаттығулар 1.1-тақырып. Тренаж элементтері Тренаж элементтері туралы жалпы түсінік. Тренаждық элементтері: Деми плие, гранд плие, батман тандю, батман фраппе, элеве, ронде жамба.
1.2-тақырып. Музыка сауатының қарапайым негіздері Музыка тыңдау. Музыкалық шығарманың нысаны. Дыбыстардың ұзақтығы. Метроритм. Динамикалық белгілер. Музыкаға қабілеттілікке бейімдейтін жаттығулар: музыкалық қабылдауды қалыптастыру, музыка құралдарының көркемдігі туралы, ырғақты сезіну дағдыларын дамыту.
1.3-тақырып. Жүру, жүгіру және секіру түрлері Жүрістің түрлері: қарапайым ауыспалы, спорттық, жеңіл, үшкір сабырлы, аяқтың ұшымен, жұмсақ, биік серіппелі адымдау. Қол және аяқ қимылдарының жүргенде дұрыс үйлесуі. Жүгірудің түрлері: жеңіл, шапшаң, кең серіппелі. Секірудің түрлері: жеңіл және күшті, бір аяқтан екінші аяққа тез секіру, екі аяқпен, бір аяқпен, аяқтарды алмастыра отырып секіру. Сапқа тұрудың негізгі түрлері: колонналар (бірден, екіден), шеңбердің диагоналында және т.б. Дистанция және интервал.
Тәжірибелік жұмыстар:
№1. Тренаждық элементтерін орындау: Деми плие, гранд плие, батман тандю, батман фраппе, элеве, ронде жамба. №2. Биге арналған музыкалық шығармаларды тыңдау және талдау.
2-бөлім. Балалар билері және оның элементтері 2.1-тақырып. Полька. Мәнерлі қимыл-қозғалыс дағдылары. Жұппен қозғалу Музыкалық қимыл-қозғалыстың әліппесі. Қимыл-қозғалыстың көркемдігі мен мәнерлігі. Сәлемдесу және иілу. Полька биіндегі қол мен аяқтың қойылу мәнері.
2.2-тақырып. Балалардың ұлттық билерінің элементтері Қазақ биінің жүрісі. Қазақ би элементтері: өрнек, ирек, қурай гүл, құс тұмсық, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, киік мүйіз, қос жылан, толқын, тырнақ, айна және т.б.
Тәжірибелік жұмыстар: №1. Полька биінің элементтерін орындау. №2. Қазақ билерінің элементтерін орындау: өрнек, ирек, қурай гүл,құс тұмсық, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, киік мүйіз, қос жылан, толқын, тырнақ, айна және т.б.
3-бөлім. Қазақтың ұлттық билері 3.1-тақырып. Қазақтың ұлттық билерінің элементтері Ұлттық билер туралы мәлімет. Қазақтың ұлттық билеріндегі қол мен аяқтың қойылу мәнері. Қазақтың ұлттық билерінің элементтері: өрнек, ирек, қурай гүл, құс тұмсық, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, киік мүйіз, қос жылан, толқын, тырнақ, айна және т.б.
3.2-тақырып. Халық билерінің композициясы және қойылуы. Халық билері және олардың түрлері. Қол мен аяқтың, бастың, кеуденің қойылу мәнерінің негізгі ережелері.
Тәжірибелік жұмыстар:
№1. Қазақ билеріндегі қол мен аяқтың қойылу мәнері: «тұмаша, шаңырақ, ағаш төсек, ши орау, қос өркеш, айна, тақия, ожау, бүркіт тырнақ».
4-бөлім. Классикалық билер 4.1-тақырып. Классикалық билердің элементтері. Вальспен танысу Иілу, вальс жолы. Қол мен аяқтың, бастың, кеуденің қойылу мәнерінің үйлесімді ауыстыру. Дербес шығарма.
4.2-тақырып. Қазіргі заманғы ырғақтығы билердің элементтері. Қазіргі заманғы пластика және ритм. Казіргі заманғы музыка тақырыбына импровизация.
Тәжірибелік жұмыстар:
№1. Классикалық билердің элементтерін орындау: иілу, вальс жолы. №2. Қазіргі заманғы билерді импровизациялау №3. Плие, серппелі, бас, аяқ, қол, кеуденің қимыл координациясына арналған жаттығулар.
5. Әдебиеттер мен оқу құралдары:
Негізгі:
1. Всеволодская-Голушкеевич. Школа казахского танца, – Алматы, 1994.
2. Бейсенова Г.Н. Қазақ биі жөнінде бағдарлама. – Алматы, 1993.
3. Методические рекомендации и программа по классическому танцу. – Москва, 1984.
4. Беголюбская М.С. Учебно-воспитательная работа в самодеятельных, хореографических коллективах. – Москва, 2001.
5. Барышникова Т. Азбука хореографии – Москва, 2000.
6. Ваганова А.Я. Основы классического танца. – Москва, 1980.
7. Телеуғалиев Ю. Ырғақты гимнастика. Алматы, 2002.
8. Абиров Д. История казахского танца. – Алматы «Санат» 1997г
9. Стриганова В.М., Уральской В.И. Современный бальный танец. – Москва, 1978.
10. Иванова О.В. Народные танцы. – Москва, 2006.
11. Лифиц И.В. Ритмика образовательная педагогика. – Москва, 1997.
12. Лисицкая Т.С., Беляева И.М. Учебно-методическое пособие. Аэробика. Хореография. – Москва, 2001.
13. Арецкая Н., Роот З., Танцы в детском саду. – Москва, 2000.
14. Сахаров Р. Слово о танце. – Москва, 1989.
15. Болтабаев М. «Елім-ай» ән күй бағдарламасы. Алматы, 1999
16. Бостонжолго М. Организация и проведение тренажной работы с участниками хореографических коллективов художественной самодеятельности. – Алматы, 2001.
17. Ильенков Э.В. Сочинение танца. – Алматы, 1980.
18. Бекина С.И., Ломова Т.П., Соповина Е.Н., «Музыка и движение», – Москва, 1981.
19. Утренняя гимнастика под музыку.// Сост. Е.П. Иова., А.Я. Иоффе., О.Д. Головчинер. – Москва,1984.
20. Удайкина О.П. Программа Ритмика и танец. – Минск, 2000.
21. Жиенкулова Ш. Тайна танца. – Алматы, 1980.
22. Жиенкулова Ш. Танцы друзей. – Алматы, 1980.
Оқытуға қосымша ұсынылатын материалдар:
1. Богомазова Л.Н. Логоритмика и танцевальные этюды для детей 3-6 лет. – Алматы, 2010.
2. Уфимцева И. Танец – игра для маленьких (2-6 лет), методика и постановки. – Алматы, 2009.
3. Павликовский Н.Л. Руководство для изучения танцев. 4-е издание. – Алматы, 2010.
4. Кох И.Э. Основы сценического движения: Учебное пособие. 2-е изд., испр. – Алматы, 2010.
5. Костровицкая В.С. Классический танец. Слитные движения руки: Учебное пособие. 1-е изд. – Алматы, 2009.