6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.

ҚМЖ

Пән География

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны:

Мектеп: Сәтбаев қаласы. « №1 мектеп-гимназиясы» КММ.

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбауова Г.С.

Сынып:6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

6.3 Табиғатты қорғау

Оқу мақсаттары/ ұзақ мерзім жоспардан

6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы-экологиялық мәселелердің пайда болу себептерін қарастырып, шешу жолдарың ұсынады

Оқушылардың көпшілігі- су, энергия ресурстарын және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жолдарын атайды.

Оқушылардың кейбірі- өз өлкесіндегі экологиялық мәселелерді талдап эссе жазады.

Бағалау критерийлері

Оқушы Экологиялық мәселелердің пайда болу себептерін анықтайды.

Табиғатқа кері әсерін азайтудың тиімді тәсілдерін, шешу жолдарын ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

Барлық оқушылар: Пән бойынша сауатты сөйлеу мен –өзінің бағалау дағдысын дамыту үшін жауаптарды толық және нақты беруге, өз ойларын еркін айтуға дағдыландырады.

Пәнге тән терминология

Экология- ecology

Энергия-energy

Су ресурсы-водный ресурс-water resource

Мәселе-проблема- problem

Тұрмыстық қалдық- бытовой отход- household waste

Пәндік терминология

Экологиялық мәселелер, тұрмыстық қалдық, атмосфераның ластануы, ауыз суының сапасы

және оның жетіспеушілігі, электр энергиясы

Құндылықтарды қалыптастыру

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында: Еліміздің бүкіләлемдік, экологиялық проблемаларды шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы. Мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу. Патриотизмді дамыту.

Пәнаралық байланыс

Биология, тарих.

Алдынғы білім

5.6.3.2 -өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу

Сабақ барысы

Уақыт/

Сабақ кезеңдері

Сабақтың басы

8 мин

3 мин.

5 мин.

Сабақтың ортасы

22 мин.

4 мин.

4 мин.

4 мин.

2 мин.

6 мин.

Сабақ соңы

10 мин.

7 мин.

3 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті (мақсатқа қалай қол жеткіземін?/

Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері»

Мұғалім сөзі:Шеңберге тұрып бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, күлімдеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық.

«Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін тексеру.

1.Экология нені зерттейді? 2. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?

3. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?

4. Өзің тұратын жерінде қандай экологиялық проблемалары бар? 5. Табиғатты қорғаудың қандай әдіс тәсілдерін білесіңдер? 6. Экология ғылымының негізгі міндеттері?

Жаңа сабақ.

«Ой қозғау»стратегиясы жаңа тақырыпты бейнеролик көрсету арқылы ашады.

Bilimland.kz-сайтын қолданамын.

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qorshahan-ortany-qorhau

Тұрмыстық қалдықтар жайлы видео ролик

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip

Жұптық жұмыс

«Екі бұрыс, бір дұрыс» тәсілі

Оқулықпен жұмыс жасай отырып,екі бұрыс, бір дұрыс жауабы бар тест құрап жанындағы сыныптасымен бөлісіп сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

  • Экологиялық мәселелер туралы тест.

Дербес жұмыс.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында

«Бір минуттық әңгіме» тәсілін қолданамыз.

«Интербелсенді тақтада» қоршаған ортаның экологиялық ахуалдық суреттері беріледі.

Сол суреттерге қандай атаулар берер едіңіздер?

Өз ұсыныстарыңызды айтып оған қысқаша түсініктеме береді.Қысқаша эссе жазады. болады.

Дескриптор:

  • Қоршаған ортаның экологиялық ахуалдық жағдайы
  • Су ресурстарын,энергияны үнемді пайдалану
  • Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
  • Өз өлкесінің экологиялық проблемаларды талдап эссе жазады.

Топқа біріктіру.Шеңбер тәріздес түрлі түсті стикерлерді таңдап алу арқылы оқушыларды біріктіру

1 топ-Экология,

2 топ- Табиғат,

3 топ-Энергия

Топтық жұмыс.

«Кластер» әдісі. Тұжырымды ойларын постерға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады.

Дескриптор:

  • Экологиялық мәселелерді,пайда болу себебін анықтайды.
  • Шешу жолдарын ұсынады
  • Табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың жолдарын айтады

Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың алған білімдерін саралау мақсатында берілген сөйлемдерді аяқтауға тапсырма беремін.

Менің ойымша, жергілікті ауданның экологиялық мәселесі………………………болып табылады.

Бұл экологиялық мәселе мені көп толғандырады, себебі…………….

Экологялық мәселерді шешудегі менің үлесім………….

Мені ойымша, бұл салдар… …………………алып келу мүмкін.

Сонымен, менің ауданымның экологиялық мәселесі………….…

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Мұғалім:«Чемодан Себет Еттартқыш»

стратегиясы арқылы өз пікірлерін жазуды ұсынады.

бүгінгі сабақ бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар, ( не екенін жазыңыздар),

ақпараттың ішінде өзіме қажет, әлі толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар

Ал бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (оның не екенін жазыңыздар

Оқушының іс-әрекеті/

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар бейнеролик көреді.

Тест сұрақтарын құрастырып,жанындағы жұппен алмасады.

Экологиялық мәселелердің пайда болу себептері

Постер қорғайды.

Экологиялық мәселелерді шешу жолдары

Табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың ұтымды жолдары

Сөйлемдерді аяқтап жазады.

Өз ойларымен бөліседі.

Бағалау (әдіс-тәсілдер/ / стратегия)

Ауызша бағалау: «Жарайсың!»

«Бас бармақ» әдісі

Бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Саралау тәсілдері (қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?/ қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?)

«Кластер қорғау» әдісін оқушылардың білімін жүйелеу мақсатында пайдаланамын.

Төменгі деңгейлі оқушылар-Экологиялық мәселелердің пайда болу себептерін біледі

.

Орта деңгейлі оқушылар- пайда болу себептерімен шешу жолдарын айтады.

Жоғарғы деңгейлі оқушылар-қоршаған ортамыздағы ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімді жолдарын ұсына алады.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

06.11.2018 18:22


Рекомендуемые курсы ПК и ППК для Вас