Өтілетін күні: 11.12.2018ж.
Сыныбы: 8
Тақырыбы: «Жылдар сөйлейді» (Квест - интеллектуалды ойыны)
Мақсаты: Мақсаты: Білім алушылардың қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен азаттық үшін күрестері, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, тарихи оқиғалар төңірегіндегі өткен білімдерін пысықтау, ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру. Тәуелсіз еліміздің 30 жылдық тарихындағы негізгі оқиғаларымен таныстырып, тарихи танымын кеңейту, өз елінің тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриот болуға тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі: тақырыпқа сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, суреттер, музыкамен көркемдеу
Сабақ әдісі: тарихи квест ойыны, сұрақ-жауап, мозаика
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме ұлағатты ұстаздар және бүгінгі ойынға қатысушы еліміздің патриот, жарқын болашағымыздың кепілі, дарын атына лайықты жас сайыскерлеріміз. Бүгінгі біздің Квест атты интеллектуалды сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жас сайыскерлер бүгін сендердің бастарыңнан таңғажайып оқиға өткелі отыр. Мектебіміздің қабырғасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына байланысты апталық өтіп жатқанда, өтіп жатқан іс-шараларды талқылау барысында мына отырған ұстаздар мен оқушылар келеңсіз жағдайдың салдарынан осы сыныпқа қамалып қалдық. Жас сайыскерлер, сендердің міндеттерің осы отырған барлығымызды осы сыныптан шығаруға көмектесу. Ол үшін сіздер әртүрлі сынақтардан өтіп, жұмбақтарды шешіп және сол арқылы осы сыныптың кілтін тауып, барлығымыздың келесі іс-шараға үлгеруімізге көмектесу. Сіздерге берілетін уақыт 40 мин.
Алдарыңызда көріп отырғандарыңыздай түрлі тапсырмалар бар. Осы тапсырмалардың көмегімен келесі жұмбаққа сілтеме беріледі. Сол арқылы келесі жұмбаққа көше аласыздар. Солай жалғасу арқылы сіздер есіктің кілтіне жолды да табасыздар. Ал ендеше сіздерге сәттілік тілейміз. Әрбір қадамдарыңызға, орналасқан саймандарға мұқият болыңыздар. Ал бастаймыз!!!
Оқушыларды мозаика арқылы топқа бөлу.
«Миға арналған жаттығу»
2 фото қиындылары беріледі. Фотоны жинап және сол тұлғалар туралы айтады.
Таңдап алған қиындысы бойынша топқа бөлінеді
1-топ Алашорда автономиясы
2-топ Түркістан автономиясы
Тапсырма. Қазақ елінің тәуелсіздігінің тарихының алғашқы онжылдықтағы негізгі оқиғаларды анықта. Бұл жылдарды анықтау үшін сұрақтарға жауап беріп, кабинеттердегі кілттерді жинау керек
1-тапсырма.Көтерілістің жылдарын анықта.
1.Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Көтеріліс 14 жылға созылды. Нәтижесінде 1801 жылы патша үкіметі қазақ руларының Жайықтың оң жағасына қтуге, мал жаюға рұқсат берді. (1783-1797жж)
2. Көтерілістің тарихи маңызы зор болды. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады. Көтеріліс қазақ үстем тап – феодалдарының опасыздығын дәлелдеді. (1836-1838жж)
3. II Николай «19-43 жас аралығындағы қазақтарды тыл жұмысына алу» деген жарғы шығарып, азаматтарымызды да алғысы келді. Бұл жағдай қазақ халқының әбден ызасына тиіп, шыдамының шегіне жетіп, көтеріліске алып келді. Көтерілістің ірі ошақтары Торғай мен Жетісу маңында болып өтеді. Әсіресе Торғай маңында болған қозғалыс қарқынды жүріп, казак әскерлеріне тиісті жауап беріп отырды. (1916ж)
4. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда бұл ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды. (1837-1847)
Қазақ елінің тәуелсіздігінің тарихының екінші онжылдықтағы негізгі оқиғаларды анықта. Бұл жылдарды анықтау үшін сұрақтарға жауап беріп, кабинеттердегі кілттерді жинау керек
2-тапсырма. «Ойлан, тап»
1.ЖЭС қабылданған жыл (1921ж)
2.«Қазақ» газеті өмір сүрген жылдар (1913-1918жж)
3.Ақпан және Қазан революциялары орын алған жыл (1917ж)
4.«Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж)
5.Азамат соғысы болған жылдар (1918-1920жж)
6.Қазақ хандығы құрылған жыл (1465-1466)
7.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған жыл (1991ж)
8.Ұлы Отан соғысы болған жылдар (1941-1945жж)
9.Кіші жүз Ресейге қосылған жыл (1731ж)
10.Орынбор қай жылы астана атанды (1920ж)
Қазақ елінің тәуелсіздігінің тарихының үшінші онжылдықтағы негізгі оқиғаларды анықта. Бұл жылдарды анықтау үшін сұрақтарға жауап беріп, кабинеттердегі кілттерді жинау керек
3-тапсырма. Тұлғаны таны. Суреттер сөйлейді
Әбілқайыр хан А.Иманов Н.Назарбаев Абылай хан Ш.Уәлиханов Абай Құнанбаев
Қорытындылау. Жинақтаған кілттерімен «Дарын» бөлмесіне жиналады. Тәуелсіздік жылдарындағы оқиғаларға сипаттама береді. Ең көп кілт және ең бірінші боп жинаған команда жеңімпаз атанады.
Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет! Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді.
№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
«Жылдар сөйлейді»
тарихи-танымдық квест ойыны
Өткізген:
Наурызова Г, Кәлменова М.
Класс: 8
Ақтөбе, 2021-2022 оқу жылы