СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 "А" мектеп-гимназиясы" ММ
Мен Нургожина Гулбану Абикеновна 1975 жылы 9 қаңтарда Науырзым топырағында дүниеге келдім. 1982 жылы Науырзым орта мектебінің табалдырығын аттап, 1992 жылы мектеп бітірдім. 1992 жылы Қостанай педагогикалық училищесіне түсіп, 1994 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықтым. 1994-2001 жылға дейін Егінсай орталау мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі болып қызмет атқардым. 1999 жылы Қостанай гуманитарлық институтының сырттай бөліміне түсіп, 2001 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде диплом алдым. 2001 жылдың қыркүйегінен №5 «А» бастауыш мектебінде жұмыс жасап келемін.
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдың ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі»,- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев.
Қазіргі уақытта жас жеткіншектерге білім берумен қатар олардың мынау өмірге бейімделіп, осынау өмірден өз жолын таба білуіне көмек беру үшін қазіргі заманға сай мамандықтың қажет екені ақиат.
Қазіргі уақытта заман дамып, өмірімізге еніп, күн сайын қарқынды дамып жатқан технологиялардың күшіне ілесіп келе жатқанымызда жағадану үрдісімен келген қиыншылықтар көбейіп жатыр. Міне, осындай жас буын жеткіншектердің жүрегіне еніп, олардың сырлас досы, Қиналғанда қол ұшын беретін жанашыры болатын мамандықтың иесі болу менің арманым еді. Арманның жетегіне еніп, мен «мұғалім» деп аталатын мамандықты таптым.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да ұстаздар тәрбиелейді.
.
Білімі:
1992-1994 ж.ж. Қостанай педагогикалық училищесі бастауыш сынып мұғалімі (іштей)
1999-2001 ж.ж. Қостанай гуманитарлық институты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (сырттай)
Санаты: Жоғары білімді, жоғары деңгейлі