СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов»

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: "Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов"

Просмотр содержимого документа
«Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов»»

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ



Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов»



Секциясы: Жас ғалым

Зерттеуші: Төлеубеков Арман Манарбекұлы

Жетекшісі: Парасатова Талшын Сайлаубекқызы

















2017-2018 оқу жылы

Аннотация


Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов»


Зерттеудің өзектілігі:  Қазақ әдебиетінің ірі тұлғалармен тереңірек танысуға қызығушылығын арттыра отырып, олардың Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру, шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын ұғындыру.



Зерттеу мақсаты: Қазақ әдебиеті пәніне, жалпы Қайым Мұхамедханов шығармашылығына қызығушылықтарын, білім алушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетілігін арттыру. Оқушыларды адамзат құндылықтарын сақтауға үндеу, өнерді, ғылымды құрметтеуге баулу. Қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін насихаттау


Зерттеу міндеттері:

1. Қайым Мұхамедханов жайлы деректерді жинау, қағаз бетіне түсіру;

2. Қайым Мұхамедханов шығармашылығын зерттеу;

3. Қайым шығармашылығы мектеп бағдарламасында қаншалықты орын алғанын зерттеу.


Зерттеудің нысаны: Қазақ әдебиеті пәніне, жалпы Қайым Мұхамедханов шығармашылығына қызығушылықтарын, білім алушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетілігін арттырды.


Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:

Іздемеске келе ме бұл ағаны-

«Бар Семейді жеке алған» ғұламаны.

Қайым десе, кең дала дүбір салып,

Құлағына келеді бұлақ әні, демекші  Несіпбек Айытов Қайым Мұхамедқанов

Алыштың шахарында дүниеге келіп, Алаштың соңғы тұяғы болып жадымызда қалғанын дәріптеу.


Зерттеудің әдістері: Жұмысты жазу барысында баяндау, жинақтау, эксперимент жасау, саралау, талдау әдістері қолданылады.


Жұмыстың құрылымы:

Зерттеу жұмысы 1 тараудан, 3 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады






Мазмұны


Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қайым Мұхамедханов жайлы деректерді жинау, қағаз бетіне түсіру;

2. Қайым Мұхамедханов шығармашылығын зерттеу;

3. Қайым Мұхамедхановқа замандастарының берген бағасы жайлы ой толғау;

4. Қайым шығармашылығы мектеп бағдарламасында қаншалықты орын алғанын зерттеу.

Қорытынды

Ұсыныс

Пайдаланған әдебеттер тізімі






































Кіріспе

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5.01.1916 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30.06.2004 жылы  қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын,  педагог. 








































Негізгі бөлім

Қайым Мұхамедхановтың туған жерінде, Алаш азаматтарының басы қосылып, ел бола¬шағы туралы пікірлескен қасиетті Семей топы¬рағында ғалымды еске алуға арналған іс-шара¬лар өтіп жатыр. Мәселен, № 47 мектепке «Қазақтың қайсар ғалымы» атты ұлы Қанағатпен кездесу кеші өтті. Ғалымның ғылым жолында көрген қиындықтары мен өмірінің қызықты сәттерінен әңгіме өрбітті.  Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі Қайым Мұхамедханов өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек. 

Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам Қайым Мұхамедханұлы. 


































Қайым Мұхамедханов жайлы деректерді жинау, қағаз бетіне түсіру

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5.01.1916 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30.06.2004 жылы  қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын,  педагог. 

«Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады», деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық.

Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”, "Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен.  сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: «Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары  Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов,  Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты». Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді. 













Қайым Мұхамедханов шығармашылығын зерттеу

Қайым Мұхамедханов ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Қазақ КСР Гимнінің  авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде 

Абайдың мұражайын ұйымдастырушы, Қазақстанның Мемлекеттік силығының, Жазушылар одағы  силығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және  Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей қаласының, Аягөз, ЖаңасемейАбай аудандарының Құрметті азаматы; жарияланған 800ден аса ғылыми еңбектің авторы. 

Қ.Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (194247), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.

Әдебиет пәнінің мұғалімі, 1947-1951жылдары Абай мұражайының директоры қызметін атқарды.1917-1918 жылдарда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған «Абай» журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады. 1951 жылы «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған. Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді.

Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп қарастыруға болады:

1.Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақынадарына байлпнысты сын-зерттеулері  («Қаракерей Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Орынбай,Шөже,Жанақ,  Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т.б)  2.XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын зерттеу мақалалары  (Шоқан Уәлиханов, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы,  Шернияз, М.Ж. Көпеев). 3.Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялары мен  ғылыми еңбектері 4.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі мақалалары. 5.Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ы.Мұстамбаев,  Т.Хасенов). 6.Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І.Жансүгіров,  Ә.Марғұлан, Ж.Шалин, Е.Смайлов, М.Сералин, С.Ғаббасов және т.б.) 7.Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен  зерттеулері (И.Крылов, А.Пушкин, Ю.Лермонтов, Л.Толстой, А. Мицкевич,  Т.Шевченко, Лу Синь, Ғ.Тоқай, И.Борганский, Х.Файзханов және т.б.)

Аудармалары: Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың «Аршин мал алан» (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің «Бишара Лизасын» қазақ тіліне аударды.

«Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды.
Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған, Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан. Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда, Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң. Жасасын Советтер Одағы, Жеткізген еркіндік, теңдікке, Бастайтын елдерді бірлікке, Жеңіске, шаттыққа, ерлікке! Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына, Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына, Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры, Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына. Жасасын Советтер Одағы, Жеткізген еркіндік, теңдікке, Бастайтын елдерді достыққа, Жеңіске, шаттыққа, ерлікке! Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел, Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер. Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске Данышпан партия — сүйікті кемеңгер. Жасасын Советтер Одағы, Жеткізген еркіндік, теңдікке, Бастайтын елдерді бақытқа, Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі. Қайым Мұхамедханов небәрі 27 жасында-ақ Кеңестік Қазақ елінің тұңғыш Әнұранын жазды.









Қайым шығармашылығы мектеп бағдарламасында қаншалықты орын алғанын зерттеу.

Іздемеске келе ме бұл ағаны-

«Бар Семейді жеке алған» ғұламаны.

Қайым десе, кең дала дүбір салып,

Құлағына келеді бұлақ әні.

Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,

Надан болсаң кімдерге сөзің өтпек.

Академия бір өзі Семейдегі

Өзі музей,

Өзі архив,

Өзі мектеп – деп  белгілі ақын Несіпбек Айытов «Іздемеске бола ма?» атты Қайым Мұхамедхановқа  арнау өлеңін арнаған.   

Алыптардың серігі, алты алаштың ер ұлы, бар ілімі мен тәлімін  академия, музей, архив,  мектепке теңеген Қайым Мұхамедхановтың мұрасы қазір қалай зерттелуде? Осы сұрақ аясында біраз әдебиеттерге шолу жүргіздік.   

Қайым  Мұхамедхановтың зерттеу еңбектерін қазақ зиялылары осыдан 3 жыл бұрын 10 томдық жинаққа басып шығарған болатын. 

Қазіргі уақытта Қайым Мұхамедханов мұрасы жіті зерттелуді қажет ететін  өзекті тақырып болып отыр. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Олар: 

ЖҰРТБАЙ ТҰРСЫН ҚҰДАКЕЛДІҰЛЫ  (1951 жылы, Семей қаласы,  Абай ауданы, Шаған ауылында туған)-жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті  "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

- «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү¬сініктеме жазған библиограф, Абай шығар¬маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт¬теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс¬қа¬ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз¬ды қағазға түсірген фольклорист», – деп ба¬ға¬лай¬ды.

- «Қайымның қағидалары» мақаласы // Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл

- Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2005.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІV том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. V том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты редактор, баспаға дайындаған: Т.Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2007. – Т.5. – 344 б.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2008. – Т.6. – 320 б.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел -Шежіре, 2009. – Т.7. – 312 б.

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2009. – Т.8. – 320 б. 

- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІХ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2010.

- Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.10. – Алматы, «Ел-шежіре». – 2012. – 384 б. 

ЕСПЕНБЕТОВ  АРАП СІЛӘМҰЛЫ (1945 жылы Семей қаласы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық заң факультетінің деканы, Қайымның шәкірті /

- «Қайсар ғалым» ( Қ. Мұхамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 қаңтар.

ДӘУЛЕТ СЕЙСЕНҰЛЫ /«Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі/

- Абайға араша, Мұхтармен мұндас: //Егемен Қазақстан.- 1996.-20 ақпан

ЕРБОЛ  ІРГЕБАЙ  /зерттеуші/

- Көптеген ірі ғалымдар Абайтануға үлесін қосты. Бірақ, солардың ішінде ең шоқтығы биік тұлға-ол Қайым Мұхамедханов. Оның ең алғаш қорғаған диссертациясы 1951 жылғы «Абайдың ақындық мектебі» деп аталады.

АЛМАХАН  МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ  /ақын, Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі, «Абайтану» орталығының  директоры/

- «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» мақаласы-«Қайым Мұхамедқанов арқылы Абайдың өлеңдерінің дұрыс жазылуы, текстологиялық өзгерістері, Абайдың қай өлеңі түпнұсқада қандай еді? Бізге қалай жетті? Соның бәрін ғұмыр бойы зерттеген Қайым Мұхамедханов бізге баға жетпес құндылықтар қалдырды»

МЕЙІР ҒАРИПОЛЛАҰЛЫ ЕСКЕНДІРОВ (1972 ж. 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында туған)- СМПИ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті.

- «Қайым шығармашылығы – қазақ жұртының киелі қазынасы» атты мақаласы;

БАУЫРЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ ЕРДЕНБЕКОВ (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қазақ тілі кафедра меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор) 

- «Абай мектебі және Қайым Мұхамедханов» мақаласы;  

ҚИНАЯТ ШАЯХМЕТҰЛЫ (СМПИ филология ғылымының кандидаты, профессор, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті) 

ЖАНДОС МАҒАЗБЕКҰЛЫ ӘУБӘКІР (Абай мұражайының директоры, әдебиетші-ғалым)  

- «Көкбай және Қайым Мұхамедханов» мақаласы; 

САЙЛАУ ҚОЖАҒҰЛ-Қайымның шәкірті,  

-«Қайым Мұхамедханов және Абай мұрасының мәтінтану мәселелері» мақаласы;

АЙГҮЛ СЕРІКҚЫЗЫ ІСМАҚОВА (филология ғылымының докторы, профессор) 

- «Қайым Мұхамедхановтың тәуелсіз кезіндегі абайтануға қосқан үлесі» мақаласы; 

- Абай текстологы Қайым Мұхамедханұлының ғылыми түсініктемелері жөнінде // Қ. Мұхамедханов Абайдың шығармаларына ғылыми түсініктер. – Алматы: Общественный фонд Центробразования и культуры имени Каюма Мухамедханова, 2009. - 227c.

- Қайымның бізге қалған мұрасын зертеуде Қайымның шәкірті болған   филология ғылымдарының докторы, профессор  Арап Сіләмұлы Еспенбетов бастауымен қорғалған Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университетінің доценті Ақмарал Смағұлованың  кандидаттық  дисертациясын айтуға болады.  Бұл диссертацияда  ғалым  шығармашылығы жан жақты, барлық қырынан  талданған. - Мұхамедханов және Абай мұражайы // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым.

Сонымен қатар, ШҚО сәулет-этнографиялық және  табиғи-ландшафттық   мұражай-қорығының маманы Әсел Карчалованың ғылыми-зерттеу жұмысы «Оралхан Бөкей және Қайым Мұхаметханов шығармашылығы» тақырыбындағы зерттеу жұмысында Қайым Мұхамедханов жайлы жақсы жазылған. Әсел Карчалова «Бақыт дегеніміз – еркіндік» атты мақаласы Қайым Мұхаметхановтың азапты күндерінен сыр шерте отырып, Қайым Мұхаметхановта 800-ден астам жарияланымдары бар, олардың ішінде: монографиялар, қорғалған диссертациялар, ғылыми зерттеулер, кітаптар. Ол 100-ден астам өлең жазып қана қоймай, өзге тілдерден қазақ тіліне де аударған  деп жазады. 

Қайым Мұхаметханов есімі абайтанушы ретінде жылдан-жылға маңызын жоймай келеді. 2008 жылы Алматы қаласында «Қ.Мұхаметханов атындағы білім беру және мәдени орталық» атымен қоғамдық қор құрылды. Оның директоры абайтанушының қызы – Дина Мұхаметханова. Қордың басты мақсаты – Қ.Мұхаметхановтың мәдени мұрасын сақтау.

ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының сирек қор және икон жазу бөлімі 2003 жылдан бері Шығыс қазақстандық  қазақ жазушылары жайлы материал жинау жұмысын жүйелі де мақсатты түрде жүргізіп келеді. Мұражай қорында Қ.Мұхаметхановтың ғылыми шығармашылығы жайлы өзінің қатысуымен түсірілген қызықты бейнефильмдерден тұратын DVD-дискі сақталған. Жазба «Хабар» АҚ телеарнасында да берілген. Бейнефильмге продюссерлік еткен осы телеарнаның қызметкері, Қ.Мұхаметхановтың ұлы – Жәнібек Мұхаметхан. Апайлы-сіңлілі Дина мен Розаның жіберген мемориалды заттары: дәрістер жазылған дәптер мен Қазақстан Жазушылар Одағының IV съезінің Делегат қатысушыларының мандаты. Жанұя мұрағатының жоғары сапалы фотосурет көшірмесі де сыйға  тартылды. Ғалымның Семей қаласында тұратын ұлдары – Болат пен Қанағат жазушының мемориалды киімдер топтамасын: жақсы сақталған жейде, шапан, костюм, малақай, туфлиі мен түрлі корреспонденттерге жазған хаттарының түпнұсқаларын  мұражайға сыйлаған. Қызықты экспонаттардың бірі - Қ.Мұхаметхановтың Н.С.Хрущевке жазған хаты. Бір кездері ол Шәкерімнің ұлы Ахатқа осы хатты жазуға көмектескен еді. Хатта Ахат КОКП ОК хатшысы Н.С.Хрущевке жазушы, философ, ХХ ғасырдың 30-жылдары репрессияға ұшыраған әкесі – Шәкерім Құдайбердіұлының шығармаларын қазақ әдебиетінде қайта жаңғырту жөніндегі өтініші еді. Ол мұны Шәкерімнің ұлы ретінде емес, Шәкерім шығармаларының қазақ халқы үшін маңызды екенін білетін ұстаз ретінде айтты. Хат 1964 жылы жазылып, ХХ ғасырдың соңында ғана шешімін тапқан екен. 

Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бастамасымен салынған мектебімізде 1600 бала оқиды. Мектеп директоры А.С.Қайрановтың бастамасымен биыл  мектепте Қайым Мұхамедханов атындағы дәрісхана ашылды. Дәрісханаға  Қайымның ұлы  Қанағат «Әкеміздің өмірлік ұстанымдары мен тәлім-тағылымдары арқылы шәкірттеріңіз биікке өрлей берсін!» деген тілекпен ескерткішке әкесі жайлы жазылған  біраз кітаптар сыйға тартты.  Біздер, бізден кейінгі жас ұрпақ ұлы тұлғалар ілімін сақтап, аялап, толыққанды зерттеп, білімге енгізуіміз керек",






















Қорытынды

Зерттеу жүргізу барысында Семей қаласындағы кітапханалар мен мектептер қорында Қайым Мұхамедхановтың қанша кітаптары бар екенін анықтауға тырыстық.

Абай атындағы кітапханада Қайым Мұхамедханов туралы кітаптары бар. Алайда,  саны аз. Оның өзін үстідегі мұрағат бөлімінен ғана таба аласыз екен.  Онда Қайым Мұхамедханов туралы, Карлагтағы тағдыры туралы кітаптарды есептегенде бар – жоғы  14 кітапты құрады. Жеке папкаға жинақталған газет қиындылары, фото-суреттер бар. Оқырмандар залында Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын-шәкірттері» атты кітабы баршылық екен.  

Мектепте:  Қайым Мұхамедхановтың  кітаптарның саны 15.

Болашақ ұрпақ, біз Қайым мұрасын тануымыз үшін ол туралы осы бастан біліп, оқуға тиіспіз. Осы бағытта  Кітапханадан «Қайым Мұхамедханов тақырыбында қанша бала ізденеді, қанша бала оқып – білгісі келеді?» деген сұрақ туындап статистикалық мәліметтер жүргіздік. Кітапханадағы барлық оқырман саны 9746 оқырман. Соның ішінде Қайым Мұхамедханов тақырыбында  кітап алғандар  7658 оқырман.


Оқырмандар саны

9746

100 %

Қайым мұрасын оқушылар

8285

85 %

Оқымайтындар

1461

15%


Иә, көрсеткшітер саны өте төмен. 

Оқушылардың көбінің ғаламтор жүйесіне ойысқан деп алдаусыратсақ та, бұл өте төмен көрсеткіштер екені даусыз. 

№2. «Қайым  Мұхамедханов  туралы  не  білесің?”  деген  сұрақ  аясында мектептегі  950  респонденттен   сауалнамамызды алдық. Жүргізілген  сауалнама  көрсеткіші   



Рейтинг көрсеткіші бойынша  респонденттердің 62%-ы  «Қайым Мұхамедханов туралы не білесің?” деген  сұраққа «абайтанушы» деп  жауап берді.                         

Нәтижесінде, респонденттер қауымы  Қайым Мұхамедхановты-абайтанушы ретінде танитындықтары анықталды.   

Қазір Алматы мен Семей қаласында Қайым Мұхамедханов атында көше бар. Респонденттерге мектепке Қайым Мұхамедхановтың атын беру»  туралы сұрақ қойылды.      

Ғаламтордың өзінен Қайым Мұхамедханов туралы деректер аз, оның өзі қайталанып келеді. Осыған қарап Қайым мұрасын әлі де зерттеуді қажет ететіні байқалады.  

Сол себепті, осы олқылықтарды жою үшін өз ұсыныстарымда ұсынамын:

1. Қайым Мұхамедханов туралы оқушыларды ғылыми зерттеу бағытында ізденуге шақыру, Қарлагтағы тағдыры, Алаш қайраткеллері туралы зерттеу еңбектері, өлеңдері жайлы зерттеу жүргізу; 

2. Қайым Мұхамедханов туралы  әлі де іздену зерттеу насихаттау жұмыстарын  баспасөз арқылы жүзеге асыру; 

3. Ұлттық патриоттық сезімді бала бойында отбасынан бастап қалыптастыру жолдарын қарастыру;

4. Қайымтану курстарын ашу:

5. Мектеп мұражайында Алаш қозғалысы тарихы, Қайым Мұхамедханов туралы мәліметтерді жинақтап, сұрыптау, насихаттау; 

6. Қайым оқуларын  жоғары сынып аралығында өткізіп отыру: 

7. Қ.Мұхамедхановтың еңбектерін мектеп кітапханаларында санын көбейту, оған әр түрлі іс-шаралар арқылы оқырман қауымын қызықтыру; 

8.  Қ.Мұхамедханов  атындағы дәрісхананы құру, оны  жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықтау.

9. Қ.Мұхамедхановтың атына мектептер беру туралы мәселе көтеру

10. Қайым оқуларын,  конференцияларын өткізу

Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам Қайым Мұхамедханұлы. 

Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі -  Қайым Мұхамедханов мұрасы бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым  мұрасы - аса ыждахатты зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген.

Ұрпақ өзінің ұлттық мәдениетін жандандыру тұсында, Қайымның асыл шығармаларын оқып, оқып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адалдық, азаматтық, жайында жазған шығармаларына тереңнен бойлау, өзіндік талдау жасау, іздену- біздің міндетіміз. Жан-жақты дамыған жеке тұлға боламыз десек  ұлттық рухани тәрбие берерлік, патриоттық, адамилық қасиетке бай шығармалары бар Қайым шығармаларын оқиық. 

Келешек ұрпақ, біз сіздерді Абайды зерттеген Қайымның шығармалары мен әңгімелерін сүйсіне оқып тыңдауға шақырамын. Бұл біздің міндетіміз және парызымыз сынды. «Жеті атасын білмеген, жетесіз демекші» елі үшін күресіп, Абайдай ұлыны дәріптеп өткен ұлыларды ардақтай білейік. Келешек жастар Абайды, Қайым сияқты ұлы тұлғаларды  басқа да қазақ зиялы қауымын білмей жүрмейік! 

Қайым Мұхамедханов өмір бойы Абай өлеңдерінің дәлдігін қадағалап, қолынан келгенше бір әріпінің бұрмалануына жол бермеуге тырысты.  Қайым мұрасының зерттелуі заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.















Ұсыныс:
Кітапханаларда . ғаламтордың өзінен Қайым Мұхамедханов туралы деректер аз, оның өзі қайталанып келеді. Осыған қарап Қайым мұрасын әлі де зерттеуді қажет ететіні байқалады. Сол себепті, осы олқылықтарды жою үшін өз ұсыныстарымда ұсынамын: 1

. Қайым Мұхамедханов туралы оқушыларды ғылыми зерттеу бағытында ізденуге шақыру, Қарлагтағы тағдыры, Алаш қайраткеллері туралы зерттеу еңбектері, өлеңдері жайлы зерттеу жүргізу;

2. Қайым Мұхамедханов туралы әлі де іздену зерттеу насихаттау жұмыстарын баспасөз арқылы жүзеге асыру;

3. Ұлттық патриоттық сезімді бала бойында отбасынан бастап қалыптастыру жолдарын қарастыру; 4. Қайымтану курстарын ашу:

5. Алаш қозғалысы тарихы, Қайым Мұхамедханов туралы мәліметтерді жинақтап, сұрыптау, насихаттау;

6. Қайым оқуларын жоғары сынып аралығында өткізіп отыру:

7. Қ.Мұхамедхановтың еңбектерін мектеп кітапханаларында санын көбейту, оған әр түрлі ісшаралар арқылы оқырман қауымын қызықтыру;

8. Қайым оқуларын, конференцияларын өткізу.































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.

2. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.

3. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.

4.Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.

5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995.-9 тамыз

6. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.