СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ж?ректен-ж?рекке" ?йірмесіні? та?ырыбы "Ша?ыра? шуа?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы-адамны? эмоциясы, к?йзелісі, к?з?арасымен, ?атынасымен байланысты емес, ол-ерекше фономен. 

Просмотр содержимого документа
«"Ж?ректен-ж?рекке" ?йірмесіні? та?ырыбы "Ша?ыра? шуа?ы"»

«Жүректен-жүрекке» үйірмесінің отырысы


22.02. 2016ж.

Тақырыбы: Шаңырақ шуағы

Өткізілу формасы: Конференция

Мақсаты: Ата – ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару. Ата – ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.

Міндеттері: 

- «Шаңырақ», «Отбасы», «Жанұя» құндылығы туралы түсініктерді, ұғымдарды кеңейту, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

- Отбасын сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.


Барысы:

Алғы сөз. «ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс» Н.Ә.Назарбаев. Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» - деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.

Отбасы-адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасымен, қатынасымен байланысты емес, ол-ерекше фономен. С.И.Голод (1998) пікірінше, отбасы фономенінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді. Олай болса осы отбасын шаттыққа бөлеуді жан-жақты қарастырған үйірме мүшелеріне сөз берейін.

Үйірме мүшелеріне алдын ала өз таңдаулары бойынша бөлініп берілген тақырыптар бойынша баяндама жазылды. Жоспарлары тексеріліп, нақты ойлары тұжырымдалған. Төмендегі ретпен баяндама тыңдалды.

  1. Ұлыбаева Ақмарал «Шаңырақ» сөзінің шығу тарихы

  2. Кенжебаева Шынар «Отбасы құндылықтары»

  3. Мұқатаева Гүлбақыт «Жанұя жарастығы»

  4. Кабдуали Айгерім «Баланың жайдарлы жүзі»

  5. Рамазан Гүлім «Бала бақыты»

  6. Ибраева Арай «Ата-ана татулығы»

  7. Бодықбаева Балғын «Бақытты шаңырақ шуағы»

  8. Тойшыбекова Гүлнұр «Отбасы берекесі- қоғамның тірегі»







«Отбасы берекесі- қоғамның тірегі»

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев.

Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.

Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы 

Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-асқар тау Ана – бауырдағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ - деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылытарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Осыған орай С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы, назарларыңызға «Отбасы – тіршіліктің тірегі...» атты әдістеме – библиографиялық жинағын ұсынады.

Құрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар иісі қазаққа арналып жазылған деп ойлаймын.

Құралда төмендегідей тақырыптар қамтылған:

1. Құрастырушыдан

2. Отбасы – Отанымыздың ошағы

3. Отбасы берекесі - имандылықтан басталады...

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ата - ананың парызын, өтеу - сенің қарызың

6. Бала, бала, болашақ...

7. Мен және менің отбасым (әдеби – музыкалық кеш)

8. Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар (сайыс байқауы)

Алтын сақа. (әдеби ойын)

10. Ұлағат сөздер

11. Мақал – мәтелдер

12. Отбасы – көркем әдебиетте

13. Отбасы – ақындар өлеңдерінде.