Мотивациялық-қозғаушылық | Балалар келген қонақтармен амандасады. Балалар шатттық шеңберін жасау үшін интерактивті тақтаға қараймыз. Тақтада ненің суретін көріп тұрмыз? -Ендеше балалар, осы алақан жылуын бірінші өзімізге,екіншіден келген қонақтарға береміз. Ой, балалар қараңдаршы мында ненің суреті,балалардың назарын тақтада көрсетілген жыл басына таласқан хайуанаттарға қараймыз. | -Сәлеметсіздер ме!!! Балалар тақтаға қарап, алақаннын суретін көргендерін айтады. Алақандарын тосып, музыка ырғағымен жылуды бірінші өздеріне,екіншіден келген қонақтарға апарып алақандарына береді. Балалар тақтаға қарап жыл басына таласқан хайуанаттардың аттарын атап айтады. | |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар рөлдерге бөлініп «Жыл басы» ертегісін сахналайық. Жарайсыңдар, балалар сендер ертегіні жақсы сахналадыңдар. Балалар, менің қолымда төрт түрлі шар тұр. –Қане түстер, қай жыл мезгіліне ұқсайтынын атайықшы. Балалар, мына шарлардың ішінде сендерге сұрақтар бар. Шарларды біртіндеп жарамыз. Балалар,ендеше жыл басына таласқан үй жануарларының бізге дайындаған тапсырмалары бар екен, сол тапсырмаларды орындайық. Балалар, тақтаға қараймыз, ненің суретін көріп тұрсыңдар? Суреттен кейін қойдың дауысы естіледі. Бізге қой есептер дайындап қойыпты, сол есептерді шығаруымыз керек. Келесі, біз сиырдың тапсырмаларын орындауға барамыз.Бірінші, тапсырма мнемотаблица арқылы сөйлемдер құрау. Келесі, сиырдың тапсырмасы қиылған суреттердегі сойлемдерді оқу арқылы суреттерді құрау. Келесі,жыл басына таласқан тауықта бізге тапсырма дайындап қойыпты.Тауық өзіне үй керек болып, ол ағаштарды рет- ретімен жинай алмай жатыр екен.Тауыққа көмектесеміз бе? Олай болса, тауықтың тапсырмасы, мынадай; араласқан жуан және жіңішке, қысқа және ұзын кесінді ағаштарды салыстара отырып ретімен жинастыру. - Жарайсыңдар, балалар,енді біз жылқының тапсырмасын орындайық.Ол тапсырма ерекше тапсырма болып тұр, ол үшін біз халат пен басымызга орамал тартуымыз керек. Тапсырманы бастамас бұрын, қолдарымызды жуамыз. Енді,назарымызды үстел үстіндегі өнімдерге аударамыз. Балалар ыдыстағы айранды ішіп көреміз.Дәмі қандай, неден жасалған? Енді, балалар келесі стакандағы сұйықтықты ішеміз. Балалар дәмі қандай,ненің сүтінен жасалған? Ал, енді мен сендерге айранның қалай жаслатынын көрсетемін.Балалар қараңдаршы мына ыдыстағы сүт жылы ма? Балалар, мына ыдыста жылы сүт.Осы жылы сүтке қант қосылған айранды, қосып араластырамын.Жылы жерге орап қоямын. Балалар, енді жыл басы болған тышқанның тапсырмасын орындауымыз керек. Ол үшін біз үй жануарларын тамақтандырамыз. Балалар, шөп қайда өседі? Адамдар не үшін шөпті жинайды? Жарайсыңдар, балалар, енді тақтаға қарайық. Ненің суретін көріп тұрмыз? Ертегіде кім көрді? | Балалар ертегіні саханалап көресетеді. Әлібек жыл басы тышқан болғанын айтады. Алдияр жылда төрт мезгіл болатынын айтады. Айлин жасыл түстің көктем екенін айтса,Даулет сары түстің күзге түстес екенін айтады. Аяна жасыл түстегі шарды жарып, көктем туралы сұраққа жауап береді. Ақниет сары түсті шарды жарып, күз туралы айтады. -Төрт бала үстел үстіндегі есептерді шығарса, төртеуі тақтада берілген есептерді шығарады. - Балалар, бір суреттен алып, сөйлемдер құрайды.Сиырдың сүтінен ірімшік жасалады.Жылқының сүтінен қымыз дайындалады. Мыс: Балалар, ірімшік, қаймақ, сүт, айран,ет деген сөздерді оқу арқылы тақтаға суреттерді құрастырады.
Балалар екі топқа бөлініп, бірі жуан- жіңішке және ұзын- қысқаларын түстерін айтып жинақтайды. Даулет түсі көк ұзын,қызыл түсті қысқа.Алуа сары түсті жуан ,жасыл түсті жіңішке. Балалар, қуана киімдерін киіп, тапсырма орындауға асығады. Балалалар қолдарын дымқыл шүберекпен сүртеді. Балалар өнімдердің атын айтады. Алдияр, түсі –ақ. Дәмі маған ұнады.Мен айранды жақсы көремін. Айлин, жылқының сүтінен жасалған, аты- қымыз.Дәмі- қышқыл. Балалардың бәрін ішіп дәмін көреді. Балалар,қалай айранның дайындалатын қарайды. Сут құйылған ыдысты ұстап жылы екенін айтады.
Балалар үстел үстінде тұрған үй жануарлары шөппен жем береді. Санжар, шөп далада өседі.Оны жинап, үй жануарларына береді. Балалар таң атып келе жатқандағы суретті айтады. Санжар бұл күннің көзін ертегіде тышқан көрді. | |