Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного
использования.
Администрация сайта не
проверяет возможные ошибки,
которые могут встретиться в тестах.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ортаңғы «Ботақан»тобы
Өткізу күні 05.05.20 ж
Тәрбиеші: Қаби Арузат Нзарханқызы
Өтпелі тақырып: «Жайнай бер,Қазақстаным!»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Әжемнің қамзолы.
Мақсаттары:
1.Оқыту:Балаларды қазақтың ұлттық киімі - камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту.
3.Тәрбиелік: Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын менгерту,әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар:ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету:қазақтың ұлттық ою- өрнегі және қазақтың ұлттық киімі - қамзолдың суреті,ақ қағаз, фломастер, қылқалам, су.
Сөздік жұмыс: әшекей, әшекейлендіру.
Билингвальді компонент:қамзол-камзол,әже-бабушка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
«Оюды кұрастыр, атын ата!» дидактикалық ойыны.
Педагог балалардан қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінің атын білетіндерін сұрайды.
II.Негізгі бөлім
Педагог балалардың қазақтың қандай ұлттық киімдерін білетіндерін сұрайды. Қамзол жайында әңгімелеп, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аудартады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары, төмен қарайық,
Қос аяқтап секіріп,
Бойымызды жазайық.
Қамзолды салу үлгісіне қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді.
- Қамзолдың суретін салып, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен бояймыз, содан кейін жиегіне ою саламыз. Фломастермен қамзол жиегіне үшбұрыш тәріздес өрнек жасаймыз, қолымызды қағаз бетінен алмай салып жаттығамыз. Үлгіде көрсетілген ою-өрнектерді фломастермен жүргіземіз.
- Орамал, тақия, қамзол, шапан т.б.
Педагог ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп көмектеседі.
Билингвальді компонент:қамзол-камзол,әже-бабушка
III.Қорытынды
Балалар, сендер бүгін жұмысқа белсене қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңда
Список вопросов теста