Просмотр содержимого документа
«Жыртық кітап жылады»
Пәні: әдебиеттік оқу Сабақ тақырыбы: Жыртық кітап жылады
Сабақтың мақсаты: Кітап және оның адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту. Өлеңді оқып, мазмұны мен идеясын ашуға көмек беру. Өз бетімен талдауға, зерттеуге, шығармашылық жұмысқа мүмкіндік жасау.Кітаптың шын мәнінде сарқылмас қазына екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, топпен жұмыс,сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. «Әр елдің амандасу салты» арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру. Әр елдің амандасу салтын көрсетеді. Құшақтасып, төс қағысып, қол беріп, күліп, қол шапалақтап, секіріп амандасады.Топқа бөлу иелерін екінші топқа отырғызу.
Қалам не қарындашын береді. Қалам иелері бір топқа жиналады, ал қарындаш иелері екінші топқа жиналады. Үй тапсырмасын тексеру: С.Қалиұлы.Салдат хатын сұрау
Қызығушылықты ояту.
Пікірталас:
Баланың кітапты сатып жібергені дұрыс деп ойлайтындары бір бұрышқа, дұрыс емес деп ойлайтындары екінші бұрышқа, ал кім екі ойда үшінші бұрышқа тұрады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтып, талқылайды.
Жаңа сабақ:
-Әңгіме кітап туралы болған соң, бүгін біз Ө.Тұрманжановтың «Жыртық кітап жылады» деген мысал өлеңімен танысамыз.Алдымен Ө Тұрманжановың өмірімен таныс болайық. Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылы – 1978, Алматы) – жазушы. Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (1927). 1927 – 1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1927 – 1930), Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы (1929), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) проф., Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, “Қазақ әдебиеті” газетінде, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында редактордың орынбасары, редактор (1935 – 37), “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған. “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”) басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Мысал өлеңді іштей оқу, дауыстап оқу.
Топтық жұмысты ұйымдастыру. 1-топ «Жедел жәрдем» сәтін ұйымдастыру. –Кітапқа қандай көмек көрсетуге болады? 2-топ –Қуанған кітап қандай болады?
Алдымен іштей оқиды. Бірнеше оқушы дауыстап оқиды.
Ой толғаныс
Кітап туралы «5жол өлең» құрастырып, жазғандарын оқып шығады.
Үйге: жаттау, «Кітап – досым, ақылшым» тақырыбына әңгіме жазу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу Бағалау:Топ басшысының әр топ мүшесіне және топ жұмысына баға беру
Қорытынды:Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу.