СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Место работы

Шакинская СОШ

Обо мне

Мен, Абикенова Алуа Иманмадиевна, 1980 жылы дүниеге келдім, білімім жоғары, 2002 жылы Павлодардың «Қайнар» университетін педагог-психолог мамандығы бойынша аяқтадым.  Шақа жалпы орта білім беретін мектепте педагог-психолог болып 12 жыл істеймін. 2012 жылы ІІ біліктілік категориясын алдым.

Педагогика және психология негіздерінің теориясын жақсы білемін. Өз жұмысымды келесі бағыттар бойынша ұйымдастырамын:

-психологиялық диагностика;

-консультациялық жұмыс;

-коррекциялық-жетілдіру жұмысы;

-ата-аналармен жұмыс;

-педогикалық әріптестермен жұмыс.

Мектепке дайындықты анықтауға мүмкіндік беретін  дәстүрлі,  жаңашыл әдістемелерді қолдану арқылы болашақ бірінші сынып оқушыларының дайындық диагностикасын жасаймын, мұғалімнің тәжірибелік жұмысына арналған кеңестерді даярлап, ата-аналарға бала тәрбиелеу туралы кеңестер беремін. 

Әсіресе бірінші сынып оқушыларының адаптациясына  тренингтік сабақтар, мысалы,  «Қарым-қатынаста қиындықтары бар балаларға арналған коррекциялық ойындар бағдарламасы», бірінш сынып оқушыларына арналған «Түстік ойын-тренингі»   сияқты  тренингтік жұмыстарды ұйымдастырып, өткіземін. 

Оқушылардың когнитивті ортасын зерттеуді жүйелі өткіземін, 

Оқушылармен жүргізетін жұмыстардың негізгі формасы – жеке және топтық.  

Менің қызметімнің  елеулі үлесін жоғары сынып оқушыларының  мамандық таңдау жұмысы құрайды. Оқушыларға өз мүмкіндіктерін, ойлауын, зейін ерекшеліктерін, өзін-өзі тануға көмектесемін. Кейін білім алушыларды мамандықтар әлемімен таныстырамын. Мен өткізетін жұмыс түрлері түлектерге дұрыс бағыт таңдап, тиісті оқу орнына түсуге мүмкіндік береді. 

Педагог-психолог ретінде жұмысымның құрылымды бөлігін ата-аналармен жұмыс құрайды. Бұлар ата-аналар жиналысы, жеке және оптық консультациялар. Мектепішілік ата-аналар жиналысында «Назар аударамыз – суицид!», «Балаңызды қандай болса да жақсы көріңіз» деген баяндамалар оқыдым. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен «Сіздің балаңыз қандай?», «Отбасындағы мәселе баланың көзқарасымен» деген тақырыптарды жиналыстар өткіздім. 

Үнемі мұғалімдерге оқытуды жекешелендіру мен жас ерекшеліктеріне сәйкес бала тәрбиесі туралы психологиялық көмек бермін. 

Педагогикалық кеңесге, бастауыш сынып әдістемелігінің отырыстарына, әдісемелік семинарларға белсенді қатысамын. 

Жаңашылдыққа ұмтылып, тәжірибеде қолдануға, қол жеткізген белестерімде тоқтап қалмай, алға ұмтылуға тырысамын. 

 

Моё образование

Білімім жоғары, 2002 жылы Павлодардың «Қайнар» университетін педагог-психолог мамандығы бойынша аяқтадым.  Шақа жалпы орта білім беретін мектепте педагог-психолог болып 12 жыл істеймін.

Рейтинг

Баллов: рейтинг655 Место: место70910 (Подробнее)

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!