СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Зияткерлік-шығармашылық сайыс

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зияткерлік-шығармашылық сайысы

Просмотр содержимого документа
«Зияткерлік-шығармашылық сайыс»












«WALL-E21К» зияткерлік-шығармашылық сайысы

«Гимназия тарихының жаңа 10 жылдығы» атты

мерейтойына орай

















Ұйымдастырушы: Рафикова Н.Р

Чайзатов М.С







2021-2022 оқу жылы

«Гимназия тарихының жаңа 10 жылдығы» атты мерейтойына орай, 5-6сынып оқушылары арасында «Валли21К» зияткерлік-шығармашылық сайысы

Сайыс мақсаты: Жасөспірімдердің ойлау қабілетін арттыру, қабілетті оқушыларды анықтау және жетілуіне мүмкіндік беру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Көрнекі құралдар: Презентация, музыка, видео мозаика,

Сайыс барысы:

І ұйымдастыру кезеңі. Музыка ойнап тұрады, жүргізушілер шығады.

Іжүргізуші:

Ежелден келе жатқан әдеп-ғұрпым,

Сәлем берем иіліп саған жұртым!

Қабыл алғын мұны бір ілтипат деп,

Қазақтың жалғастырар көне салтын.

Құрметті ұстаздар, көрермендер және білім алушылар!

ІІ жүргізуші:

Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған

Түлеп ұшты талай – талай азамат дей келе Гимназия тарихының жаңа 10 жылдығына орай, сіздермен бірлесе отырып, 5-6сынып оқушылары арасында «Валли21К» зияткерлік-шығармашылық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші:

Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікті шеше біл

Ең алдымен, ойынымызға төрешілік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтсем.

Әділ-қазылар:

Математика пәнінің озық ұстазы: Алақаева Айдана

Технология пәнінің қыр-сырын терең меңгерген ұстаз: Шарипхан Рысқулбек

Физика пәнінің ұлағатты ұстазы: Уалиқанұлы Ерасыл

ІІ жүргізуші: Сайыскерлер де көрермендер де дайын болса ойын ережесімен таныстырайын. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Таныстыру» (әр топ өзін таныстырады). 2 минут уақыт беріледі

ІІ кезең. Үй тапсырмасы: кез-келген қолжетімді материалдардан робот сұлбасын жасап әкелу, презентациялау.

ІІІ кезең. Пазл құрастыру.

ІҮкезең. «Ойлы болсаң озып көр» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру

Ү кезең. Лего бөлшектерден робот құрастыру

І жүргізуші:

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайыскерлерімізбен танысып алсақ.

І кезең «Таныстыру» (әр топ өзін таныстырады). 2 минут уақыт беріледі

Топтардың таныстыруы

5 «А» сыныбынан құралған команда

5 «Б» сыныбынан құралған команда

6 «А» сыныбынан құралған команда

6 «Б» сыныбынан құралған команда

ІІ жүргізуші:

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.

Осы сайыс арқылы сіздер логикалық ой-өрістеріңізді дамытып, шапшыңдыққа, жеке және топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа ұмтылатын боларсыздар деп үміттенемін.


ІІ кезең. Үй тапсырмасы: кез-келген қолжетімді материалдардан робот сұлбасын жасап әкелу, презентациялау.

5 «А» сыныбы

5 «Б» сыныбы

6 «А» сыныбы

6 «Б» сыныбы

І жүргізуші:

ІІІ кезең. Пазл құрастыру. Алдарыңызда жатқан пазл бөлшектерден жылдамдық таныта отырып фотосуретті шығару. Құрап болған соң команда капитаны мектепке өзінің жылы лебіздерін білдіреді.


ІІ жүргізуші:

ІҮкезең. «Ойлы болсаң озып көр» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру

Бұл кезеңде Сіздер робот техникасы курсында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бересіздер. Мұнда сұрақтарға дұрыс жауап беріп қана қоймай , жылдамдық таныту қажет

І жүргізуші:

Сұрақтар:

  1. Белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны не деп айтамыз. (Робот)

  2. Робот чех тілінен аударғанда қандай мағына береді? (robota – еріксіз еңбек, rob – құл )

  3. Роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған пәнаралық сала(РОБОТОТЕХНИКА )

  4. Робототехника қандай пәндермен байланысты? (Физика, математика, информатика )

  5. Дүниежүзілік роботтар олимпиадасын қалай атаймыз? (WRO- World Robot Olympiad )

  6. Бірінші дүниежүзілік олимпиада қай жылы қай қалада өтті? (2004 жылы Сингапурде )

  7. WRO футбол деген не? (Роботтар арасындағы футбол жарысы)

  8. Дүниежүзілік олимпиадада неше категорияда жарысады? (4)

  9. LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағының құрамы неше бөлшектен тұрады? (541)

  10. Түс датчигі неше түсті ажырата алады? (8түс)

  11. Роботтың айналу қозғалысын және оның бағытындағы өзгерістерді өлшейтін қандай датчик? (Гироскопиялық датчик )

  12. Ультрадыбысты датчик қандай қызмет атқарады? (Қашықтықты өлшейді, нысандарды анықтайды )

  13. Датчик деген не? (Әр түрлі ақпаратты өлшеуге арналған құрал)

  14. EV3 бөлшектері неше топқа бөлінеді? (4)

  15. Электронды құрамдас бөліктерге нелер жатады? (EV3 модулі, Датчиктер. Моторлар. Байланыстырушы кабельдер.)

