СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Тарих, Мәдениет және Өркениет. Үш сөз, үш ғылым, үш ұғым. Сөздердің мәніне терең үңілген адам, бұл ұғымдардың бір-бірімен тығыз байланысып, астасып жатқанын аңғарса керек. Тарих ғылымы – жер бетіндегі ірілі-ұсақты оқиғалар, халықтар мен ұлттардың қалыптасып, даму жолын оқытса, сол тарих іздерінен түрлі өзгерістерге түсе отырып, толығып, дамып, күні бүгінге жеткен Мәдениет жолдарында танып білеміз. Ал, сан алуан халықтар ғасырлар бойы жиған сол мәдениеттерді жалпылама Өркениет ұғымына сыйғызуға болады. Тарихы, мәдениеті жоқ халық болмайды. Кез-келген ұлт пен ұлыстың басынан өткерген ғұмыр жолдары, төл-тума мәдениеттері бар. Сол адамзат Өркениетіне өз үлесін қосқан халық ретінде ҚАЗАҚ ұлтын айтуға болады. Біздің халқымыз, осы күнге дейін талай «тар жол, тайғақ кешуді» басынан өткергендігін кәрі тарих бізге жыр қылып айтып беруде. Көне тарихқа көз салсақ, жерімізде қандай қоғамдар мен мемлекеттер болғандығын, түрлі мәдениеттердің тоғысқанын көруге болады. Сақ пен Ғұн, Түркі-Монғол кезеңдерін басынан өткеріп, ҚАЗАҚ болып ұйысқан ұлтымыз, сол жолда көне Тәңірлік ұстаным мен Ислам құндылықтарын ұштастыра отырып, өзіндік дара мәдениет жолын қалыптастырды. Біз бүгінгі заман биігінен көз салсақ, халқымыз қол жеткізген мәдениеттің ешбір халықтан кем емес, керісінше озық екенін аңғарар едік.
© 2020, Кайырбекова Улбосын Кайырбековна 187