СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай

«Тараз қаласы әкімдігінің №34 орта мектебі»МКМ-нің оқушылары арасында өткізілетін

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
    1. Бірінші мектепішілік « Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл» атты байқауға (бұдан әрі – Байқау) Тараз қ. №34 орта мектебінде 2019 жылдың 16 қыркүйегі мен 22 қыркүйегі аралығында 2-4, 5-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
    2. Байқау – оқушылардың Абай Құнанбайұлының поэзиялық немесе прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтетін іс-шара. Байқау аясында оқушыларға олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні қазақ тілінде дауыстап оқу тапсырылады.
    3. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
  • «ҚР Тілдер туралы Заңын» жүзеге асыру;
  • Қазақ халқының мол әдеби-мәдени мұрасын жаңғырту;
  • Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, философ, реалист ақын, гуманист ақын, композитор Абай Құнанбайұлының ұлы мұрасын насихаттау.
  • Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау;
  • Оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
  • Дарынды, қабілетті балаларды анықтау, өз таланттарын көрсетуге жағдай жасау.
  1. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

2.1. Байқауды ұйымдастырушы – Тараз қаласы №34 орта мектебінің әкімшілігі.

2.2. Байқауды ұйымдастыратын және жүргізетін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлер, мұғалімдер, сынып жетекшілер.

2.3. Байқаудың әділ қазылар алқасы мектеп әкімшілігі бекіткен құрамнан тұрады.

2.4. Байқау 1 кезеңнен тұрады.

  1. Байқаудың шарты

3.1. Байқауда Абай Құнанбайұлының поэзиялық немесе прозалық шығармаларын жатқа оқу;

3.2. Бір оқылымының регламенті 3-5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысын жазуға болмайды. Қатысушылар шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы тиіс.

3.3. байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

  1. Бағалау

4.1. байқау қатысушыларының мәнерлеп бағалаудың негізгі критерийлері:

- таңдап алған шығарманың өзіндік ерекшеліктері;

- сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы)

- мәтіннің мазмұндық құрылымын сезіну;

- актерлік шеберлік;

- орындаушының сырт келбеті;

- шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі, сәйкестігі.

4.2. Қатысушылар 10 баллдық жүйемен бағаланады.

  1. Байқаудың мерзімі мен кезеңдері

2019 жылдың 16-22 қыркүйек аралығы

  1. Марапаттау

Байқаудың жеңімпазы болып жоғары ұпайлары бойынша қазақ тілде оқытылатын және орыс тілде оқытылатын сыныптар арасынан сәйкесіншее үш қатысушыдан таңдап алынады. Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталады.

01.10.2019 06:56


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!