СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Білім беру прадигмасының өзгеруі жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ

Ақтөбе облысы филиалы

«Білім беру прадигмасының өзгеруі жағдайында мектепке дейінгі

тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының

сабақтастығын қамтамасыз ету»

тақырыбындағы біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларының өзіндік жұмыстары

Тақырыбы: «Болашақ бірінші сынып оқушысына мектепалды даярлық қажет пе?»

Орындаған: Лекерова А.А.

Курс мерзімі: 14.08. – 25.08.2017ж

Тыңдаушылар санаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері

Курс жетекшісі: Култаева Л.А.

«Болашақ бірінші сынып оқушысына мектепалды даярлық қажет пе?»

Мектепке бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу баладан дайындықты талап ететін күрделі еңбек. Мектеп болашақ бірінші сынып оқушысына өз мінез құлқын, ерік-жігерін басқару, ережеге бағыну, ортаға бейімделу секілді көптеген талаптар қояды. Сонымен қатар, бала мектепке психологиялық тұрғыдан да дайын болуы керек. Осыдан барып мектептегі даярлық топтарында қандай қиындықтар туады деген сұрақ ойға келеді.

Мектепалды даярлықты оқыған бала мектеп тәртібін түсінеді, партада отыру, сәлемдесу мәдениетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, оқу процесі жүзеге асыралады. Сонымен қатар баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен өзара байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Мектепалды даярлық топтағы балалар әр нәрсеге әуестігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейінде қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыру қажет.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», -дейді. Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.

В.Ф.Одоевский мектепте дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деген.

Баланың ойлауы, қабылдауы, зейіні белгілі бір проблемалық жағдайлардың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығынан өзіндік ақыл-ой позициясымен ерекшеленеді. Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неге?», «неліктен?» деген сан сұрақтар мазалайды. Баланың мектепке психологиялық дайындығымен қоса, дәстүрлі түрде тән болған кейбір арнаулы білімдер мен дағдыларды-тіл дамыту, сауат ашу, математиканың қарапайым ұғымдары, бейнелеу өнері мен әуен сазын сезіну, меңгеру айырықша орын алады. Мектепке дайындықтың нәтижелі болуы баланың айналадағы болмыста кездесетіндердің елеулілерін бөліп алып, оларды салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білуін, пікір айтуды үйреніп, құбылыстардың себептерін ашып, оларға қорытынды жасай білуі тиіс. Осы мәселелерді анықтау мақсатында арнайы мектеп алды даярлық тобына ойлауын, қабылдауын, зейінін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді.

Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді.

Сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын қанаттандырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Даярлық сыныбына баратын кез-келген баланың ата-анасы, мұғалімі оның жазып,санауына ғана көңіл бөліп қоймай, заттарды салыстыра білуді, талдауды,ойлай білуді үйретеді. Демек, болашақ бірінші сынып оқушысына мектепалды даярлық қажет дей отыра өз эссемді төмендегі жыр шумағыммен аяқтағым келеді.

Даярлықта оқып, жаздым әуелі,

Оқу атты жеміс тердім мәуелі.

01.10.2017 08:59


Рекомендуем курсы ПК и ПП