ІІ жүргізуші:

Қосымша қызықты сұрақтар: Кино атауын тап.


  1. Ең үздік полицейлердің бірі қайтыс болғаннан кейін, эксперименталды дәрігерлер одан қылмыскерлердің бандасына қарсы күресетін, ешнәрсе әсер етпейтін киборг Роботты жасайды. Дегенмен, күшті қару-жарақтар роботты өткен өміріндегі ауыр азапты, үзінді естеліктерден құтқара алмайды. Ол үнемі түсінде қатал қылмыскерлердің қолынан өліп жатқанын көреді. Алдағы уақытта ол тек әділдікті күтіп қана қоймайды, сонымен қатар кек қайтаруды қалайды. РОБОКОП

  2. Бұл фильмде басты кейіпкер күндіз қарапайым бағдарламалаушы, түнде - хакер. Күндердің бір күнінде кейіпкер қорқынышты шындықты біледі. Онда оны қоршаған ортаның бәрі компьютерлік бағдарлама, ал адамдар - жасанды интеллект үшін қорек көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол адамдарды машиналардан құтқару үшін өзін таңдалып алынғандығын біледі. МАТРИЦА

  3. Бұл фильм болашақта өтеді (2035), онда роботтар қарапайым адам көмекшілері болып табылады. Бас кейіпкер - роботтарды «жақсы көрмейтін» полиция қызметкері, робот қатысатын қылмысқа қатысты істі зерттейді. Я РОБОТ

  4. Бұл фильмде көптеген ғасырлар бойы екі түрлі нәсілді өзге ғаламшар роботтарының арасындағы соғыс және сол соғыстың нәтижесінде ғаламның тағдыры шешілетіндігі туралы. Сонымен барлық оқиға жерде өтеді. Зұлым күштер жоғары биліктің кілтін іздеп жатқан уақытта, бізді құтқарудағы соңғы мүмкіндік жас баланың қолында. Қарапайым жасөспірім ғаламды және жерді құтқару үшін зұлым күштерге қарсы күреседі.ТРАНСФОРМЕРЫ

  5. Мультфильмінің басты кейіпкері робот. Ол біздің планетамызды қоқыстың үлкен көлемінен тазарту мақсатында жасалған. Ал адамдар жерді барлық қоқыстардан тазартылғанға дейін ғарышта өмір сүруге мәжбүр. Алайда, адамдар ғарыш кемесінде өте ұзақ өмір сүргендіктен, жердің бар екендігін ұмытып кетеді. Олар басты кейіпкер роботтың арқасында жердің бар екендігін еске түсіріп, онда өмір сүруге болатындығына көз жеткізгеннен кейін ғана жерге оралады. Ал робот осы оқиға барысында өз махаббатын кездестіреді.ВАЛЛИ



Іжүргізуші:

Ү кезең. Лего бөлшектерден робот құрастыру

Сайыскерлер лего бөлшектерден роботтар құрастырып болғанша сіздерге яғни көрермендерімізге бірнеше қызықты ақпараттар дайындадық


  • Робототехниканы Медицина, Білім беру,Өндіріс, Іздеу және құтқару операциялары, Әскери техника және қауіпсіздік,Зерттеу салаларында қолданады

  • Білім беру және зерттеу платформасы ретінде кең ауқымда қолданылатын роботтарды Nao деп атайды.

  • 1464 жылы Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құраған болатын.

  • EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны.« EV » ағылшын тілінен аударғанда « evolution » - « эволюция » деген мағынаны береді.

  • Уильям Грей Уолтер « Тасбақа » деп аталатын алғашқы автономды роботын 1949 жылы құрастырды, Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты оны «Тасбақа» деп атады.

  • Байқоңыр айлағынан Айдың топырағын зерттейтін, басқа ғаламшарда және жерсерігінде алғаш рет қашықтықтан басқарылған робот Луноход 1 аталды және 1970 жылы жылы ұшырылды


ІІ жүргізуші:

Құрметті жарысқа қатысушылар: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне таяп қалды. Олай болса, топтардың әділ бағасын хабарлау үшін әділ қазы алқаларын ортаға шақырамыз.

Іжүргізуші:

Таң шуақ тауелсіздік елімізде,

Бақ-даулет шалқи берсін жерімізде.

Аман –сау болайықшы көріскенше

ІІ жүргізуші:

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Марапаттарыңыз құтты болсын.
















Сайыс кезеңдерін бағалау критерилері:5 балдық бағалау


5 «А»

5 «Б»

6 «А»

6 «Б»

Критерилері

І кезең. «Таныстыру»





Топ атауы тақырыпқа сай болуы-1 балл,

Топтық форма-2 балл,

Презентациясы-2 балл


ІІ кезең. Үй тапсырмасы: кез-келген қолжетімді материалдардан робот сұлбасын жасап әкелу, презентациялау.






Роботтың қоршаған ортаға әкелетін пайдасы-3 балл,

Презентациялау-2 балл

ІІІ кезең. Мозаика құрастыру.






Жинау тездігі бойынша


ІҮкезең. «Ойлы болсаң озып көр» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру






Дұрыс жауаптар жиынтығы

Ү кезең. Лего бөлшектерден робот құрастыру






Орындаушылыққа жұмсаған уақыты-1балл, жалпы сипаты-2 балл, презентациялау-2балл

Барлығы:






Орындар:









Бас жүлде:

1 орын:

2 орын:

3орын: