Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 3 желтоқсан 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы/Образовательная область: Денсаулық
Пән/Предмет: Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің қыс»
Тақырыбы/тема: «Жыланша» заттарды айналып»
Мақсаты/Цели: «Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Лақтырған допты қағып алу. К.О «Төбеде доп қуу»
Окыту/обучающая: Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алуды (1,5 м қашықтықта) жаттықтыру.
Тәрбиелік: Сапта тыныштық сақтау, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу, дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, нұсқаушыны мұқият тындауға үйрету.
Дамытушылық: Қол саусақтарының ұсақ маторикасын, көз мөлшерін дамыту.
Сөздік жұмыс: «Жыланша» заттарды айналып.
Билингвалдық компонент: Жыланша -змейкой, тепетеңдікті- равновесие
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: Музыка,ысқырғыш, еңіс тақтай,үлкен доп, доптар.
1.Мотивациялық кезеңі.
Балалар спорт залға кіреді, нұсқаушы балаларды бір қатарға тұрғызады олармен амандасады.
Қауіпсіздік ережесін айту
2.Негізі бөлімі/основная
Залды айнала бір бірінің артынан жүргізеді.
-қол жоғарыда, аяқтын ұшымен жүру.
-қол белде, тізені жоғары көтеріп жүру.
-қол жоғарыда,шапалақтап жүру.
-жеңіл жүгіріспен жүгіру.
-жай жүріске көшу.
-тыныс алу жаттығуын жасау.
Басты тік, арқаларын түзу ұстап жүруін қадағалайды. Ортадан 2 қатарға бөледі, ЖДЖ қаршықпен өткізеді.
- Жаттығулары.
1.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгейінде қолда жалауша, жалаушаны алға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшын көтеріп, жалаушаны желбірету, б.қ. (5-6 рет).
2.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгейінде қолда жалауша, жалаушаны жанымызға созамыз алға, артқа айналдырамыз. б.қ.(4-6 рет).
3.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгей қолда жалауша, жалаушаны алға созу бір-біріне қайшылау. Б.қ. (5-6 рет).
4.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгейінде қолда жалауша, жалаушаны алға созу, отыру жалауша таяқшасын еденге соғу, б.қ.(4-5 рет).
5.Б.қ.-отыру қолда жалауша, аяқты екі жаққа иық деңгейінде созу оң, сол аяқ үшына тигізу, б.қ.-келу. (4-5 рет).
6.Бір орында тұрып,жалауша қолда төменде жүру және секіру (10-12 рет).
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуы.
1.Құрсаудан-құрсауға қос аяқпен алға секіру.
2.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.
Ойын: Қимылды ойын. « Төбеде доп қуу»
Балаларды ойынға қызықтыру.
Жаттығулар тәрбиешінің көрсетуі мен орындалады
Жаттығулар 4-5 рет орындалады.
Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнайды.
Ойын: К.О. «Күн мен түн» 2-3 рет қайталанады.
Нұсқау. Ойынды топтың жартысымен жүргізген дұрыс. Қапты нұсқаушының тапсыруы бойынша оң қолымен де, сол қолымен де лақтыру керек.
Қорытынды: Бір қатар сапқа тұру.
Жүру, жәй жүгіру, тыныс алу жаттығуы.Қолдарын жоғары, екі жаққа созып, дем алып, дем шығару.
Жарайсындар бүгінгі сабақ еңбектеуді үйрендік, солай ма? Жарайсындар, барлық жатығуларды дурыс жасадыңдар. Балалар бәріміз тату болайық, қол ұстасып жүрейік.жатығуларды дурыс жасадыңдар. Балалар бәріміз тату болайық, қол ұстасып жүрейік.