СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Авторлық бағдарлама тренері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Элективті курс жөнінде мағлұматтар алуларыңызға болады. Әртүрлі тақырыпта авторлық бағдарлама жазуға көмектесемін. Ашық сабақтар туралы сұрақтарыңыз болса, ол жөнінде жеке номеріме хабарласып сұраңыздар. 87089497024. ватсап номер 87051773380

Авторлық бағдарлама қолөнерді меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс -тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың қолөнерге деген ынтасы артады. Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы - оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру.Үйірмеде алған білімдері мен өнерлерін өмірде қолдана білуге жаттықтыру. Сұлулықты сүйе білуге, өнерлі болуға ұмтылдыру.

Мектептерде өтілетін қолөнер үйірмелері бойынша жаңа оқыту технологиясын қолдану жолдарына бағыт береді.

Курс өзектілігі -

  • Оқушылар қалдық заттарды жүзеге асырады, өз туған жерінің табиғатын аялауда, қорғауда деген экологиялық тәрбиені күшейтеді;
  • Экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуда өз әрекетін көрсетеді;

Әр баланың қызығушылығын болашақ мамандығына бағыттайды, бағдарлама бойынша алған тәжірибесін тұрмыста пайдалана білу дағдысын қалыптастырады.

Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді.

Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан қолөнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.

Қолөнерге қызықтыру үшін кез-келген бұйым туындыларының жасалу құпия тарихын ашып көрсетейік, «Жас келсе іске» дегендей -

«Еңбек- ширатады,

Өмір - үйретеді».

«Білім - асыл қазыналы сандық,

Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, металл, изолон, ағаш, тоқыма құрастыру т.б. әсем, түрлі бұйымдарын жасауға қызығады.

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады.

Көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан басты экологиялық проблемалардың бірі — қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс мәселесі. Қазіргі уақытта мұндай қалдықтардың 97 пайызы алдын ала сұрыпталмай, санитарлық стандарттар талаптарына сай емес, бейімделмеген қоқыс алаңдарына шығарылады.

Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр.

Бұл бағдарлама қолөнерде жаңа технолгиядағы дизайнда қалдықтармен жұмыс жасау әдістемесіне байланысты бала психологиясының теориялық және практикалық негіздеріне арналады.

Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және көркем еңбек сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді. Шәкірттерімнің шығармашылық жұмыс нәтижесінде әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

10.06.2024 16:17